Мы поможем в написании ваших работ!
ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
|
І .Ақтарылған магматикалық
Тау жыныстары деп - жер қыртысын құрастыратын құрамы тұрақтылау минералдық сілемді (массаны ) айтады.Тау жыныстарының жіктелу негіздері ретінде олардың тегін (генетикалық жіктелуін) алады.Тау жыныстарының химиялық – минералдық құрамы, кристалдық құрылысы және структурасы ең алдымен олардың пайда болу жағдайларына байланысты.Генетикалық жіктелу бойынша , тау жыныстары үш топқа бөлінеді: ақтарылғандар, шөгінділер және метаморфиялықтар.
Ақтарылған тау жыныстары терең жер астынан көтеріле құйылып, қатпаған магмадан жаратылған. Магманың әр алуан жағдайда салқындауына байланысты ақтарылған жыныстар ерекше құрылысымен және қасиеттерімен бір – біріне ерекшелінеді. Бір жағдайларда сұйық магма жер қабатының белгілі бір тереңдігінде біркелкі баяу қатайып, өзара тұтастана қалыптасқан кристалдық түйіршік структурасы бар тереңдік тау жыныстарын құрайды.
Екінші бір жағдайда магма жер бетіне қопарыла төгіліп, тездете салқындай қатайған. Осылайша төгінді тау жыныстары құралған. Әртүрлі жағдайда суыған бір магмадан тереңдік және төгіндік деп аталатын , химиялық құрамы бірдей ,бірақ бір бірінен структурасы және қасиеті бойынша айырмашылығы бар тау тас жыныстары жаратылған. Жанартау атқылаған кезде пайда болатын жыныстар төгіндік тау жыныстарының түрлесі болып саналады.Олар үлкен қысымдықпен магма атылған кезде майда түйіршіктерге ыдырай , ауада тез суып жерге сіңіп қатып қалған түрлі мөлшердегі түйіршіктер қалпында келіп түсуден пайда болған. Сондықтан , бұл жыныстар кеуекті бос және структурасы аморфты болады.
І .Ақтарылған магматикалық
тау жыныстары.
|