Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Бап. Бала асырап алуды мемлекеттiк тiркеу орны

Поиск

Бала асырап алуды мемлекеттiк тiркеу бала асырап алу туралы сот шешiм шығарған, баланың туған немесе тұрған жерi бойынша тiркеушi органда жүргiзiледi.

250-бап. Бала асырап алуды мемлекеттiк тiркеу туралы
өтiнiш

1. Бала асырап алуды мемлекеттiк тiркеу жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсеткен және соттың бала асырап алу туралы заңды күшiне енген шешiмiнiң көшiрмесiн ұсынған кезде бала асырап алушының жазбаша өтiнiшi бойынша жүргiзiледi.
Бала асырап алуды мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiштiң нысанын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлейдi.
Бала асырап алушылар бала асырап алуды мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiш беруге жазбаша нотариатта куәландырылған нысанда басқа адамдарға уәкiлеттiк беруге құқылы.
2. Егер бала асырап алушылар немесе уәкiлеттi адам соттың бала асырап алу туралы шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап бiр ай iшiнде бала асырап алуды мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiш жасамаған жағдайда, тiркеушi орган бала асырап алу туралы шешiм шығарған соттан түскен шешiмнiң көшiрмесi немесе сот шешiмiнiң үзiндi көшiрмесi негiзiнде бала асырап алуды мемлекеттiк тiркеу туралы жазбаны дербес жүргiзедi.

251-бап. Шетелдiктердiң бала асырап алуын
мемлекеттiк тiркеу

1. Қазақстан Республикасының аумағында шетелдiктердiң Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланы асырап алуын мемлекеттiк тiркеу, оның iшiнде бала асырап алудың күшiн жою осы Кодекстiң талаптарын сақтай отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
2. Шетелдiктерге асырап алуға берiлген балаларды бақылауды Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi және Қазақстан Республикасының балалар құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi органы жүзеге асырады.

252-бап. Бала асырап алу туралы акт жазбасының
мазмұны

Бала асырап алу туралы акт жазбасына мынадай мәлiметтер:
1) баланы асырап алуды мемлекеттiк тiркегенге дейiнгi және одан кейiнгi баланың аты, әкесiнiң аты (егер бар болса), тегi;
2) баланың туған күнi, айы, жылы, туған жерi және азаматтығы;
3) ата-анасының аты, әкесiнiң аты (егер бар болса), тегi, азаматтығы, акт жазбасында немесе баланың туу туралы куәлiгiнде болған кезде, ұлты;
4) бала асырап алу туралы акт жазбасының жасалған күнi және нөмiрi, баланың тууын мемлекеттiк тiркеудi жүргiзген тiркеушi органның атауы;
5) бала асырап алу туралы актiнiң жасалған күнi;
6) бала асырап алушылардың аттары, әкелерiнiң аттары (егер бар болса), тектерi, азаматтығы, егер жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетiлсе, ұлты, табыс көзi немесе жұмыс орны, тұрақты тұрғылықты жерi;
7) бала асырап алушылардың баланың ата-анасы болып жазылғаны не жазылмағаны;
8) бала асырап алуды мемлекеттiк тiркеу үшiн негiз болып табылатын құжат туралы мәлiметтер;
9) бала асырап алу туралы куәлiктiң сериясы мен нөмiрi енгiзiледi.

253-бап. Бала асырап алу туралы куәлiктi және
баланың туу туралы жаңа куәлiгiн беру

Бала асырап алу туралы куәлiктi бала асырап алушыларға мемлекеттiк тiркелген орны бойынша тiркеушi орган бередi. Асырап алынған баланың туған күнi, айы, жылы мен туған жерiн, тегiн, атын, әкесiнiң атын өзгерткен, сол сияқты бала асырап алушыны туу туралы актiлердi жазу кiтаптарына асырап алынған баланың ата-анасы ретiнде жазған кезде баланың туу туралы жаңа куәлiгi берiледi.
Екi немесе одан да көп бала асырап алған жағдайда бала асырап алу туралы куәлiк әрбiр балаға берiледi.

254-бап. Бала асырап алу туралы куәлiк

Бала асырап алу туралы куәлiк мынадай мәлiметтердi:
1) асырап алынған баланың атын, әкесiнiң атын (егер бар болса), тегiн, туған жерiн;
2) бала асырап алуды мемлекеттiк тiркеу үшiн негiздердi;
3) бала асырап алушылардың аттарын, әкесiнiң аттарын (егер бар болса), тектерiн;
4) бала асырап алуды мемлекеттiк тiркегеннен кейiн берiлген баланың атын, әкесiнiң атын (егер бар болса), тегiн;
5) мемлекеттiк тiркеу күнiн, орнын, тiркеушi органның атауын;
6) бала асырап алу туралы куәлiктiң берiлген күнiн;
7) бала асырап алу туралы куәлiктiң сериясы мен нөмiрiн қамтиды.

255-бап. Бала асырап алу туралы жазбаның күшiн жою

1. Бала асырап алу туралы жазба бала асырап алудың күшiн жою туралы немесе бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы заңды күшiне енген сот шешiмiнiң негiзiнде жойылады.
2. Егер бала асырап алудың күшi олардың өтiнiшi бойынша жойылса, бала асырап алуды жою туралы өтiнiштi баланың ата-анасы немесе, егер бала асырап алудың күшi жойылған болса, оның талап етуi бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын орган бередi.

256-бап. Тiркеушi органдардың бала асырап алудың
құпиясын қамтамасыз етуi

1. Тiркеушi органдардың қызметкерлерi бала асырап алушының келiсiмiнсiз бала асырап алу туралы қандай да бiр мәлiметтердi хабарлауға және бала асырап алушылар асырап алынған баланың ата-анасы емес екенi олардың мазмұнынан көрiнiп тұратын құжаттарды беруге құқылы емес.
2. Асырап алынған бала туралы мәлiметтер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк органдардың сұрау салуы бойынша ғана берiледi.

30-тарау. АТЫН, ӘКЕСIНIҢ АТЫН ЖӘНЕ ТЕГIН АУЫСТЫРУДЫ МЕМЛЕКЕТТIК ТIРКЕУ

257-бап. Атын, әкесiнiң атын, тегiн ауыстыруды
мемлекеттiк тiркеу үшiн негiз

Атын, әкесiнiң атын, тегiн ауыстыруды мемлекеттiк тiркеудi он алты жасқа толған және атын және (немесе) әкесiнiң атын, тегiн ауыстыруға тiлек бiлдiрген адамның жеке өтiнiшi бойынша тiркеушi органдар жүргiзедi.
Атын, әкесiнiң атын, тегiн ауыстыру мынадай дәлелдi себептер:
1) атының, әкесiнiң атының, тегiнiң оғаш естiлуi;
2) атының, әкесiнiң атының, тегiнiң айтуға қиындық келтiруi;
3) егер некенi (ерлi-зайыптылықты) мемлекеттiк тiркеу кезiнде некеге дейiнгi тектерiнде қалса, жұбайымен ортақ текте болғысы келген жұбайдың тiлегi;
4) егер неке (ерлi-зайыптылық) бұзылған кезде бұл туралы мәлiмделмесе, некеге дейiнгi тегiн алғысы келуi;
5) бұрынғы некеден (ерлi-зайыптылықтан) туған балаларымен ортақ текте болғысы келуi;
6) жұбайы қайтыс болған жағдайда некеге дейiнгi тегiн алғысы келуi;
7) жұбайы қайтыс болған жағдайда өтiнiш берушi некеге дейiнгi тегiнде болғанда, балаларымен ортақ текте болғысы келуi;
8) өтiнiш берушi таңдаған ата-аналарының бiрiнiң ұлтына (ата-аналарының ұлты әртүрлi болған кезде) сәйкес келетiн атты және (немесе) тектi алғысы келуi;
9) құжаттардағы атынан өзгеше, өмiрде нақты қалыптасқан атын алғысы келуi;
10) егер некеге отырған (ерлi-зайыпты болған) кезде жұбайының тегi қабылданса, некеге дейiнгi тегiн алғысы келуi;
11) ұлттық дәстүрлерге байланысты әкесiнiң немесе атасының аты бойынша текте болғысы келуi;
12) өтiнiш берушiнi iс жүзiнде тәрбиелеген адамның тегi мен аты бойынша тектi және әкесiнiң атын алғысы келуi;
13) жынысын хирургиялық жолмен өзгерткен кезде таңдаған жынысқа сәйкес келетiн атты, әкесiнiң атын, тектi алғысы келуi кезiнде жүргiзiледi.

258-бап. Атын, әкесiнiң атын, тегiн ауыстыруды мемлекеттiк
тiркеу орны

Атын, әкесiнiң атын, тегiн ауыстыру туралы өтiнiш тiркеушi органға өтiнiш берушiнiң тұрғылықты жерi бойынша берiледi.
Атын, әкесiнiң атын, тегiн ауыстыру туралы өтiнiш қанағаттандырылған жағдайда мемлекеттiк тiркеу азаматтың тұрғылықты жерi бойынша жүргiзiледi.

259-бап. Атын, әкесiнiң атын, тегiн ауыстыру туралы өтiнiш

Атын, әкесiнiң атын, тегiн ауыстыру туралы өтiнiште мынадай мәлiметтер:
1) өтiнiш берушiнiң аты, әкесiнiң аты (егер бар болса), тегi;
2) таңдаған аты, әкесiнiң аты, тегi;
3) атын, әкесiнiң атын, тегiн ауыстырудың себептерi көрсетiлуге тиiс.

260-бап. Атын, әкесiнiң атын, тегiн ауыстыруды
мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiштi қарау
мерзiмдерi

Атын, әкесiнiң атын, тегiн ауыстыру туралы өтiнiштi қарауды тiркеушi орган Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен жүргiзедi.

261-бап. Атын, әкесiнiң атын, тегiн ауыстыру туралы
өтiнiшке қоса берiлетiн құжаттардың тiзбесi

Атын, әкесiнiң атын, тегiн ауыстыру туралы өтiнiшке өтiнiш берушiнiң атын, әкесiнiң атын, тегiн ауыстыруды өтiнуiне байланысты себептердi растайтын мынадай құжаттар:
1) өтiнiш берушiнiң туу туралы куәлiгi;
2) егер өтiнiш берушi некеде тұрса (ерлi-зайыпты болса), неке қию (ерлi-зайыпты болу) туралы куәлiк;
3) егер өтiнiш берушiнiң кәмелетке толмаған балалары болса, баланың туу туралы куәлiктерi;
4) егер оларды тiркеушi органдар тiркеген болса, бала асырап алу туралы куәлiк не әке болуды анықтау туралы куәлiк;
5) егер өтiнiш берушi некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзуға байланысты өзiне некеге дейiнгi тегiн беру туралы өтiнiш жасаса, некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзу туралы куәлiк;
6) өтiнiш берушiнiң екi фотосуретi қоса берiледi.
Қажет болған жағдайда, өтiнiш берушiнiң атын, әкесiнiң атын, тегiн ауыстыруды өтiнуiне байланысты себептердi растайтын қосымша құжаттар талап етiледi.

262-бап. Атын, әкесiнiң атын, тегiн ауыстыруды
мемлекеттiк тiркеуден бас тарту

Тiркеушi органның атын, әкесiнiң атын, тегiн ауыстырудан бас тартуына сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн.

263-бап. Атын, әкесiнiң атын, тегiн ауыстыру туралы
акт жазбасының мазмұны

Атын, әкесiнiң атын, тегiн ауыстыру туралы акт жазбасына мынадай мәлiметтер:
1) адамның мемлекеттiк тiркеуге дейiнгi және одан кейiнгi аты, әкесiнiң аты (егер бар болса), тегi;
2) туған күнi, айы, жылы, туған жерi;
3) азаматтығы, егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетiлген болса, ұлты;
4) тiркелген жерi, туу туралы акт жазбасының жасалған күнi және нөмiрi;
5) атын, әкесiнiң атын, тегiн ауыстыру туралы жазбаның негiзi;
6) жеке басын куәландыратын құжаттардың деректемелерi;
7) мемлекеттiк баждың төленгенi туралы мәлiметтер;
8) құжаттың берiлген күнi және оны берген тiркеушi органның атауы;
9) атын, әкесiнiң атын, тегiн ауыстыру туралы куәлiктiң сериясы мен нөмiрi енгiзiледi.

264-бап. Атын, әкесiнiң атын, тегiн ауыстыруға
байланысты өзгертуге жататын мәлiметтер

Атын, әкесiнiң атын, тегiн ауыстыруға байланысты бұл туралы акт жазбасының негiзiнде адамның өзiне қатысты жасалған туу туралы акт жазбасына ғана өзгерiс енгiзiледi. Басқа жазбаларға өзгерiстер енгiзу жүргiзiлмейдi.
Атын, әкесiнiң атын, тегiн ауыстыру жүргiзiлгенiн растау үшiн белгiленген үлгiдегi атын, әкесiнiң атын, тегiн ауыстыру туралы куәлiк көрсетiледi.

265-бап. Атын, әкесiнiң атын, тегiн ауыстыру туралы
куәлiк беру

Атын, әкесiнiң атын, тегiн ауыстыруды мемлекеттiк тiркеу жасалғаннан кейiн азаматқа атын, әкесiнiң атын, тегiн ауыстыру туралы куәлiк берiледi.
Атын, әкесiнiң атын, тегiн ауыстыру туралы куәлiк тек қана ауыстыру жүргiзiлген адамға мемлекеттiк тiркеу орны бойынша берiледi.

266-бап. Атын, әкесiнiң атын, тегiн ауыстыру
туралы куәлiк

Атын, әкесiнiң атын, тегiн ауыстыру туралы куәлiк мынадай мәлiметтердi:
1) атын, әкесiнiң атын, тегiн ауыстыру туралы мемлекеттiк тiркеуге дейiнгi және одан кейiнгi атын, әкесiнiң атын (егер бар болса), тегiн;
2) туған күнi, айы, жылы мен туған жерiн;
3) атын, әкесiнiң атын, тегiн ауыстыру туралы акт жазбасының жасалған күнiн және нөмiрiн;
4) атын, әкесiнiң атын, тегiн ауыстыруды мемлекеттiк тiркеудi жүргiзген тiркеушi органның атауын;
5) атын, әкесiнiң атын, тегiн ауыстыру туралы куәлiктiң берiлген күнiн;
6) атын, әкесiнiң атын, тегiн ауыстыру туралы куәлiктiң сериясы мен нөмiрiн қамтиды.

267-бап. Азаматтың атын, әкесiнiң атын, тегiн
ауыстыру туралы хабарланатын мемлекеттiк
органдардың тiзбесi

Азаматтың аты, әкесiнiң аты, тегi ауыстырылған жағдайда, бұл туралы хабарлама бiр апта мерзiмде азаматтың тұрақты тұрғылықты жерi бойынша iшкi iстер органдарына, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне, прокуратура және қаржы полициясы органдарына, жергiлiктi әскери басқару органдарына, салық комитетiне, сондай-ақ тууды мемлекеттiк тiркеу орны бойынша тiркеушi органға жiберiледi.

31-тарау. ҚАЙТЫС БОЛУДЫ МЕМЛЕКЕТТIК ТIРКЕУ

268-бап. Қайтыс болуды мемлекеттiк тiркеу үшiн негiз

Қайтыс болуды мемлекеттiк тiркеу үшiн:
1) медициналық ұйым берген, қайтыс болу туралы белгiленген нысандағы құжат;
2) қайтыс болу фактiсiн белгiлеу туралы немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы соттың заңды күшiне енген шешiмi негiз болып табылады.

269-бап. Қайтыс болуды мемлекеттiк тiркеу орны

Қайтыс болуды мемлекеттiк тiркеу қайтыс болған адамның тұрған жерi бойынша немесе ол қайтыс болған жер бойынша тiркеушi органдарда жүргiзiледi.

270-бап. Қайтыс болу туралы мәлiмдеме

1. Қайтыс болу туралы мәлiмдеменi қайтыс болған адаммен бiрге тұрған адамдар, ал ондай адамдар болмаған жағдайда көршiлерi, тұрғын-үй пайдалану ұйымдарының қызметкерлерi, жергiлiктi атқарушы органдар, қайтыс болған адамды күтiп-баққан не адам сонда қайтыс болған ұйымның әкiмшiлiгi немесе мәйiттi тапқан iшкi iстер органы жазбаша немесе ауызша нысанда бередi.
2. Мәйiттерi танылмаған және талап етiлмеген адамдардың қайтыс болуын мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiштi қайтыс болған адамның тұрған жерi бойынша сот-медициналық сараптамасы ұйымының лауазымды адамы жазбаша нысанда бередi.
3. Мәлiмдеме жасаушы қайтыс болу туралы мәлiмдемеде қайтыс болған адам туралы мынадай мәлiметтердi: қайтыс болған адамның атын, әкесiнiң атын (егер бар болса), тегiн, туған жылын, соңғы тұрғылықты жерiн және оның отбасылық жағдайын, қайтыс болған жылын, айы мен күнiн, қайтыс болу себебiн, сондай-ақ қайтыс болу туралы мәлiмдеме жасаған адамның атын, әкесiнiң атын (егер бар болса), тегiн және тұрғылықты жерiн көрсетедi.
4. Қайтыс болуды тiркеу кезiнде қайтыс болған адамның жеке басын куәландыратын құжаттары, әскери билетi тiркеушi органға тапсырылуға жатады.
Ескерту. 270-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2013.01.29 N 74-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

271-бап. Мәйiттерi танылмаған және талап етiлмеген
адамдардың қайтыс болуын мемлекеттiк тiркеу

Мәйiттерi танылмаған және талап етiлмеген адамдардың қайтыс болуын мемлекеттiк тiркеудi тiркеушi органдар мәйiттiң жатқан жерi бойынша немесе сот-медициналық сараптаманың қорытындысын берген жер бойынша жүргiзедi.
Мәйiттерi танылмаған адамдардың қайтыс болуын мемлекеттiк тiркеу кезiнде қайтыс болу туралы актiнiң жазбасына қайтыс болу туралы медициналық куәлiкте қамтылған, мемлекеттiк тiркеу үшiн қажеттi мәлiметтер ғана енгiзiледi.
Егер қайтыс болған адам кейiннен танылған болса, ол туралы жетiспейтiн мәлiметтер қайтыс болу туралы медициналық куәлiктiң және мәлiмдеме жасаушының жазбаша өтiнiшiнiң негiзiнде қайтыс болу туралы актiнiң жазбасына қорытынды жасалмастан енгiзiледi.
Мәйiттерi танылмаған және талап етiлмеген адамдардың мемлекеттiк тiркелгенi туралы жергiлiктi атқарушы органдардың тиiстi қызметiне Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлеген нысан бойынша қайтыс болу туралы анықтама берiледi.

272-бап. Қайтыс болу туралы акт жазбасының мазмұны

Қайтыс болу туралы акт жазбасына мынадай мәлiметтер:
1) қайтыс болған адамның аты, әкесiнiң аты (егер бар болса), тегi, туған күнi, айы, жылы мен туған жерi, соңғы тұрғылықты жерi, жынысы, азаматтығы, егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетiлсе, ұлты, қайтыс болған күнi мен орны;
2) қайтыс болу фактiсiн растайтын құжаттың негiзiнде қайтыс болу себебi;
3) қайтыс болу фактiсiн растайтын құжат;
4) қайтыс болу туралы мәлiмдеме жасаған мәлiмдеме жасаушының аты, әкесiнiң аты (егер бар болса), тегi, тұрғылықты жерi не органның, ұйымның атауы және заңды мекенжайы;
5) қайтыс болу туралы куәлiктiң сериясы мен нөмiрi енгiзiледi.

273-бап. Қайтыс болу туралы куәлiк беру

Қайтыс болу мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн қайтыс болған адамның мұрагерлерiнiң аясына кiретiн жақын туыстарына не қайтыс болған адам қамқорлықтарында болған азаматтарға, сондай-ақ қайтыс болған адам тұрған немесе жазасын өтеген мемлекеттiк ұйымдар әкiмшiлiгiнiң өкiлдерiне қайтыс болу туралы куәлiк берiледi.
Басқа туыстарына қайтыс болу туралы куәлiк мұрагерлiк iс қарауында жатқан нотариустың хабарламасы бойынша берiледi.
Мәйiттерi танылмаған және талап етiлмеген адамдардың қайтыс болуы туралы куәлiк қайтыс болу туралы акт жазбасына барлық қажеттi мәлiметтер енгiзiлгеннен кейiн ғана берiледi.

274-бап. Қайтыс болу туралы куәлiк

Қайтыс болу туралы куәлiк мынадай мәлiметтердi:
1) қайтыс болған адамның атын, әкесiнiң атын (егер бар болса), тегiн, туған күнi, айы, жылы мен туған жерiн, жасын, қайтыс болған күнi мен орнын;
2) қайтыс болу туралы акт жазбасының жасалған күнi мен нөмiрiн;
3) құжаттың берiлген күнiн және оны берген тiркеушi органның атауын;
4) қайтыс болу туралы куәлiктiң сериясы мен нөмiрiн қамтиды.

7-БӨЛIМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ НЕКЕ-ОТБАСЫ ЗАҢНАМАСЫ
НОРМАЛАРЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ

32-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ НЕКЕ-ОТБАСЫ ЗАҢНАМАСЫ
НОРМАЛАРЫНЫҢ ШЕТЕЛДIКТЕРГЕ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҒЫ ЖОҚ АДАМДАРҒА
ҚОЛДАНЫЛУЫ

275-бап. Ерлi-зайыптылардың мүлiктiк емес және
мүлiктiк жеке құқықтары мен мiндеттерi

Ерлi-зайыптылардың мүлiктiк емес және мүлiктiк жеке құқықтары мен мiндеттерi аумағында өздерi бiрге тұратын тұрғылықты жерi бар мемлекеттiң заңнамасымен, ал бiрге тұратын тұрғылықты жерi болмаған кезде аумағында олардың соңғы бiрге тұратын тұрғылықты жерi болған мемлекеттiң заңнамасымен айқындалады. Бұрын бiрге тұратын тұрғылықты жерi болмаған ерлi-зайыптылардың мүлiктiк емес және мүлiктiк жеке құқықтары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.

276-бап. Әке (ана) болуды анықтау және оны даулау

1. Әке (ана) болуды анықтау және оған дау айту бала туған кезде азаматы болған мемлекеттiң заңнамасымен айқындалады.
2. Әке (ана) болуды анықтаудың және оған дау айтудың тәртiбi Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында тiркеушi органдарда әке (ана) болуды анықтауға жол берiлсе, баланың Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде тұратын ең болмаса бiреуi Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын ата-аналары әке (ана) болуды анықтау туралы Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерiне өтiнiш беруге құқылы.

277-бап. Ата-аналардың және балалардың құқықтары мен
мiндеттерi

Ата-аналардың және балалардың құқықтары мен мiндеттерi, оның iшiнде ата-аналардың балаларын күтiп-бағу жөнiндегi мiндетi аумағында олардың бiрге тұратын тұрғылықты жерi бар мемлекеттiң заңнамасымен айқындалады. Ата-аналар мен балалардың бiрге тұратын тұрғылықты жерi болмаған кезде ата-аналардың және балалардың құқықтары мен мiндеттерi бала азаматы болып табылатын мемлекеттiң заңнамасымен айқындалады. Талапкердiң талап етуi бойынша алименттiк мiндеттемелерге және ата-аналар мен балалардың арасындағы басқа да қатынастарға аумағында бала тұрақты тұрып жатқан мемлекеттiң заңнамасы қолданылуы мүмкiн.

278-бап. Кәмелетке толған балалардың, сондай-ақ
отбасының басқа да мүшелерiнiң алименттiк
мiндеттемелерi

Ата-аналардың пайдасына алименттiк мiндеттемелер, сондай-ақ отбасының басқа да мүшелерiнiң алименттiк мiндеттемелерi аумағында олардың бiрге тұратын тұрғылықты жерi бар мемлекеттiң заңнамасымен айқындалады. Бiрге тұратын тұрғылықты жерi болмаған кезде мұндай мiндеттемелер алимент алуға құқығы бар адам азаматы болып табылатын мемлекеттiң заңнамасымен айқындалады.

279-бап. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде
тұратын Қазақстан Республикасы
азаматтарының азаматтық хал актiлерiн
мемлекеттiк тiркеу

1. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты немесе уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеудi Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi жүргiзедi және олар жасаған акт жазбалары Қазақстан Республикасы астанасының аумақтық әдiлет органына берiледi.
2. Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерiнде азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеу кезiнде, егер мүдделi адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылса, Қазақстан Республикасының заңнамасы қолданылады.

280-бап. Азаматтық хал актiлерiнiң жасалуын
растайтын шет мемлекеттердiң құжаттарын
тану

Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты тиiстi мемлекеттердiң заңдары бойынша шет мемлекеттердiң құзыреттi органдары берген Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде азаматтық хал актiлерiнiң жасалғанын растайтын құжаттар, егер олар Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмесе, сондай-ақ консулдық ресмилендiрiлген не арнайы мөртаңба (апостиль) болған кезде Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады.
Қазақстан Республикасының құзыреттi органдары босқындар мен мәжбүрлеп қоныс аударушыларға бұрынғы тұрған жерi бойынша неке қию (ерлi-зайыпты болу), туу туралы куәлiктердi және азаматтық хал актiлерiнiң басқа да құжаттарын алуға жәрдем көрсетуге мiндеттi.

33-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛI ЕРЕЖЕЛЕР

281-бап. Қазақстан Республикасының неке-отбасы
заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық

Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.

282-бап. Осы Кодекстi қолдану тәртiбi

1. Осы Кодекс, осы баптың 2-тармағын қоспағанда, қолданысқа енгiзiлгенiнен кейiн туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
2. Бала асырап алу жөнiндегi агенттiктер осы Кодекс қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл iшiнде Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi органында аккредиттеуден өтуге мiндеттi.

283-бап. Осы Кодекстi қолданысқа енгiзу тәртiбi

1. Осы Кодекс алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
2. «Неке және отбасы туралы» 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 23, 430-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

Қазақстан Республикасының
Президентi Н. НАЗАРБАЕВ



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2016-04-26; просмотров: 483; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.142.130.127 (0.009 с.)