Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

б) конструктивті шешімнің үнемділігі;

Поиск

б) конструктивті шешімнің үнемділігі;

в)архитектура-көркемдеушешімдергежіберілетін қаражаттың үнемділігі.

 

СӨЖ-ге арналған бақылау сұрақтары (1-тақырып):

1) әдебиеттерден ғимараттарының негізгі жобалауы туралы мәлімет алу

2) әдебитеттерден ғимаратарына қойылатын талаптар туралы мәлімет алу

 

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Маклакова Т.Г., Нанасова С.М.Конструкции гражданских зданий. Изд. АСВ, Москва, 2004 г.

2. Шерешевский И.А.Конструирование гражданских зданий, Москва, Изд. «Архитектура С», 2005 г.

 

№3 дәріс.Тақырып: Ғимараттардың тағайындалуына және капиталдылығына қарай бөлінуі.

Дәріс жоспары:

1. Өнеркәсіптік ғимараттардың классификациясы.

2. Өнеркәсіп ғимараттарын жарықтандыру мен ауа алмастыру.

3. Дірілдету мен шуылға қарсы күрес.

 

Өнеркәсіп ғимаратының көлемдік-жобалық және конструктивтік шешімі олардың бекітуіне байланысты технологиялық процестердің сипаттамасын орналастыру және едәуір әр түрлілігімен ерекшеленеді. Бұндай ғимараттарды келесі белгілері бойынша жіктейді.

1. Аралықтардың саны бойынша – бір аралықты және көп аралықты бір қабатты өнеркәсіп ғимараттар.

2. Қабаттар саны бойынша – бір қабатты және көп қабатты.

3. Көтергіш-транспорттық құрылғылары бар болуына байланысты – крансыз және кранды (көпірлі крандар немесе аспалы көпір).

4. Жабын схемасының конструктивтілігі бойынша – жазық қаңқалы (арқалық, фермалық, қаңқалық, арқалық жабындыларымен), кеңістік қаңқалы (жалаң немесе екі жақты қисықты, бүкпе жабындылар қабатымен), әр түрлі типті аспалы, қиысқан, пневматикалық, сонымен қатар ауа тірегіштік және ауа көтергіштік.

5. Негізгі көтергіш конструкциялардың материалы бойынша – темір бетон қанқасымен (құрамалы, монолиттік, құрама-монолиттік), болатты қанқамен, металлдық немесе ағаш конструкциясының жабындысымен.

6. Жылыту жүйесі бойынша – жылытылмайтын және жылытылатын.

7. Желдету жүйесі бойынша – қоршалатын конструкциядағы арнайы ойық арқылы табиғи желдетумсен немесе аэрациямен; желдеткіш көмегімен және ауаағар жүйесі арқылы жасанды кіру-сорып шығару желдеткіші; ауаны кондиционерлеумен, яғни берілген ауалық ортаның (температура, ылғалдылық, ауа тазалығының дәрежесі) параметрін тұрақтандыратын жасанды желдеткіш.

8. Жарықтандыру жүйесі бойынша – табиғи, жасанды немесе қатар қолданылатын(интегралдық) жарықтандырумен.

Жабындының кескіні бойынша – шам құрылыстарымен немесе оларсыз. Шам құрылыстары бар ғимараттарды аэрация немесе табиғи жарықтандыру мақсатында жасайды.

Өндірістік орындарында ауа қозғалысы бойынша «ауа тазарту» табиғи және жасанды немесе механикалық болып бөлінеді. Өндірістік орындарда ауаның табиғи тазаруы ішкі және сыртқы ауаларының меншіктік салмағынан және жел әсерінен ауа алмасуының нәтижесімен жүзеге асады. Ауаның орын ауыстыруы үшін жасанды тазарту кезінде электр энергиясын пайдаланады.

Бөлмедегі ауаны табиғи тазарту келесі факторлардың нәтижесінде жүзеге асады:

а) инфильтрация,яғни саңылау арқылы, қоршау конструкциясының тығыз еместігенен және сол қоршауды дайындауда қолданылған материалдардағы кеуектері арқылы өтуі;

ә) желкөз, фрамуг, терезе, есік және қақпа арқылы басқарылуы ұйымдаспаған ауа алмасу;

б) аэрациянемесе басқарылуы ұйымдаспаған табиғи ауа алмасу.

Егер ғимараттар капиталды қабырғамен немесе тұйық бөлулермен жабындыға дейін жететін немесе сыртқы қабырға бойынша тұрмыстық немесе әкімшілік бөлмелер қосқан кезде жеке бөлмелерге бөлінсе, аэрация жұмысы қиындайды. Бұл жағдайда жасанды ауа тазартудыпайдалану тиімді.

Техникалық және инженерлік қондырғылардың жұмысынан туындайтын шу маңызды өндірістік зақым болып саналады. Егер шу 15-20 дБА-ға артса, еңбек өнімділігі 10-20 %-ға дейін төмендеп, өндірістік жарақат ұлғаяды, кәсіптік ауруларға шалдығулар пайда болады.

Ұзақ уақыт бойы шудың әсері есту өткірлігін төмендетпей, 1,5 м жерде сөйле тұрған адамды анық түсінуіне бөгет етпейтін шудың деңгейін санитарлы-техникалық нормасыменрұқсат етіледі.

Өндірістік бөлмелеріндегі жұмыс орындары мен кәсіпорын территориясындағы жиіліктің октавты сызықтарындығы дыбыстық қысымның рұқсат етілетін мөлшері, дыбыс және Дба-дағы эквивалентті дыбыс мөлшері МЕСТ-те келтірелген.

Шуды техникалық нормалау– санитарлы-гигиеналық нормалауды орындайтын машина, қондырғылардың, құрылыс және басқа объектілердің сипаттамаларының шектеулерінің жүйесі. Санитарлық нормаларға қарағанда машиналардың барлық түрлеріне бірыңғай техникалық нормалауды енгізу мүмкін емес, себебі бұл нормалауды нақты техникалық сипатын ескере отырып бекітеді. Өнеркәсіптік ғимараттарының көлемді-жобалау және конструктивті шешімдеріне өндеріс технологиясы мен өндірістіке орта маңызды әсер етеді.

Осы өндірістік орта тек физика-техникалық аспекті, яғни кеңістік деп қана емес, сонымен қатар оны толтырып тұрған ауалық орта, жарық және дыбыс режимі деп те түсінеміз.Өндірістік орта көлемді-жобалау мен конструктивті шешімдер арқылы ғимарат пен өнеркәсіп орнының сыртқы келбетіне түгелдей әсер етеді. Көп өнеркәсіпті кәсіорындарының сыртқы келбетіне қарап оның қай мақсатта қолданылуын, және де конструкция материалдары мен конструктивті жүйесін ескере отырып, конструкцияны қайда қолдану керектігін оңай анықтауға болады. Басқа сөзбен айтсақ, өнеркәсіп ғимараттарының сәулетінде сәулеттің функционалды (технологиялық), техникалық және шығырмашылық салалары арасында өзіндік қатынас заңдылығыбайқалады.

Өнеркәсіп ғимараттарының жобалау шешімі бөлмелерінің метеорологиялық режиміжәне ауалық ортаның зияндылық деңгейіндегі сипатына байланысты.

Меторологиялық тәртібі және бөлменің ауалық ортасының сипаттамасына байланысты өндірістік ғимараттарды жеке топтарға немесе аумақтарға (егер технологиялық үрдісте рұқсат етілсе) біріктіреді.

Сондай-ақ конструкциялық шешімнің қысқаруын қол жетеді. Бұндай аумақтандыру дыбыстық тәртіпте жүзеге асады.

 

СӨЖ-на арналған бақылау тапсырмасы

1. Әдебиет көздерінен өнеркәсіп ғимараттарының архитектура- жобалық белгісі бойынша классификациясымен танысу.

2. Әдебиет көздерінен өнеркәсіп ғимараттарының турімен танысу.

 

Ұсынылатын әдебиеттер

1. СНиП РК 3.02.-01-2001 «Жилые здания».

2. ГОСТ 21.501-93 Правила выполнения архитектурно – строительных рабочих чертежей

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 9; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.15.186.78 (0.01 с.)