Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
дәріс.Тақырып: Ғимараттардың қабырғаларыСодержание книги
Поиск на нашем сайте
Ұсынылатын әдебиеттер 1. Ю.М. Баженов, Л.А. Алимов и др. Проектирование предприятий по производству строительных материалов и изделий. Учебник.- М, Издательство АСВ, 2005, - 472с с илл. 2. Горяйнов К.Э. и др. Проектирование заводов железобетонных изделий. - М.: Высшая школа, 1970. - 345 с 3. Домбровский В.Д., Конгольд В.А. Проектирование предприятий сборного железобетона. - Киев: Будивельник, 1978. - 328 с. СДЖ арналған бақылау тапсырмалары (1 тақырып) [6,7,12,14] 1. Бас жоспарды жобалау негіздері. 2.Өнеркәсіптік құрылысқа арналған бас жоспар. 3. Су шаруашылығы құрылысына арналған бас жоспар.
Дәріс жоспары 1.Қабырғалардің түрі 2.Қабырғаларға қойылатын талаптар.
Өнеркәсіптік ғимараттардың қабырғасы азаматтық ғимараттың қабырғасына қарағанда көп кешенді күштеме әсеріне тап болады. (сурет 27.1). Сондықтан өндірістік ғимараттың конструктивті шешіміне өте қатаң тәртіптер
Сурет 2 Өндірістік ғимараттардың тік қоршамасына әсер ететін ішкі әсерлер 1 — үстіңгі бөліктерден түсетін күштеме, 2 — желдің қысымы, 3—4 — сыртқы және ішкі ауаның температурасының әсері; 5, 6— бөлмедегі ауа ылғалы мен атмосфералық ылғалдың әсері; 7,8 — сыртқы және ішкі ауада болатын химиялық бөлшектердің әсері; 9 — күннің радиациясы; 10 — жылудың әсері; 11— дыбыс; 12 — дірілдетудің динамикалық күштемесі және күші; 13 — микроорганизмдер
Жабын мен беттік қабырға ғимараттың ішкі қабатын түрлі әсерлерден қорғайды. Ғимараттың конструктивті схемасына және жұмыстың статикалық түріне байланысты көтергіш, өздігімен көтергіш және аспалы деп бөлінеді. Көтергіш қабырғалар жабынның өз салмағын қабылдайды және кейбір жағдайда көтергіш көлік құралдарының салмағын қабылдайды. Өндірістік құрылыста несущие қабырғаны өте сирек пайдаланады, құрылғысы үшін кірпіш, ірі және ұсақ блоктарды пайдаланады. Өздік көтергіш қабырғалар өздік салмағын қабылдайды, желдің әсерін иілгіш және сырғымалы байланыстың көмегімен каркасқа беріледі. Өздік көтергіш қабырғаларды ірі панельдер, блоктар және тас материалдары түрінде өндіреді; бірінші шешім-тиімдірек. Аспалы қабырғалар көп қабатты ғимараттың бір қабатында желдің әсері байқалады. Бұл қабырғалар негізінен қоршауыш конструкциялардың ролін атқарады, себебі өз массасын тірек болат үстелдері және байлам балкалары арқылы каркасқа жіберіледі. Қыздырылатын ғимараттың тасты беттік қабырғасының қалыңдығы жылутехникалық шарттарға байланысты 250-510 мм құрайды. Бүйір қабырғасының желдік күштеменің әсеріне төтеп беруін ұлғайту үшін пилястр орналастырады. Аспалы қабырға үшін көп қабатты ғимараттарда фахверка орнатады, болат тіректен, ригельден құралған каркас ғимараттың жабын аралық каркасына бекітеді. Бұл жағдайда аспалы қабырғаны жеке бөліктерге бөледі.
Сурет 3 Көп қабатты өндірістік ғимараттың аспалы қабырғасының конструктиті шешімі: а — қас бет бөлігі, б — қабырға конструкциясы; 1 — фахверка колоннасы, 2 — полистирол, 3 — газды бетон тақтайшасы 50 мм, 4 — ауалық қаттама 40 мм, 5 — әкті штукатурка 20 мм, 6 — кірпішті қалам, 7 — жолақты болат 20 X 5 мм, 8 — продух, 9 — ригель Өндірістік ғимараттың қабырғасына арналған ірі блоктардыжеңіл немесе ұяшықты бетондардан дайындайды (керамзиттібетон, гравийлі бетон). Құрылыс болатын аймаққа байланысты сыртқы қабырға блоктарының қалыңдығын 300, 400 және 500 мм, ал ішкі қабырға үшін 300 мм. Унификациялау мақсатында қабырға элементтерін және панельдердің биіктігі 0,9; 1,2; 1,5 және 1,8м, ұзындығы бойынша колонна қадамына 6 және 12 м тең (Сурет 4) Қабырға панельдерінің унификациясы ғимараттың негізгі унификациясымен тығыз байланысты. Төменгі қабырғалық панельдерді фундаментті балкаға бекітеді, төменгілерді бірінші қабаттың еденінен 30 мм төменде бекітеді. Бұл жағдайда цокольді панельдер ұяшықты бетоннан дайындалған және атмосфералық әсерлерден қорғалмаған (мысалы, цемент илемімен тегістелмеген) қабырғаның бүйір қабырғасын кірпіштен жасайды.
Сурет 4 Қыздырылмайтын ғимараттың қабырғасына арналған қырлы темірбетон панельдері: а — қабырғалардың қиылысу панельдері, б — қабырғалық панельдер Каркасты ғимараттың аспалы қабырғасы кірпіштен және жасанды тастан құралған жағдайда оларды колонна алдына орналастырып фундаментті байламды балкаға бекітеді, себебі олар колоннадан шығыңқы болады. (Сурет 5). Сыртқы қабырғаның мұндай орналасуы каркас элементтерін атмосфералық әсерден және сыртқы ортаның температурасының өзгерісінен қорғайды.
Сурет 5 Бір қабатты өндіріс ғимаратының Аспалы қабырғасының конструктивті шешімі: 1 — байлам балкалары, 2 — пилястра, 3 — колонна, 4 —колонна консолі, 5 — көтергіш қабырға, 6 — кранасты балка, 7 — каркас колоннасының фундаменті
Қазіргі заманға сай құрылыста негізінен құрамалы темірбетон каркастарын қолданады. Конструктивті шешіміне байланысты колонналарды біртармақты және ектармақты деп бөледі, ғимараттың орналасуына байланысты соңғы, ортаңғы және бүйір қабырғаға орналасқан деп ажыратады. Екі тармақты темірбетон колонналарының аралығы 24, 30 және 36 м, колонна қадамы 6 және 12 м жүк көтергіштігі 75/20, 100/20 және 125/20 т болғанда шешімдері өңделді. Колонна градациясы биіктігі бойынша қысқа модульді 600 мм. Биіктігі еденнен көтергіш конструкцияның түбіне дейінгі арасы 9,6 м, көпірлі кран болмаған жағдайда 400X400, 500X500 және 600x500 мм колонна қиылысын қолданады. Қиылысы 400Х400 мм ортаңғы көтеруші конструкцияның тірек жабынының бүйірінде екі консоль болады. Колонналардың қиылысуы аралық өлшеміне және оның санына, колонналардың қадам көлеміне, стропильасты конструкцияға, аспалы көлікке және жабынның конструктивті шешіміне байланысты. Өндірісті ғимараттарда негізгі каркас колонналарының аралығында, қабырғалық панельдердің шекті ұзындығынан асқан жағдайда қосымша каркас орнатады, әдетте оны фахверк деп атайды. Фахверк темірбетон болат ригельден, ал кейбір жағдайда раскостан құралады. Ірі панельді қабырғада және құрамалы темірбетон каркастарында фахверк тек қана тік элементтерден- темірбетон немесе болат колоннадан тұрады.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.15.18.73 (0.01 с.) |