Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Бап. Патронат белгiленетiн бала

Поиск

1. Баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарт бойынша беру үшiн оны алдын ала таңдауды қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органмен және баланы күтiп-бағатын ұйым әкiмшiлiгiнiң келiсiмi бойынша баланы отбасына қабылдауға тiлек бiлдiрген адамдар жүзеге асырады.
Ағалы-iнiлердi, апалы-сiңлiлердi ажыратуға, бұл балалардың мүдделерiне сай келетiн және балалар өздерiнiң туыстығы туралы бiлмеген, бiрге тұрмаған және бiрге тәрбиеленбеген жағдайларды қоспағанда, жол берiлмейдi.
2. Баланы патронат тәрбиешiлерге беру оның пiкiрi ескерiле отырып, жүзеге асырылады. Он жасқа толған бала оның келiсiмiмен ғана берiлуi мүмкiн.
3. Патронат тәрбиешiлерге берiлген бала өзiне тиесiлi алиментке, жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетiн ата-аналарының зейнетақы төлемдерiне, жәрдемақыға және басқа да әлеуметтiк төлемдерге құқығын, сондай-ақ тұрғын жайға меншiк құқығын немесе тұрғын жайды пайдалану құқығын сақтайды. Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланың тұрғын жайы болмаған кезде Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес оған тұрғын жай берiлуiне құқығы бар.
Тәрбиеленушiге тиесiлi ақшалай қаражатты және басқа да мүлiктi сақтау баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарттың қолданылу уақытына патронат тәрбиешiге жүктеледi.
Патронат тәрбиешiлерге берiлген бала осы Кодекстiң 60-62 және 67-баптарында көзделген құқықтарға да ие болады.

137-бап. Патронат тәрбиешiлерге берiлген
баланы күтiп-бағу

1. Патронат тәрбиешiлерге берiлген әрбiр баланы күтiп-бағуға Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен және мөлшерде ай сайын ақшалай қаражат төленедi.
2. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын орган патронат тәрбиешiлерге қажеттi көмек көрсетуге, баланың өмiрi мен тәрбиесiне қалыпты жағдай жасауға жәрдемдесуге мiндеттi, сондай-ақ патронат тәрбиешiлерге жүктелген баланы күтiп-бағу, тәрбиелеу және бiлiм беру жөнiндегi мiндеттердiң орындалуын бақылауды жүзеге асыруға мiндеттi.

5-БӨЛIМ. ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРIНIҢ АЛИМЕНТТIК ҚАТЫНАСТАРЫ

19-тарау. АТА-АНАЛАР МЕН БАЛАЛАРДЫҢ АЛИМЕНТТIК МIНДЕТТЕМЕЛЕРI

138-бап. Ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларды
күтiп-бағу жөнiндегi мiндеттерi

1. Ата-аналар өздерiнiң кәмелетке толмаған балаларын күтiп-бағуға мiндеттi. Кәмелетке толмаған балаларды күтiп-бағудың тәртiбi мен нысанын ата-аналар дербес айқындайды.
Ата-аналар өздерiнiң кәмелетке толмаған балаларын, сондай-ақ жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру жүйесiнде, күндiзгi оқу нысаны бойынша жоғары бiлiм беру жүйесiнде оқитын кәмелетке толған балаларын күтiп-бағу туралы келiсiм (алимент төлеу туралы келiсiм) жасасуға құқылы.
2. Егер ата-аналар өздерiнiң кәмелетке толмаған балаларына, сондай-ақ жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру жүйесiнде, күндiзгi оқу нысаны бойынша жоғары бiлiм беру жүйесiнде оқитын жиырма бiр жасқа дейiнгi кәмелетке толған балаларына күтiп-бағу қаражатын ерiктi түрде бермеген жағдайда, бұл қаражат олардан сот тәртiбiмен өндiрiп алынады.
3. Ата-аналардың алимент төлеу туралы келiсiмi болмаған кезде, кәмелетке толмаған балаларға күтiп-бағу қаражаты берiлмеген кезде және сотқа талап-арыз берiлмеген кезде қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын орган кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-аналарынан алимент өндiрiп алу туралы талап-арыз беруге құқылы.

139-бап. Кәмелетке толмаған балаларды күтiп-бағуға
сот тәртiбiмен өндiрiп алынатын алименттiң
мөлшерi

1. Алимент төлеу туралы келiсiм болмаған кезде сот кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-аналарынан алименттi ай сайын мынадай мөлшерде: бiр балаға - ата-анасы табысының және (немесе) өзге де кiрiсiнiң - төрттен бiр бөлiгiн; екi балаға - үштен бiр бөлiгiн; үш және одан да көп балаға тең жартысын өндiрiп алады.
2. Бұл үлестердiң мөлшерiн сот тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайларын және назар аударарлық өзге де мән-жайларды ескере отырып, кемiтуi немесе көбейтуi мүмкiн.

140-бап. Кәмелетке толмаған балаларға алимент
ұсталатын жалақының және (немесе) өзге де
кiрiстiң түрлерi

Ата-аналардың алатын және алимент ұсталатын жалақысы және (немесе) өзге де кiрiсi түрлерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

141-бап. Тұрақты ақша сомасында балаларға алимент
өндiрiп алу

1. Ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларына алимент төлеу туралы келiсiмi болмаған кезде және ата-ананың табысына және (немесе) өзге де кiрiсiне үлестiк қатынаста алимент өндiрiп алу мүмкiн болмаған, қиындық тудырған немесе тараптардың бiрiнiң мүдделерiн елеулi түрде бұзатын жағдайларда, сот тұрақты ақша сомасында немесе бiр мезгiлде үлеспен және тұрақты ақша сомасында ай сайын өндiрiп алынатын алимент мөлшерiн айқындауға құқылы.
Мұндай жағдайларға тұрақты емес, өзгермелi табысы және (немесе) өзге де кiрiсi бар не, егер ата-ана табысын және (немесе) өзге де кiрiсiн толығымен немесе iшiнара заттай алатын ата-аналардан алимент өндiрiп алу жатады.
2. Күндiзгi оқу нысаны бойынша жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру жүйесiнде, жоғары бiлiм беру жүйесiнде оқитын жиырма бiр жасқа дейiнгi балаларға күтiп-бағу қаражатын өндiрiп алу алимент төлеу туралы келiсiм болмаған кезде сот тәртiбiмен тұрақты ақша сомасында жүргiзiледi.
3. Тұрақты ақша сомасының мөлшерiн сот тараптардың материалдық және отбасылық жағдайлары мен басқа да назар аударарлық мән-жайларды ескере отырып, баланың бұрынғы қамтамасыз етiлу деңгейiн мүмкiндiгiнше сақтайтын көлемдегi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiн негiзге алып айқындайды.
4. Егер ата-аналардың әрқайсысының қолында балалар қалатын болса, алименттiң мөлшерi оның бiреуiнен аз қамтылған екiншiсiнiң пайдасына осы баптың 3-тармағына сәйкес ай сайын өндiрiп алынатын және сот айқындайтын тұрақты ақша сомасында белгiленедi.

142-бап. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға
алимент өндiрiп алу және оны пайдалану

Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға алимент осы Кодекстiң 138-141-баптарына сәйкес өндiрiп алынады және балалардың қорғаншысына немесе қамқоршысына немесе олардың патронат тәрбиешiлерiне төленедi.
Қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронат тәрбиешiге берiлген балаларға арналған алимент төлемдерiнiң сомасы екiншi деңгейдегi банктерде ашылған осы балалардың депозиттiк шоттарына аударылады.

143-бап. Еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балалардың
алимент алуға құқығы

1. Еңбекке жарамды ата-аналар өздерiнiң көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларын күтiп-бағуға мiндеттi.
2. Алимент төлеу туралы келiсiм болмаған кезде еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларға алимент мөлшерiн сот алимент төлеу кезiндегi қолданылып жүрген айлық есептiк көрсеткiштiң еселенген қатынасында, тараптардың материалдық және отбасылық жағдайлары мен басқа да назар аударарлық мүдделерiн негiзге ала отырып, айқындайды.

144-бап. Ата-аналардың балаларды күтiп-бағуға арналған
қосымша шығыстарға қатысуы

1. Алимент төлеу туралы келiсiм болмаған кезде және ерекше жағдайлар (кәмелетке толмаған балалардың немесе көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балалардың ауыр науқастануы, мертiгуi, оларға бөгде адамның бағып-күтуiне ақы төлеу қажеттiгi және басқа да мән-жайлар) болған кезде сот осы мән-жайлардан туындаған қосымша шығыстарды көтеруге қатысуға ата-аналардың әрқайсысын тартуы мүмкiн.
2. Егер ата-аналардың қосымша шығыстарды көтеруге қатыстырылу тәртiбi және осы шығыстардың мөлшерi екiжақты келiсiм бойынша айқындалмаса, онда сот ата-аналардың, басқа да балалардың материалдық және отбасылық жағдайлары мен тараптардың назар аударарлық мүдделерiн негiзге ала отырып, ай сайын төленуге тиiстi алименттi төлеу кезiндегi айлық есептiк көрсеткiштiң еселенген қатынасында белгiлейдi.
3. Сот ата-аналарды нақты шеккен қосымша шығыстарды өтеуге де, балаларды күтiп-бағуға болашақта жасалуға тиiс қосымша шығыстарды өтеуге де қатысуын мiндеттеуге құқылы.

145-бап. Кәмелетке толған балалардың ата-аналарын
күтiп-бағу жөнiндегi мiндеттерi

1. Еңбекке жарамды кәмелетке толған балалар өздерiнiң көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз ата-аналарын күтiп-бағуға және оларға қамқорлық жасауға мiндеттi.
2. Алимент төлеу туралы келiсiм болмаған кезде көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз ата-аналарға алимент олардың еңбекке жарамды кәмелетке толған балаларынан сот тәртiбiмен өндiрiп алынады.
3. Балалардың әрқайсысынан өндiрiп алынатын алименттiң мөлшерiн сот ата-аналары мен балаларының материалдық және отбасылық жағдайлары мен тараптардың басқа да назар аударарлық мүдделерiн негiзге ала отырып, алимент төлеу кезiндегi айлық есептiк көрсеткiштiң еселенген қатынасында белгiлейдi.
4. Алимент мөлшерiн айқындау кезiнде сот балалардың бәрiне, олардың бiреуiне немесе бiрнешеуiне талап қойылғанына қарамастан, осы ата-ананың еңбекке жарамды кәмелетке толған балаларының бәрiн ескеруге құқылы.
5. Егер сот ата-аналардың осы балаларына қатысты ата-аналық мiндеттерiн орындаудан бұрын жалтарғанын анықтаса, балалар өздерiнiң көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз ата-аналарын күтiп-бағу жөнiндегi мiндеттерiнен босатылуы мүмкiн.
Балалары ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарына алимент төлеуден босатылады.
6. Кәмелетке толған, асырап алынған балалардың асырап алушыларды күтiп-бағу жөнiндегi мiндеттерi балалардың ата-аналары алдындағы мiндеттерi сияқты айқындалады.

146-бап. Кәмелетке толған балалардың ата-аналарына
жасалған қосымша шығыстарға қатысуы

1. Кәмелетке толған балалар еңбекке жарамсыз ата-аналарына қамқорлық жасамаған кезде және ерекше мән-жайлар (ата-анасының ауыр науқастануы, мертiгуi, оны бөгде адамның бағып-күткенi үшiн ақы төлеу қажеттiгi, оны медициналық-әлеуметтiк мекемеге орналастыру және басқалары) болған кезде сот кәмелетке толған балаларын осы мән-жайлардан туындаған қосымша шығыстарды көтеруге тартуы мүмкiн.
2. Кәмелетке толған балалардың әрқайсысының қосымша шығыстарды көтеру тәртiбi мен осы шығыстардың мөлшерiн сот осы Кодекстiң 145-бабының 3, 4 және 5-тармақтарында белгiленген талаптар сақталған кезде ата-аналар мен балаларының материалдық және отбасылық жағдайларын және тараптардың басқа да назар аударарлық мүдделерiн ескере отырып айқындайды.
3. Қосымша шығыстарды көтеру тәртiбi мен осы шығыстардың мөлшерi тараптардың келiсiмiмен айқындалуы мүмкiн, мұндай келiсiм болмаған жағдайда дау сот тәртiбiмен шешiледi.

20-тарау. ЕРЛI-ЗАЙЫПТЫЛАРДЫҢ ЖӘНЕ БҰРЫНҒЫ ЕРЛI-ЗАЙЫПТЫЛАРДЫҢ
АЛИМЕНТТIК МIНДЕТТЕМЕЛЕРI

147-бап. Ерлi-зайыптылардың бiрiн-бiрi күтiп-бағу
жөнiндегi мiндеттерi

1. Ерлi-зайыптылар бiрiн-бiрi материалдық жағынан қолдауға мiндеттi.
2. Мұндай қолдаудан бас тартқан және ерлi-зайыптылардың арасында алимент төлеу туралы келiсiм болмаған жағдайда, алимент төлеуге қажеттi қаражаты бар екiншi жұбайдан:
1) еңбекке жарамсыз мұқтаж жұбайының
2) жүктiлiгi кезеңiнде және ортақ баласы туған күннен бастап үш жыл бойы зайыбының
3) ортақ мүгедек баланы он сегiз жасқа толғанға дейiн бағып-күтудi жүзеге асырып отырған, сондай-ақ он сегiз жасқа толған соң ортақ мүгедек балаға I-II топтағы мүгедектiк белгiленген жағдайда көмекке мұқтаж жұбайының алимент төлеудi сот тәртiбiмен талап етуге құқығы бар.

148-бап. Бұрынғы жұбайдың неке (ерлi-зайыптылық)
бұзылғаннан кейiн алимент алуға құқығы

1. Алимент төлеуге қажеттi қаражаты бар бұрынғы жұбайынан алимент төлеудi сот тәртiбiмен талап етуге:
1) жүктiлiгi кезеңiнде және ортақ баласы үш жасқа толғанға дейiн бұрынғы зайыбының
2) ортақ мүгедек баланы он сегiз жасқа толғанға дейiн бағып-күтудi жүзеге асырып отырған, сондай-ақ он сегiз жасқа толған соң ортақ мүгедек балаға I-II топтағы мүгедектiк белгiленген жағдайда көмекке мұқтаж бұрынғы жұбайының
3) неке (ерлi-зайыптылық) бұзылғанға дейiн еңбекке жарамсыз болып қалған көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз бұрынғы жұбайының құқығы бар.
2. Алименттiң мөлшерi және оны неке (ерлi-зайыптылық) бұзылғаннан кейiн бұрынғы жұбайына беру тәртiбi бұрынғы ерлi-зайыптылардың арасындағы келiсiммен айқындалуы не сот айқындауы мүмкiн.

149-бап. Ерлi-зайыптылардан және бұрынғы
ерлi-зайыптылардан сот тәртiбiмен өндiрiп
алынатын алименттiң мөлшерi

Ерлi-зайыптылардың (бұрынғы ерлi-зайыптылардың) арасында алимент төлеу туралы келiсiм болмаған кезде, жұбайдан (бұрынғы жұбайдан) сот тәртiбiмен өндiрiп алынатын алименттiң мөлшерiн ерлi-зайыптылардың (бұрынғы ерлi-зайыптылардың) материалдық және отбасылық жағдайларын және тараптардың басқа да назар аударарлық мүдделерiн негiзге ала отырып, алимент төлеу кезiндегi қолданылып жүрген айлық есептiк көрсеткiштiң еселенген қатынасында сот айқындайды.

150-бап. Жұбайды екiншi жұбайды күтiп-бағу жөнiндегi
мiндеттен босату немесе бұл мiндеттiң мерзiмiн
шектеу

1. Сот жұбайдың көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз екiншi жұбайды күтiп-бағу мiндетiнен босатуы немесе некеде тұрған (ерлi-зайыпты болған) кезеңде де, неке бұзылғаннан кейiн де бұл мiндеттi белгiлi бiр мерзiмге:
1) егер көмекке мұқтаж жұбайдың еңбекке жарамсыздығы спирттiк iшiмдiктерге, есiрткi, психотроптық заттарға салынуы салдарынан немесе оның қасақана қылмыс жасауы салдарынан басталған;
2) ерлi-зайыптылар некеде (ерлi-зайыптылықта) ұзақ тұрмаған (бес жылға дейiн);
3) алимент төлеудi талап ететiн жұбай отбасында лайықсыз мiнез-құлық көрсеткен жағдайларда шектеуi мүмкiн.
2. Бұрынғы жұбайын күтiп-бағу жөнiндегi мiндет мынадай жағдайларда:
1) күтiп-бағуға құқығы бар жұбай жаңа некеге отырса (ерлi-зайыпты болса);
2) осы Кодекстiң 148-бабында көзделген мән-жайлар жойылса, сот шешiмiмен тоқтатылады.

21-тарау. ОТБАСЫНЫҢ БАСҚА МҮШЕЛЕРIНIҢ АЛИМЕНТТIК МIНДЕТТЕМЕЛЕРI

151-бап. Еңбекке жарамды ағалары мен апаларының өздерiнiң
кәмелетке толмаған туған iнiлерi (қарындастары)
мен сiңлiлерiн күтiп-бағу жөнiндегi мiндеттерi

Кәмелетке толмаған көмекке мұқтаж iнiлерi (қарындастары) мен сiңлiлерiнiң өз ата-аналарынан күтiп-бағу қаражатын алуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда, өздерiнiң алимент төлеуге қажеттi қаражаты бар еңбекке жарамды, кәмелетке толған бiрге туған ағалары мен апаларынан сот тәртiбiмен алимент алуға құқығы бар.

152-бап. Атасы мен әжесiнiң немерелерiн күтiп-бағу
жөнiндегi мiндеттерi

Өздерiнiң еңбекке жарамды ата-аналарынан, бiрге туған кәмелетке толған еңбекке жарамды ағалары мен апаларынан күтiп-бағу қаражатын алуға мүмкiндiк болмаған жағдайда, кәмелетке толмаған көмекке мұқтаж немерелердiң өздерiнiң алимент төлеуге қажеттi қаражаты бар әжесi мен атасынан сот тәртiбiмен алимент алуға құқығы бар.

153-бап. Немерелердiң атасы мен әжесiн күтiп-бағу мiндетi

Өздерiнiң кәмелетке толған еңбекке жарамды балаларынан немесе жұбайынан (бұрынғы жұбайынан) күтiп-бағу қаражатын алу мүмкiн болмаған жағдайда, көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз атасы мен әжесi өздерiнiң алимент төлеуге қажеттi қаражаты бар еңбекке жарамды кәмелетке толған немерелерiнен сот тәртiбiмен алимент талап етуге құқылы.

154-бап. Тәрбиеленушiлердiң өздерiн iс жүзiнде
тәрбиелеген адамдарды күтiп-бағу мiндетi

1. Кәмелетке толмаған балаларды iс жүзiнде тәрбиелеген және күтiп-баққан еңбекке жарамсыз мұқтаж адамдардың, егер олар өздерiнiң кәмелетке толған еңбекке жарамды балаларынан немесе немерелерiнен не жұбайларынан (бұрынғы жұбайларынан) күтiп-бағу қаражатын ала алмаса, өздерiнiң кәмелетке толған еңбекке жарамды тәрбиеленушiлерiнен сот тәртiбiмен күтiп-бағу қаражатын берудi талап етуге құқығы бар.
2. Егер iс жүзiнде тәрбиелеген адамдар тәрбиеленушiлердi бес жылдан аз уақыт күтiп-бақса және тәрбиелесе, сондай-ақ өздерiнiң тәрбиеленушiлерiн тиiстi түрде күтiп-бақпаса және тәрбиелемесе, сот тәрбиеленушiлердi осы адамдарды күтiп-бағу жөнiндегi мiндеттен босатуға құқылы.
3. Осы баптың 1-тармағында көзделген мiндеттер қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы не патронаттағы адамдарға жүктелмейдi.

155-бап. Өгей ұлдар мен өгей қыздардың өгей әкесiн және
өгей шешесiн күтiп-бағу жөнiндегi мiндеттерi

1. Өздерiнiң өгей ұлдарын немесе өгей қыздарын тәрбиелеген және күтiп-баққан, көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз өгей әке мен өгей шеше, егер олар өздерiнiң кәмелетке толған еңбекке жарамды балаларынан немесе немерелерiнен не жұбайларынан (бұрынғы жұбайларынан) күтiп-бағу қаражатын ала алмаса, осыған қажеттi қаражаты бар еңбекке жарамды, кәмелетке толған өгей ұлдарынан немесе өгей қыздарынан сот тәртiбiмен күтiп-бағу қаражатын берудi талап етуге құқылы.
2. Егер өгей әке мен өгей шеше өгей балалары мен өгей қыздарын бес жылдан аз уақыт тәрбиелесе және күтiп-бақса, сондай-ақ олар өздерiнiң тәрбиелеу немесе күтiп-бағу жөнiндегi мiндеттерiн тиiстi түрде атқармаса, сот өгей ұлдар мен өгей қыздарды өгей әкесiн немесе өгей шешесiн күтiп-бағу мiндеттерiнен босатуға құқылы.

156-бап. Отбасының басқа мүшелерiнен сот тәртiбiмен
өндiрiп алынатын алименттiң мөлшерi

1. Осы Кодекстiң 151-155-баптарында аталған адамдарға алименттiң мөлшерi мен оны төлеу тәртiбi тараптардың келiсiмiмен айқындалуы мүмкiн.
2. Тараптардың келiсiмi болмаған кезде сот тәртiбiмен өндiрiп алынатын алименттiң мөлшерiн сот әрбiр жеке жағдайда алимент төлеушi мен алушының материалдық және отбасылық жағдайлары мен тараптардың басқа да назар аударарлық мүдделерiн негiзге ала отырып, алимент төлеген кезде қолданылып жүрген айлық есептiк көрсеткiштiң еселенген қатынасында белгiлейдi.
3. Егер отбасының алимент талап етушi мүшесiн бiр мезгiлде бiрнеше адам күтiп-бағуға мiндеттi болса, сот олардың материалдық және отбасылық жағдайларына қарай олардың әрқайсысының алимент төлеу жөнiндегi мiндетiн орындауға қатысу мөлшерiн айқындайды. Алимент мөлшерiн айқындау кезiнде сот алимент төлеуге мiндеттi адамдардың бәрiне, олардың бiреуiне немесе бiрнешеуiне талап-арыз берiлгенiне қарамастан, сол адамдардың бәрiн ескеруге құқылы.

22-тарау. АЛИМЕНТ ТӨЛЕУ ТУРАЛЫ КЕЛIСIМ

157-бап. Алимент төлеу туралы келiсiм жасау

Алимент төлеу (алименттiң мөлшерi, оны төлеудiң шарттары мен тәртiбi) туралы келiсiм алименттi төлеуге мiндеттi адам мен оны алушының арасында, ал алименттi төлеуге мiндеттi адам және (немесе) алимент алушы әрекетке қабiлетсiз болған кезде, осы адамдардың заңды өкiлдерiнiң арасында жасалады.

158-бап. Алимент төлеу туралы келiсiмнiң нысаны

Алимент төлеу туралы келiсiм жазбаша нысанда жасалады және ол нотариатта куәландырылуға тиiс.
Алимент төлеу туралы келiсiмнiң заңда белгiленген нысанын сақтамау Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң нормаларында көзделген салдарларға әкеп соғады.

159-бап. Алимент төлеу туралы келiсiмдi жасау, орындау,
өзгерту, бұзу және жарамсыз деп тану тәртiбi

1. Алимент төлеу туралы келiсiмдi жасауға, орындауға, өзгертуге, бұзуға және жарамсыз деп тануға Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң азаматтық-құқықтық мәмiлелердi жасауды, орындауды, өзгертудi, бұзуды және жарамсыз деп тануды реттейтiн нормалары қолданылады.
2. Алимент төлеу туралы келiсiмдi орындаудан бiржақты бас тартуға немесе оның шарттарын бiржақты өзгертуге тыйым салынады.
3. Тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайлары елеулi түрде өзгерiске ұшыраған жағдайда және алимент төлеу туралы келiсiмдi өзгерту немесе бұзу жөнiндегi келiсiмге қол жетпеген кезде, мүдделi тарап осы келiсiмдi өзгерту туралы немесе бұзу туралы сотқа талап-арызбен жүгiнуге құқылы. Алимент төлеу туралы келiсiмдi өзгерту немесе бұзу туралы мәселенi шешу кезiнде сот тараптардың назар аударарлық кез келген мүддесiн ескеруге құқылы.

160-бап. Алимент алушының мүддесiн бұзатын алимент төлеу
туралы келiсiмдi жарамсыз деп тану

Егер алимент төлеу туралы келiсiмде көзделген кәмелетке толмаған баланы немесе кәмелетке толған әрекетке қабiлетсiз отбасы мүшесiн күтiп-бағу шарттары олардың мүдделерiн елеулi түрде бұзатын болса, атап айтқанда, осы Кодекстiң 161-бабы 2-тармағының талаптары сақталмаған жағдайда, мұндай келiсiм кәмелетке толмаған баланың немесе кәмелетке толған әрекетке қабiлетсiз отбасы мүшесiнiң заңды өкiлiнiң, сондай-ақ қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органның немесе прокурордың талап етуi бойынша сот тәртiбiмен жарамсыз деп танылуы мүмкiн.

161-бап. Алимент төлеу туралы келiсiм бойынша төленетiн
алименттiң мөлшерi

1. Алимент төлеу туралы келiсiм бойынша төленетiн алименттiң мөлшерiн тараптар осы келiсiмде айқындайды.
2. Кәмелетке толмаған балаларға алимент төлеу туралы келiсiм бойынша белгiленетiн алименттiң мөлшерi олардың сот тәртiбiмен алимент өндiрiп алған кездегi алуы мүмкiн алименттiң мөлшерiнен төмен болмауға тиiс.

162-бап. Алимент төлеу туралы келiсiм бойынша алимент
төлеудiң тәсiлдерi мен тәртiбi

1. Алимент төлеу туралы келiсiм бойынша алимент төлеудiң тәсiлдерi мен тәртiбi осы келiсiмде айқындалады.
2. Алимент оны төлеуге мiндеттi адамның табысына және (немесе) өзге де кiрiсiне үлеспен кезең-кезеңмен төленiп тұратын тұрақты ақша сомасымен; бiржолғы төленетiн тұрақты ақша сомасымен; мүлiк беру жолымен, сондай-ақ келiсiмде қол жеткiзiлген өзге де тәсiлдермен төленуi мүмкiн.
Алимент төлеу туралы келiсiмде алимент төлеудiң әртүрлi тәсiлдерiн ұштастыру көзделуi мүмкiн.

23-тарау. АЛИМЕНТТI СОТ ТӘРТIБIМЕН ТӨЛЕТТIРУ ЖӘНЕ ӨНДIРIП АЛУ ТӘРТIБI

163-бап. Алименттi сот шешiмi бойынша өндiрiп алу

Осы Кодекстiң 143-155-баптарында аталған отбасы мүшелерi алимент төлеу туралы келiсiм болмаған кезде алимент өндiрiп алу туралы талаппен сотқа жүгiнуге құқылы.

164-бап. Алимент алу үшiн өтiнiш беру мерзiмдерi

1. Алимент алуға құқығы бар адам, егер бұрын алимент төлеу туралы келiсiм бойынша алимент төленбеген болса, алимент алу құқығы туындаған кезден бастап өткен мерзiмге қарамастан, сотқа алимент өндiрiп алу туралы өтiнiш жасауға құқылы.
2. Алимент сотқа өтiнiш жасалған кезден бастап тағайындалады.
Егер сотқа өтiнiш беруден бұрын күтiп-бағуға қаражат алу шаралары қолданылғанын, бiрақ алименттi төлеуге мiндеттi адамның оны төлеуден жалтаруы салдарынан алимент алынбағанын сот анықтаған болса, сотқа өтiнiш жасалған кезден бастап үш жыл мерзiм шегiнде өткен кезеңге алимент өндiрiп алынуы мүмкiн.

165-бап. Ұйымның лауазымды адамының алименттi ұстап
қалу мiндетi

Алимент төлеуге мiндеттi адамның жұмыс орны бойынша ұйымның лауазымды адамы нотариатта куәландырылған алимент төлеу туралы келiсiмнiң негiзiнде немесе атқару құжатының негiзiнде оның жалақысынан және өзге де кiрiсiнен алимент алатын адамның пайдасына ай сайын алимент ұстап қалуға және оны алимент төлеуге мiндеттi адамның есебiнен жалақының және өзге де кiрiстiң төленген күнiнен бастап үш күн мерзiмнен кешiктiрмей төлеуге немесе аударуға мiндеттi.
Төлеушiден ұсталған, бiрақ алушыға уақтылы аударылмаған алименттi төлеудi кешiктiргенi үшiн жауапкершiлiк ұйымның лауазымды адамына жүктеледi.

166-бап. Алимент төлеу туралы келiсiмнiң негiзiнде
алименттi ұстап қалу

Нотариатта куәландырылған алимент төлеу туралы келiсiмнiң негiзiнде алименттi ұстап қалу, егер осындай келiсiмнiң және атқару құжаттарының негiзiнде ұстап қалудың жалпы сомасы алимент төлеуге мiндеттi адам жалақысының және өзге де кiрiсiнiң елу пайызынан аспайтын болса, жүргiзiледi.

167-бап. Алимент төлеуге мiндеттi адамның жұмыс орнын
немесе тұрғылықты жерiн ауыстырғаны туралы
хабарлау мiндетi

1. Сот шешiмi немесе нотариатта куәландырылған алимент төлеу туралы келiсiм негiзiнде алименттi ұстап қалатын ұйымның лауазымды адамы алименттi өндiрiп алу туралы шешiмнiң орындалатын жерi бойынша сот орындаушысына және алимент алушы адамға алименттi төлеуге мiндеттi адамның жұмыстан босағаны туралы, сондай-ақ, егер бұл өзiне белгiлi болса, оның жаңа жұмыс орны немесе тұрғылықты жерi туралы үш күн мерзiмде хабарлауға мiндеттi.
2. Алимент төлеуге мiндеттi адам сот орындаушысы белгiлеген мерзiмде осы сот орындаушысына және сондай-ақ алимент алушы адамға жұмыс орнының немесе тұрғылықты жерiнiң өзгергенi туралы, ал кәмелетке толмаған балаларға алимент төлеген кезде қосымша табысының немесе өзге де кiрiсiнiң болуы туралы хабарлауға және хабарлағаны туралы растама алуға тиiс.

168-бап. Алимент төлеуге мiндеттi адамның мүлкiнен өндiрiп
алу

1. Алимент төлеу туралы келiсiммен немесе сот шешiмiмен белгiленген мөлшерде алименттi өндiрiп алу, сондай-ақ алимент бойынша берешектi өндiрiп алу алимент төлеуге мiндеттi адамның табысынан және өзге де кiрiсiнен жүргiзiледi, табысы және өзге де кiрiсi жеткiлiксiз болған кезде алимент сол алимент төлеуге мiндеттi адамның банктердегi шотындағы және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын өзге де ұйымдардағы ақшалай қаражатынан ұсталады. Бұл қаражат жеткiлiксiз болған кезде ол алимент төлеуге мiндеттi адамның заң бойынша өндiрiп алуға болатын кез келген мүлкiнен өндiрiп алынады.
2. Алимент төлеуге мiндеттi адамның шотындағы ақшалай қаражатынан және оның өзге де мүлкiнен алимент өндiрiп алу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен жүргiзiледi.

169-бап. Алимент бойынша берешек мөлшерiн белгiлеу

1. Алимент төлеу туралы келiсiмнiң негiзiнде немесе атқару құжатының негiзiнде өткен кезең үшiн алимент өндiрiп алу атқару құжаты не нотариатта куәландырылған алимент төлеу туралы келiсiм табыс етiлгенге дейiнгi үш жыл мерзiм шегiнде жүргiзiледi.
Алимент төлемдерiн жалақыдан немесе өзге де кiрiстерден қатарынан үш ай бойы өндiрiп алу мүмкiн болмаған кезде борышкердiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндiрiп алуға болмайтын мүлкiнен басқа мүлкiнен өндiрiп алынады.
2. Атқару құжатының негiзiнде немесе нотариатта куәландырылған келiсiмнiң негiзiнде алимент ұстап қалу алименттi төлеуге мiндеттi адамның iздестiрiлуiне байланысты жүргiзiлмеген жағдайларда, осы баптың 1-тармағында белгiленген мерзiмге қарамастан және күтiп-бағуға алимент тағайындалған адамның кәмелетке толғанына қарамастан, алимент бүкiл кезең үшiн өндiрiп алынады.
3. Осы Кодекстiң 139-бабына сәйкес кәмелетке толмаған балаларға төленетiн алимент бойынша берешектiң мөлшерiн алимент төлеуге мiндеттi адамның алимент өндiрiп алынбаған кезеңдегi жалақысы мен өзге де кiрiсiн негiзге ала отырып, сот орындаушысы айқындайды. Егер алимент төлеуге мiндеттi адам осы кезеңде жұмыс iстемеген болса немесе оның табысы мен өзге де кiрiсiн растайтын құжаттар тапсырылмаса, алимент бойынша берешек сол берешектi өндiрiп алу кезiндегi Қазақстан Республикасындағы айлық жалақының ең төменгi мөлшерi негiзге алына отырып айқындалады.
Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдар үшiн, егер борышкер осы кезеңде жұмыс iстемеген болса, алимент бойынша берешек бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айқындалады.
4. Сот орындаушысының алимент бойынша берешектi айқындауымен келiспеген кезде кез келген тарап Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен сот орындаушысының iс-әрекетiне шағым жасай алады.
5. Баланың алимент төлеуден жалтарып жүрген ата-анасын iздестiру кезеңiнде төленген, балаға Қазақстан Республикасының балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы заңнамасында белгiленген ай сайынғы жәрдемақы сомалары төленген сомалардың он пайызын бюджет кiрiсiне есептеу арқылы сол ата-аналардан өндiрiп алынады.

170-бап. Алимент бойынша берешектi төлеуден босату

1. Алимент бойынша берешектi төлеуден босату немесе тараптардың келiсiмi бойынша алимент төлеген кезде осы берешектi азайту, кәмелетке толмаған балаларға алимент төлейтiн жағдайларды қоспағанда, тараптардың өзара келiсiмi бойынша жүргiзiлуi мүмкiн.
2. Алимент төлеуге мiндеттi адамның талап-арызы бойынша сот, егер алимент осы адамның науқастануына байланысты немесе басқа да дәлелдi себептер бойынша төленбегенiн және оның материалдық және отбасылық жағдайы алимент бойынша пайда болған берешектi өтеуге мүмкiндiк бермейтiнiн анықтаса, оны алимент бойынша берешектi төлеуден толық немесе iшiнара босатуға құқылы.

171-бап. Алименттi уақтылы төлемеу

1. Алимент төлеу туралы келiсiм бойынша алимент төлеуге мiндеттi адамның және (немесе) сот шешiмi бойынша алимент төлеуге мiндеттi адамның кiнәсiнен берешек пайда болған кезде кiнәлi адам алимент алушыға кешiктiрген әрбiр күнi үшiн төленбеген алимент сомасының оннан бiр пайызы мөлшерiнде тұрақсыздық айыппұлын төлейдi.
2. Алимент алушы алименттiң уақтылы төленбеуiне кiнәлi адамнан алименттi төлеу жөнiндегi мiндетiн орындауды кешiктiруден келтiрiлген бүкiл залалының тұрақсыздық айыппұлымен жабылмаған бөлiгiн де өндiрiп алуға құқылы.

172-бап. Алименттi есепке жатқызуға және керi өндiрiп
алуға жол бермеу

1. Алименттi басқа қарсы талаптармен есепке жатқызуға болмайды.
2. Төленген алимент сомасын:
1) Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiнде көзделген;
2) алимент алушы тарапынан алдап, қорқытып немесе күш қолданып жасалған алименттi төлеу жөнiндегi келiсiм жарамсыз деп танылған жағдайларды қоспағанда, керi талап етуге болмайды.
3. Егер осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында тiзбеленген iс-әрекеттердi кәмелетке толмаған баланың немесе кәмелетке толған әрекетке қабiлетсiз алимент алушының өкiлi жасаса, алимент керi өндiрiп алынбайды, ал төленген алименттiң сомасы алимент төлеуге мiндеттi адамның талап-арызы бойынша кiнәлi өкiлден өндiрiп алынады.

Бап. Алименттi индекстеу

Сот шешiмi бойынша тұрақты ақша сомасында өндiрiп алынатын алименттiң индекстелуiн алименттi ұстап қалатын орын бойынша ұйымның әкiмшiлiгi айлық есептiк көрсеткiштiң мөлшерiне барабар түрде жүргiзедi.

174-бап. Алимент төлеуге мiндеттi адам Қазақстаннан тыс
жер



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2016-04-26; просмотров: 571; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.141.19.115 (0.016 с.)