Дәріс №12. жылуизоляциялық материалдар мен бұйымдар.
Дәріс №12. Жылуизоляциялық материалдар мен бұйымдар.
Дәріс жоспары.
1. Жылуизоляциялық материалдар мен бұйымдар туралы жалпы түсінік
2. Жылуизоляциялық материалдардың жіктелуі
3. Жылуизоляциялық материалдар мен бұйымдардың құрылымы мен касиеттері
Ғимараттардың қоршау конструкцияларында, өндіріс және энергетикалық жабдықтау орындарында және жылу жүретін қүбырларда жылу сақтау үшін қолданылатын қүрылыс материалдарын жылу изоляциялық материалдар деп атайды.
Мүндай материалдардың жылу өткізгіштігі төмен болып келеді (0,18 Вт/м-°С шамасында) және оның аз мөлшердегі тығыздығы (600 кг/м3-тен артық емес). Осындай жылуды өткізбей, оны сақтайтын материалдардың қолданылуы күрылыс саласындағы техникалық прогреске жатады. Халық шаруашылығындағы мүндай материалдардың қолданылуы энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалануға жәрдемін тигізеді.
Жылу изоляциялық материалдардың көмегі арқасында жеңіл қабырғалық панельдер жасалынады. Бұл жұмыстар құрылыс саласын индустрияландыру деңгейін көтеруге жағдай жасайды.
Жылу қондырғыларын, технологиялық аппараттар және жылу құбырларын изоляциалау үшін жылу изоляциялық материалдардың қолданылуы тиімді болып есептеледі. Азаматтық тұрғын үй құрылыстарында жылу изоляциалық жұмыстардың қолданылу үлесінің көлемі 1% шамасында, өндіріс құрылыстарында 1,8%-ға дейін көтерілді, электр станциялар және мұнай-химиялық объектілердің құрылыс жұмыстарында 2,5-3%-ке дейін көтерілді
Бұл кезде жылу изоляциялық материалдарды пайдалану арқылы жылуды жоғалтуды азайту арқылы отын шығынын азайтуға, технологиялық үрдістердің қарқынды өсуін жәнееңбектің өнімділігі мен жағдайын жақсартуына себеп жасайды. Сонымен қатар жылу изоляциялық материалдардың өртүрлі мүздатқыш қондырғыларда суықтың шығын-дарын төмендетудің маңызы жоғары. Өйткені жылуды алуға қарағанда, суықты алудың бірлік бағасы 20 есе қымбат.
Жылу изоляциялық материалдардың жіктелуі келесі формасына байланысты жүргізіледі: құрылымы, формасы, негізгі шикізаттардың түріне, тыгыздығы, қаттылыгы, жылу өткізгіштігі және жануы.
Жылу изоляциялық материалдардың негізгі сипаттамасы оның жылу өткізгіштігі болып табылады, оның шамасына қарай үш түрлі класқа бөлінеді:
аз жылу өткізгіштігі А класы (0,058 Вт/м- °С ден аз),
орташа жылу өткізгіш Б класы (0,058...0,116 Вт/м- °С),
|