Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Бап. Бiрнеше бала асырап алу

Поиск

1. Бiр адамның ағалы-iнiлi және апалы-сiңлiлi (қарындасы) болып табылатын немесе бiр-бiрiмен өзара туыстық қатынасы жоқ бiрнеше баланы асырап алуы мүмкiн.
Өзара туыстық қатынасы жоқ асырап алынған балалардың арасында ағалы-iнiлiлер мен апалы-сiңлiлiлердiң (қарындасының) арасындағы сияқты құқықтар мен мiндеттер туындайды.
2. Асырап алу балалардың мүдделерiне сай келетiн және балалар өздерiнiң туыстығы туралы бiлмеген, бiрге тұрмаған және бiрге тәрбиеленбеген жағдайларды қоспағанда, бiр отбасында тәрбиеленген ағалы-iнiлiлер мен апалы-сiңлiлiлердi (қарындастарды) әртүрлi адамдардың асырап алуына жол берiлмейдi.

91-бап. Бала асырап алушы болуға құқығы бар адамдар

1. Бала асырап алушы адамның отбасында баланың қалыпты дене бiтiмi, психикалық, рухани және адамгершiлiк жағынан дамуы, тәрбиеленуi және бiлiм алуы үшiн жағдайлар болған кезде бала асырап алуға рұқсат етiледi.
2. Мыналарды:
1) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп таныған адамдарды;
2) сот бiреуiн әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп таныған ерлi-зайыптыларды;
3) сот ата-ана құқықтарынан айырған немесе сот ата-ана құқықтарын шектеген адамдарды;
4) өзiне Қазақстан Республикасының заңдарында жүктелген мiндеттердi тиiсiнше орындамағаны үшiн қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерiнен шеттетiлген адамдарды;
5) егер сот олардың кiнәсiнен бала асырап алудың күшiн жойса, бұрынғы бала асырап алушыларды;
6) денсаулық жағдайына байланысты ата-ана құқықтарын жүзеге асыра алмайтын адамдарды; Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкiн болмайтын аурулар болған кезде, олардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi;
7) тұрақты тұрғылықты жерi жоқ адамдарды;
8) дәстүрлi емес жыныстық бағдар ұстанатын адамдарды;
9) бала асырап алу кезiнде қасақана қылмыс жасағаны үшiн соттылығы өтелмеген немесе алынбаған адамдарды;
10) азаматтығы жоқ адамдарды;
11) анасының қайтыс болуына немесе оның ата-ана құқықтарынан айырылуына байланысты баланың кемiнде үш жыл iс жүзiнде тәрбиелену жағдайларын қоспағанда, тiркелген некеде тұрмаған (ерлi-зайыпты болмаған) еркек жынысты адамдарды;
12) асырап алған кезде асырап алынған баланы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген ең төмен күнкөрiс деңгейiмен қамтамасыз ететiн табысы жоқ адамдарды;
13) наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұратын адамдарды қоспағанда, кәмелетке толған адамдар бала асырап алушылар болуы мүмкiн.
3. Бiр-бiрiмен некеде тұрмайтын (ерлi-зайыпты болмаған) адамдар сол бiр баланы бiрлесiп асырап ала алмайды.

92-бап. Бала асырап алушы мен асырап алынушы бала
арасындағы жас айырмасы

1. Бала асырап алушы мен асырап алынушы баланың жас айырмасы кем дегенде он алты жас болуға және ол қырық бес жастан аспауға тиiс. Сот дәлелдi деп таныған себептер бойынша жас айырмасы қысқартылуы мүмкiн.
2. Өгей әкесi (өгей шешесi) бала асырап алған кезде, осы баптың 1-тармағында белгiленген жас айырмасының болуы талап етiлмейдi.

93-бап. Бала асырап алуға заңды өкiлдердiң келiсiмi

1. Егер ата-ана құқықтарынан айрылмаған болса, баланы асырап алу үшiн оның ата-аналарының келiсiмi қажет.
Кәмелетке толмаған, жасы он алтыға толмаған ата-аналардың баласын асырап алған кезде, сондай-ақ заңды өкiлдерiнiң келiсiмi қажет.
Кәмелетке толмаған ата-аналардың заңды өкiлдерi болмаған кезде немесе кәмелетке толмаған ата-аналар баланы туған кезде медициналық ұйымда қалдырған және үш айдан аса оның тағдырына ешкiм қарайласпаған жағдайда, - қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органның келiсiмi қажет.
2. Бала асырап алуға ата-аналардың келiсiмi нотариалды куәландырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тұратын ұйымның басшысы не бала асырап алған жердегi немесе ата-аналар тұратын жердегi қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын орган растаған өтiнiште көрсетiлуге тиiс, сондай-ақ бала асырап алу iсiн жүргiзу кезiнде сотта тiкелей бiлдiрiлуi мүмкiн.
Бала асырап алу туралы сот шешiмi шығарылғанға дейiн ата-аналар бала асырап алуға өздерi берген келiсiмiнiң күшiн жоюға құқылы.
3. Ата-аналар нақты адамның не нақты адамды көрсетпей-ақ бала асырап алуына келiсiм беруi мүмкiн. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органдар сотқа бала асырап алудың баланың мүдделерiне сай келетiндiгi туралы қорытындыны ұсынады. Баланы оның өгей әкесi (өгей шешесi) асырап алған жағдайда мұндай қорытынды талап етiлмейдi.
4. Қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы балаларды асырап алу үшiн олардың қорғаншыларының немесе қамқоршыларының жазбаша нысандағы келiсiмi қажет.
5. Баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарт бойынша тәрбиеленiп жатқан балаларды асырап алу үшiн патронат тәрбиешiлерiнiң жазбаша нысандағы келiсiмi қажет.
6. Жетiм балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және бiлiм беру ұйымдарындағы, медициналық және басқа да ұйымдардағы балаларды асырап алу үшiн осы ұйымдар басшыларының жазбаша нысандағы келiсiмi қажет.
7. Осы баптың 1, 4, 5 және 6-тармақтарында аталған адамдардың келiсiмiнсiз, сот баланың мүддесiнде оны асырап алу туралы шешiм шығаруға құқылы.
Ата-анасының екеуi не некеде (ерлi-зайыптылы) тұрмаған анасы бас тарту туралы өтiнiштi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ресiмдеместен, медициналық ұйымда туған баладан бас тартқан жағдайда, сондай-ақ үш жастан аспаған тастанды (ата-анасы бас тартқан) бала табылған кезде, ол қалдырылғаннан немесе табылғаннан кейiн үш ай өткен соң сот баланың мүддесiнде Қазақстан Республикасы азаматтарының бала асырап алуы туралы iстi қарауға құқылы.

94-бап. Баланы ата-аналарының келiсiмiнсiз
асырап алу

Егер ата-аналар:
1) белгiсiз болған немесе сот оларды қайтыс болған деп жариялаған, хабар-ошарсыз кеткен деп таныған;
2) сот оларды әрекетке қабiлетсiз деп таныған;
3) сот оларды ата-ана құқықтарынан айырған;
4) баламен бiрге тұрмаған және сот дәлелсiз деп таныған себептер бойынша алты айдан астам уақыт бойы оны тәрбиелеу мен күтiп-бағудан жалтарған жағдайларда, олардың баланы асырап алуға келiсiмi талап етiлмейдi.
Некеде тұрмаған (ерлi-зайыпты болмаған) ананың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ресiмделген, медициналық ұйымдағы баладан бас тарту туралы жазбаша өтiнiшi болған кезде сот ата-аналардың баланы асырап алуға келiсiмiн растайтын басқа да құжаттарды талап етуге құқылы емес.

95-бап. Баланың асырап алуға келiсiмi

Он жасқа толған баланы асырап алу үшiн оның келiсiмi қажет.
Баланың асырап алуға келiсiмiн ата-аналарының не баланың басқа да заңды өкiлдерiнiң, прокурордың қатысуымен сот анықтайды.

96-бап. Ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң бала асырап
алуға келiсiмi

1. Егер баланы ерлi-зайыптылардың екеуi асырап алмаса, ерлi-зайыптылардың бiреуi баланы асырап алған кезде бала асырап алуға екiншi жұбайдың жазбаша келiсiмi талап етiледi.
2. Егер ерлi-зайыптылар iс жүзiнде отбасылық қатынастарды тоқтатқан болса немесе бiр жылдан астам уақыт бөлек тұрып жатса, бала асырап алуға екiншi жұбайдың келiсiмi талап етiлмейдi.

97-бап. Асырап алынған баланың аты, әкесiнiң аты
және тегi

1. Асырап алынған баланың өз аты, әкесiнiң аты (егер бар болса) және тегi сақталуы мүмкiн.
2. Егер бұл баланың мүдделерiне қайшы келмесе, асырап алынған балаға бала асырап алушының өтiнiшi бойынша бала асырап алушының тегi, сондай-ақ ол көрсеткен аты берiледi. Егер бала асырап алушы ер адам болса, асырап алынған баланың әкесiнiң аты - асырап алушының аты бойынша, ал баланы әйел асырап алған кезде, ол асырап алынған баланың әкесi ретiнде көрсеткен адамның аты бойынша айқындалады.
Егер бала асырап алушы ерлi-зайыптылардың тектерi әртүрлi болса, бала асырап алушы ерлi-зайыптылардың келiсiмi бойынша, асырап алынған балаға олардың бiреуiнiң тегi берiледi.
3. Баланы некеде тұрмайтын (ерлi-зайыпты болмаған) адам асырап алған кезде, оның өтiнiшi бойынша бала асырап алуды тiркеушi органда мемлекеттiк тiркеу кезiнде бала асырап алушының көрсетуi бойынша тууды жазу кiтабына асырап алынған баланың әкесiнiң (анасының) аты, әкесiнiң аты және тегi жазылады. Бала асырап алушының тiлегi бойынша әкесi (анасы) туралы мәлiметтер көрсетiлмеуi мүмкiн.
4. Бала асырап алу құпиясын талап ететiн жағдайларды қоспағанда, он жасқа толған асырап алынған баланың аты, әкесiнiң аты және тегi оның келiсiмiмен ғана өзгертiлуi мүмкiн.
5. Асырап алынған баланың атының, әкесiнiң аты мен тегiнiң өзгеруi туралы оны асырап алу туралы сот шешiмiнде көрсетiледi.

98-бап. Асырап алынған баланың туған күнi, айы,
жылы мен туған жерiнiң өзгертiлуi

1. Бала асырап алу құпиясын қамтамасыз ету үшiн бала асырап алушының өтiнiшi бойынша асырап алынған баланың туған күнi, айы, жылы алты айдан аспайтын мерзiмге, сондай-ақ оның туған жерi өзгертiлуi мүмкiн.
Үш жасқа дейiнгi баланы асырап алған кезде ғана асырап алынған баланың туған күнiн, айын, жылын өзгертуге жол берiледi.
Асырап алынған баланың туған жерiн өзгерту Қазақстан Республикасы аумағының шегiнде ғана жүргiзiледi және баланың жасына қарамастан асырап алушының қалауы бойынша жол берiледi.
2. Асырап алынған баланың туған күнiнiң, айының, жылының және (немесе) туған жерiнiң өзгеруi туралы оны асырап алу туралы сот шешiмiнде көрсетiледi.

99-бап. Бала асырап алушыларды асырауға алынған
баланың ата-аналары ретiнде жазу

1. Бала асырап алушылардың өтiнiшi бойынша сот туу туралы актiлер жазбалары кiтабына оларды өздерi асырап алған баланың ата-аналары ретiнде жазу туралы шешiм қабылдайды.
2. Мұндай жазбаның қажеттiлiгi соттың бала асырап алу туралы шешiмiнде мiндеттi түрде көрсетiледi.

100-бап. Бала асырап алудың құқықтық салдары

1. Асырап алынған бала және оның ұрпағы - бала асырап алушылар мен олардың туыстарына қатысы бойынша, ал бала асырап алушылар мен олардың туыстары асырап алынған бала мен оның ұрпағына қатысы бойынша жеке мүлiктiк емес және мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерiнде шыққан тегi бойынша туыстарына теңестiрiледi.
2. Асырап алынған бала жеке мүлiктiк емес және мүлiктiк құқықтарынан айрылады және өзiнiң туған ата-аналарына қатысты мiндеттерден босатылады.
3. Баланы бiр адам асырап алған кезде, егер бала асырап алушы ер адам болса - анасының тiлегi бойынша немесе, егер бала асырап алушы әйел болса - әкесiнiң тiлегi бойынша жеке мүлiктiк емес және мүлiктiк құқықтар мен мiндеттердiң сақталуы мүмкiн.
4. Бала асырап алушы асырап алынған баланың меншiгiндегi мүлiктiң сақталуы үшiн жауаптылықта болады. Бала асырап алудан бас тартылған жағдайда, осы мүлiктi қайтару жөнiндегi мiндет те бала асырап алушыға жүктеледi.
5. Асырап алынған баланың ата-аналардың бiреуiмен немесе қайтыс болған ата-анасының туыстарымен қарым-қатынастарының сақталуы туралы бала асырап алу туралы сот шешiмiнде көрсетiледi.
6. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген бала асырап алудың құқықтық салдары, осы баланың туу туралы актiлер жазбалары кiтабында бала асырап алушылардың ата-анасы ретiнде жазылуына қарамастан туындайды.

101-бап. Асырап алынған баланың жәрдемақыға және
басқа да әлеуметтiк төлемдерге құқығының
сақталуы

Өзi асырап алынған кезде жинақтаушы зейнетақы қорларындағы ата-аналарының зейнетақы жинақтарына және асыраушысынан айрылған жағдайы бойынша жәрдемақыға және басқа да әлеуметтiк төлемдерге құқығы бар бала осы құқықты асырап алынған кезде де сақтайды.

102-бап. Бала асырап алу құпиясы

1. Бала асырап алу құпиясы заңмен қорғалады.
2. Ата-аналары, туыстары, баланың құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асырған ұйымдардың және (немесе) бала асырап алуды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырған мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары, бала асырап алу туралы шешiм шығарған судьялар, сондай-ақ бала асырап алу туралы өзгедей түрде хабардар болған басқа да адамдар бала асырап алу құпиясын сақтауға мiндеттi.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2016-04-26; просмотров: 422; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.138.60.175 (0.011 с.)