Бап. Бала асырап алуды жарамсыз деп тану
1. Бала асырап алу: 1) бала асырап алу туралы сот шешiмi жалған құжаттар негiзiнде қабылданған; 2) осы Кодекстiң 93-бабында аталған адамдардың келiсiмiнсiз бала асырап алынған; 3) некеде тұрған (ерлi-зайыпты болған) адам басқа жұбайының жазбаша келiсiмiнсiз бала асырап алған; 4) осы Кодекстiң 91-бабының 2-тармағында көзделген ережелер бұзылған жағдайларда жарамсыз деп танылады. 2. Бала асырап алуды жарамсыз деп тану сот тәртiбiмен жүргiзiледi. 3. Бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы iстi асырап алушылардың, прокурордың және қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын орган өкiлiнiң мiндеттi түрде қатысуымен сот қарайды.
104-бап. Бала асырап алуды жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы бар адамдар
Асырап алынған баланың ата-аналары, бала асырап алушының жұбайы, бала асырап алуға байланысты құқықтары бұзылған адамдар, прокурор, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын орган бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы талап қоюға құқылы.
105-бап. Бала асырап алуды жарамсыз деп танудың салдары
1. Бала асырап алу туралы сот шешiмi шыққан кезден бастап бала асырап алу жарамсыз деп танылады. 2. Бала асырап алу жарамсыз деп танылған жағдайда, егер бұл баланың мүдделерi үшiн қажет болса, асырап алынған баланың және бала асырап алушылардың, бала асырап алушылардың туыстарының өзара құқықтары мен мiндеттерi тоқтатылады және бала мен оның ата-аналарының (оның туыстарының) өзара құқықтары мен мiндеттерi қалпына келтiрiледi. 3. Егер олар асырап алу кезiнде өзгерсе, ата-аналардың талап етуi бойынша балаға бұрынғы аты, әкесiнiң аты (егер бар болса) және тегi берiледi, сол сияқты бұрынғы туған күнi, айы, жылы мен туған жерi қалпына келтiрiледi. 4. Бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап сот үш күн iшiнде осы шешiмнiң үзiндi көшiрмесiн бала асырап алуды мемлекеттiк тiркеу орны бойынша тiркеушi органға және қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органдарға жiберуге мiндеттi.
106-бап. Бала асырап алудың күшiн жою негiздерi
1. Егер бала асырап алушы: 1) өзiне жүктелген ата-аналар мiндеттерiн атқарудан жалтарған; 2) ата-ана құқықтарын терiс пайдаланған; 3) асырап алынған балаға қатiгездiк көрсеткен; 4) асырап алынған балаға күш қолданған немесе психикалық зорлық жасаған; 5) асырап алынған баланың жыныстық тиiспеушiлiгiне қастандық жасаған; 6) маскүнемдiкпен, нашақорлықпен және (немесе) уытқұмарлықпен ауырады деп танылған; 7) Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда белгiленген бала құқықтарын бұзған жағдайда бала асырап алудың күшi жойылады. 2. Сот баланың мүдделерiн негiзге алып және оның пiкiрiн ескере отырып, басқа негiздер бойынша да баланы асырап алудың күшiн жоюға құқылы.
107-бап. Бала асырап алудың күшiн жою
1. Бала асырап алудың күшiн жою сот тәртiбiмен жүргiзiледi. 2. Бала асырап алудың күшiн жою туралы iс бала асырап алушылардың, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органның, сондай-ақ прокурордың мiндеттi түрде қатысуымен қаралады. 3. Бала асырап алудың күшiн жою туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап бала асырап алу тоқтатылады. Бала асырап алудың күшiн жою туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап үш күн iшiнде сот осы шешiмнiң үзiндi көшiрмесiн бала асырап алуды мемлекеттiк тiркеу орны бойынша тiркеушi органға және қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органдарға жiберуге мiндеттi.
108-бап. Бала асырап алудың күшiн жоюды талап етуге құқығы бар адамдар
Баланың ата-аналарының, бала асырап алушылардың, бала асырап алушының жұбайының, он төрт жасқа толған асырап алынған баланың, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органның, сондай-ақ прокурордың баланың мүддесiнде бала асырап алудың күшiн жоюды талап етуге құқығы бар.
109-бап. Бала асырап алудың күшiн жоюдың салдары
1. Сот бала асырап алудың күшiн жойған кезде, егер бұл баланың мүдделерi үшiн қажет болса, асырап алынған баланың және бала асырап алушылардың, бала асырап алушылардың туыстарының өзара құқықтары мен мiндеттерi тоқтатылады және бала мен оның ата-аналарының (оның туыстарының) өзара құқықтары мен мiндеттерi қалпына келтiрiледi. 2. Бала асырап алудың күшi жойылған кезде бала сот шешiмi бойынша ата-аналарына берiледi. Ата-аналары болмаған кезде, сондай-ақ баланы ата-аналарына беру оның мүдделерiне қайшы келсе, бала қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органның қамқоршылығына берiледi. 3. Сот сондай-ақ баланың асырап алынуына байланысты оған берiлген аты, әкесiнiң аты (егер бар болса) және тегi сақталды ма, сондай-ақ бала асырап алу кезiнде өзгерген туған күнi, айы, жылы мен туған жерi қалпына келтiрiлдi ме деген мәселенi шешедi. Он жасқа толған баланың аты, әкесiнiң аты немесе тегi оның келiсiмiмен ғана өзгертiлуi мүмкiн. 4. Сот баланың мүдделерiн негiзге ала отырып, осы Кодекстiң 139 және 141-баптарында белгiленген мөлшерде бұрынғы бала асырап алушыны баланы күтiп-бағуға арналған қаражатты төлеуге мiндеттеуге құқылы.
110-бап. Асырап алынған бала кәмелетке толған соң бала асырап алудың күшiн жоюға жол бермеу
Бала асырап алудың күшiн жоюға бала асырап алушы мен асырап алынған баланың, сондай-ақ егер ата-ана құқықтарынан айырылмаған не олар шектелмеген немесе сот әрекетке қабiлетсiз деп танымаған асырап алынған баланың ата-аналары тiрi болса, олардың өзара келiсiмi болған жағдайларды қоспағанда, егер бала асырап алудың күшiн жою туралы талап қойылған кезде асырап алынған бала кәмелетке толса, бала асырап алудың күшiн жоюға жол берiлмейдi.
14-тарау. БАЛА АСЫРАП АЛУ ЖӨНIНДЕГI АГЕНТТIКТЕРДI АККРЕДИТТЕУДI ЖҮРГIЗУ
Бап. Жалпы ережелер
1. Аккредиттеу туралы өтiнiш берген кезде өз мемлекетiнiң аумағында аталған салада филиалдар немесе өкiлдiктер құру жолымен өз қызметiн кемiнде он жыл жүзеге асыратын бала асырап алу жөнiндегi агенттiктер (бұдан әрi – агенттiктер) аккредиттеуге жатады. 2. Аккредиттеу агенттiктiң филиалы және (немесе) өкiлдiгi есептiк тiркелгенге дейiн жүргiзiледi. 3. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органының, жергiлiктi атқарушы органдардың, жетiм балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар ұйымдарының қызметкерлерi, олардың жұбайларын және жақын туыстарын қоса алғанда, агенттiк филиалының және (немесе) өкiлдiгiнiң қызметкерлерi бола алмайды. 4. Бала асырап алу жөнiндегi агенттiктердi аккредиттеу қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
112-бап. Агенттiктердi аккредиттеудi жүргiзу тәртiбi
1. Агенттiктердi аккредиттеу, соның iшiнде аккредиттеуден бас тарту туралы мәселенi Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi органы қарайды. 2. Агенттiктiң сенiм бiлдiрген адамы Қазақстан Республикасының аумағында балаларды асырап алу жөнiндегi жұмысты жүзеге асыру үшiн мынадай құжаттарды: 1) құрылтай құжаттарының нотариатта куәландырылған көшiрмелерiн; 2) оның тиiстi салада қызметтi жүзеге асыруға өкiлеттiгiн растайтын, агенттiк орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органы берген құжаттың көшiрмесiн; 3) агенттiктiң өкiлеттiгiн растайтын құжатты берген немесе агенттiктiң Қазақстан Республикасының аумағында тиiстi қызметтi жүзеге асыру мүмкiндiгi туралы қызметiне бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiң құзыреттi органының ұсыным хатын; 4) бала асырап алуға үмiткерлерге агенттiк ұсынатын, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн; 5) асырап алынған балалардың тұрмыс жағдайлары мен тәрбиесiне бақылауды жүзеге асыру және белгiленген тәртiппен тиiстi есептер және ақпарат беру жөнiндегi мiндеттеменi; 6) бала асырап алушылардың өздерi тұратын мемлекетке келген соң асырап алынған баланың Қазақстан Республикасының консулдық мекемесiнде есепке қойылуын бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттемесiн; 7) агенттiктiң сенiм бiлдiрген адамға берген нотариатта куәландырылған сенiмхатты қоса тiркей отырып, өтiнiш беруге мiндеттi. Осы тармақтың 1) - 4) тармақшаларында санамаланған құжаттар олар берiлген күннен бастап алты ай бойы жарамды болады. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi органы қажет болған жағдайда осы құжаттардың түпнұсқа даналарын қосымша сұратуға құқылы. Барлық ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген тәртiппен заңдастырылуға тиiс. 3. Агенттiктi аккредиттеу туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi органы өз құзыретi шегiнде аккредиттеу мүмкiндiгi туралы тиiстi қорытындылар беретiн Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiмен, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiмен, денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органмен, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiмен және халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсе отырып қабылдайды. 4. Аккредиттеуден бас тартқан жағдайда, оны негiздей отырып, Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi органы аккредиттеу туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешiмдi ол қабылданған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде шығарады. 5. Сенiм бiлдiрiлген адамның аккредиттеу туралы өтiнiшi Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы заңнамасында көзделген мерзiмдерде қаралады. 6. Агенттiктi аккредиттеу туралы шешiм жоғалған кезде, өкiл тиiстi өтiнiш берiлген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi органында оның телнұсқасын алуы мүмкiн. 7. Агенттiк бiр жыл мерзiмге аккредиттеледi. Аккредиттеу туралы шешiм иелiктен шығарылмайды және басқа адамдарға беруге жатпайды. 8. Агенттiктi аккредиттеуден, оның қызмет мерзiмiн ұзартудан және (немесе) оның қызметiн мерзiмiнен бұрын тоқтатудан бас тарту негiздерi: 1) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес болмауы; 2) өз қызметi туралы дәйексiз мәлiметтер ұсынуы; 3) агенттiктiң немесе оның филиалдарының және (немесе) өкiлдiктерiнiң қызметi туралы шет мемлекеттiң құзыреттi органдарынан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарынан келiп түскен келеңсiз ақпараттың болуы; 4) агенттiктiң орналасқан жерi, қолайсыз әлеуметтiк-экономикалық, саяси, экологиялық ахуал, мемлекетте әскери iс-қимылдардың жүзеге асырылуы; 5) агенттiктiң филиалы және (немесе) өкiлдiгi қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуы; 6) агенттiктiң асырап алынған балалардың тұрмыс жағдайлары мен тәрбиесiн бақылау және белгiленген тәртiппен тиiстi есептер және ақпарат беру жөнiндегi өз мiндеттемелерiн бұзуы; 7) агенттiктiң асырап алынған баланың белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының консулдық мекемесiнде есепке қойылуын бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi өз мiндеттемелерiн бұзуы; 8) агенттiктiң өз мемлекетi аумағында қызметiнiң тоқтатылуы болып табылады. 9. Өз қызметiн аккредиттеуден бас тарту туралы шешiмдi алған агенттiк алты ай өткен соң Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi органына қайтадан жүгiнуге құқылы.
113-бап. Агенттiктер филиалдарының және (немесе) өкiлдiктерiнiң қызметiн ұзарту, тоқтата тұру және (немесе) тоқтату
1. Агенттiктi аккредиттеу мерзiмiн ұзарту үшiн ол аккредиттеу мерзiмi өткенге дейiн күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi органына мерзiмдi ұзарту туралы өтiнiш бередi. Агенттiктi аккредиттеу мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiштi Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi органы өтiнiштi қабылдаған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде қарайды. Агенттiктi аккредиттеу мерзiмiн ұзарту туралы (ұзартудан бас тарту туралы) дәлелдi шешiмдi Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi органы қабылдап, агенттiктiң филиалына және (немесе) өкiлдiгiне шешiм қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде жiбередi. 2. Егер олар агенттiктi алғашқы аккредиттеуден кейiн бiр жыл iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген барлық талаптарды сақтаған болса, осы баптың 1-тармағында көзделген мерзiм өткен соң аккредиттеу мерзiмi өздiгiнен ұзартылады. 3. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi органы: 1) осы Кодекстiң нормалары сақталмаған; 2) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi органына және (немесе) өзге де мемлекеттiк органдарға агенттiк филиалының және (немесе) өкiлдiгiнiң қызметiне негiзделiп шағымдар жасалған жағдайда, агенттiктi аккредиттеу туралы шешiмнiң қолданылуын тоқтата тұрады. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi органы Агенттiк филиалының және (немесе) өкiлдiгiнiң қызметiн тоқтату туралы шешiм қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде оларға хабарлайды. 4. Агенттiктi аккредиттеу туралы шешiмнiң қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соққан бұзушылықтар бiр ай iшiнде жойылған кезде Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi органы оны қайтадан қолданысқа енгiзедi. 5. Агенттiктiң филиалдары және (немесе) өкiлдiктерi мынадай жағдайларда: 1) балаларды асырап алу жөнiндегi қызметiн агенттiктiң құрылтай құжаттарына сәйкес жүзеге асырмаса; 2) агенттiктi аккредиттеу туралы шешiмнiң қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соққан бұзушылықтарды бiр ай iшiнде жоймаса; 3) агенттiктiң филиалы және (немесе) өкiлдiгi қызметiн тоқтату туралы өтiнiш берсе; 4) агенттiктi аккредиттеу туралы шешiмнiң қолданылу мерзiмi өтсе және аккредиттеу мерзiмiн жаңа мерзiмге ұзарту мүмкiн болмаса, өз қызметiн тоқтатады. 6. Агенттiк филиалдарының және (немесе) өкiлдiктерiнiң қызметiн тоқтату мәселелерi осы баптың 5-тармағында көрсетiлген мән-жайлар анықталған (туындаған) күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде қаралады. Агенттiк филиалының және (немесе) өкiлдiгiнiң қызметiн тоқтату туралы дәлелдi шешiмдi Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi органы қабылдайды және шешiм қабылданған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде оған жiбередi. 7. Агенттiк филиалының және (немесе) өкiлдiгiнiң қызметiн тоқтата тұру немесе тоқтату туралы шешiм оны бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру арқылы тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң аумағында таратылады.
114-бап. Агенттiк филиалының және (немесе) өкiлдiгiнiң құқықтары мен мiндеттерi
1. Агенттiктiң филиалы және (немесе) өкiлдiгi: 1) агенттiк орналасқан мемлекеттiң азаматтарына, агенттiк өкiлдiгi орналасқан аумақта тұрақты тұратын басқа да мемлекеттердiң азаматтарына бала асырап алуда жәрдем көрсетуге; 2) асырап алынатын бала туралы белгiленген тәртiппен және көлемде ақпарат алуға; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен лауазымды адамдардың және мемлекеттiк органдардың iс-әрекеттерiне және шешiмдерiне шағым жасауға; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасындағы, бала асырап алу тәртiбiндегi өзгерiстер туралы ақпарат және өздерiнiң тiкелей қызметiне қатысты басқа да ақпарат алуға құқылы. 2. Агенттiктердiң филиалы және (немесе) өкiлдiгi белгiленген тәртiппен: 1) аккредиттеу алынғаннан кейiн Қазақстан Республикасының заңнамасында заңды тұлғалардың филиалдарын және (немесе) өкiлдiктерiн есептiк тiркеу үшiн белгiленген тәртiппен есептiк тiркеуден өтуге; 2) аумағында бала асырап алу жөнiндегi қызмет жүзеге асырылатын, Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органы мен оның аумақтық бөлiмшесiне филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтаманы ұсынуға; 3) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органы мен оның аумақтық бөлiмшесiн өз қызметiнiң басталуы туралы бес күн мерзiмде хабардар етуге; 4) асырап алуға бала таңдау үшiн бала асырап алуға үмiткерлердiң құжаттарын Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi органына, сондай-ақ бала асырап алу үшiн сотқа ұсынуға; 5) бала асырап алуға үмiткерлердiң өтiнiштерi негiзiнде баланың аты, жасы, жынысы, денсаулық жағдайы туралы ақпарат алуға; 6) бала асырап алуға үмiткерлердi қабылдау мен орналастыруды және оларға бала асырап алуды ресiмдеуде қажеттi көмек ұйымдастыруға; 7) бала асырап алу туралы iстердi қарау кезiнде сот отырыстарына қатысуға, бала асырап алу туралы сот шешiмiн алуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шегiнен кету үшiн баланың тууы, бала асырап алу туралы куәлiктердi және баланың паспортын ресiмдеуде бала асырап алушыларға жәрдем көрсетуге; 8) Қазақстан Республикасының аумағында бала асырап алуға үмiткерлердiң, сондай-ақ бала асырап алушылардың мүдделерiн бiлдiру бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қызметтi жүзеге асыруға мiндеттi. 3. Агенттiктердiң филиалдары және (немесе) өкiлдiктерi Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi органына аумағында асырап алынған бала тұратын мемлекеттiң құзыреттi органы дайындаған, бала асырап алушылардың өздерiнiң отбасындағы балалардың тұрмыс жағдайы мен тәрбиесi туралы есептер (бұдан әрi - есептер) ұсынуды ұйымдастырады. 4. Бала асырап алу туралы сот шешiмi заңды күшiне енгеннен кейiн алғашқы үш жылда есеп әрбiр алты ай сайын ұсынылады. Кейiннен есептер жыл сайын ұсынылады. 5. Есептер тиiстi шет мемлекеттiң ресми тiлiнде ұсынылады. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, ұсынылатын есептер белгiленген тәртiппен заңдастырылуға, сондай-ақ қазақ немесе орыс тiлiне аударылуға тиiс. Бұл ретте, аударманың мәтiнi не аудармашының қолтаңбасы бала асырап алушылардың тұрғылықты жерi бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерiнде куәландырылады не оны Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариус куәландырады. 6. Асырап алынған балаларды консулдық есепке қою туралы есептер мен ақпараттың есепке алынуы Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi органы айқындайтын тәртiппен жүргiзiледi. Ескерту. 114-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
4-БӨЛIМ. ҚОРҒАНШЫЛЫҚ НЕМЕСЕ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ
15-тарау. ЖЕТIМ БАЛАЛАРДЫ, АТА-АНАЛАРЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАЛАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ОРНАЛАСТЫРУ
115-бап. Жетiм балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау
1. Жетiм балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi органына және өз өкiлеттiктерi шегiнде басқа да мемлекеттiк органдарға, сондай-ақ осы балалардың заңды өкiлдерiне жүктеледi. 2. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалудың нақты мән-жайларын негiзге ала отырып, жетiм балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке алу жөнiндегi қызметтi ұйымдастыру, балаларды орналастырудың нысандарын таңдау, сондай-ақ оларды күтiп-бағу, тәрбиелеу және оқыту жағдайларын одан әрi бақылау жергiлiктi атқарушы органдарға жүктеледi. 3. Мемлекеттiк органдардың өз құзыретi шегiндегi қызметiн қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың жетiм балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды iрiктеу, орналастыру, беру жөнiндегi қызметi бойынша делдалдық және кез келген өзге де қызметке тыйым салынады. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органдардың және жетiм балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау және орналастыру бойынша өздерiне жүктелген мiндеттердi, балалардың құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларды орындайтын басқа да ұйымдардың қызметi, сондай-ақ агенттiктердiң осы Кодексте көзделген қызметi бала асырап алу жөнiндегi делдалдық қызмет болып табылмайды. Осы бапта аталған жеке және заңды тұлғалар өз қызметiнде коммерциялық мақсаттарды көздей алмайды.
116-бап. Жетiм балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау нысандары
Жетiм балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау оларды - отбасына (асырап алуға, қамқоршылыққа немесе қорғаншылыққа, патронатқа) тәрбиелеуге, ал мұндай мүмкiндiк болмаған кезде жетiм балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар үшiн барлық үлгiдегi ұйымдарға беру арқылы жүзеге асырылады.
117-бап. Жетiм балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау және есепке алу
1. Жетiм балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтауды ата-ананың қамқорлығының болмауы туралы өздерiне белгiлi болған барлық жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады. 2. Жеке және заңды тұлғалар жетiм балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы олардың тұратын жерi бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органдардыкешiктiрмей хабардар етуге мiндеттi. 3. Медициналық ұйымдардың лауазымды адамдары жаңа туған бала қалдырылған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органына бұл туралы хабарлауға мiндеттi. 4. Жергiлiктi атқарушы орган оның ата-аналары немесе оның туыстары жағынан қамқорлықтың болмау фактiсi анықталған кезде, мәлiметтер алынған күннен бастап үш күн iшiнде баланың тұрмыс жағдайын зерттеп-қарап шығуға және баланы орналастыру туралы мәселе шешiлгенге дейiн оның құқықтары мен мүдделерiн қорғауды қамтамасыз етуге мiндеттi. 5. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органы жетiм балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұратын жерi бойынша олар туралы мәлiметтер түскен күннен бастап бiр ай iшiнде баланы орналастыруды қамтамасыз етедi (бастапқы есеп). Баланы отбасына тәрбиеге беру мүмкiн болмаған кезде баланы өңiрлiк есепке алу және кейiннен оны Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасы тәрбиесiне орналастыруда жәрдем көрсету үшiн бiр ай өткен соң бала туралы мәлiметтi тиiстi аумақтық-әкiмшiлiк бөлiнiстердiң қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органына жiбередi. 6. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары жетiм балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасының азаматтарына асырап алуға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронат тәрбиешiлерi отбасы тәрбиесiне беру мүмкiн болмаған кезде өзiне бала туралы мәлiметтер түскен күннен бастап екi ай мерзiм өткен соң жетiм балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке қою үшiн Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi органына хабарлауға мiндеттi. Жетiм балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және асырап алуға жататын балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
118-бап. Жетiм балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру
1. Баланың мүддесiне сай асырап алуға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа немесе баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарт бойынша отбасы тәрбиесiне, ал мұндай мүмкiндiк болмаған кезде, барлық үлгiдегi (бiлiм беру, медициналық және басқа да) ұйымдарға берiлген жетiм балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру кезiнде оның ұлты, белгiлi бiр дiнге және мәдениетке қатыстылығы, ана тiлi, тәрбиелеу мен оқытуда сабақтастықты қамтамасыз ету мүмкiндiгi ескерiлуi мүмкiн. 2. Жетiм балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, отбасы тәрбиесiне немесе осы баптың 1-тармағында көрсетiлген ұйымдарға орналастырылғанға дейiн балаларға қорғаншылық немесе қамқоршылық мiндеттерiн атқару баланың тұрған жерi бойынша уақытша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органдарға жүктеледi.
16-тарау. ҚОРҒАНШЫЛЫҚТЫ НЕМЕСЕ ҚАМҚОРШЫЛЫҚТЫ БЕЛГIЛЕУ ТӘРТIБI
119-бап. Қорғаншылық немесе қамқоршылық белгiленетiн адамдар
1. Жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтiп-бағу, тәрбиелеу және оқыту мақсатында, сондай-ақ олардың мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн оларға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгiленедi. 2. Сондай-ақ, әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi кәмелетке толған адамдардың мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн қорғаншылық немесе қамқоршылық белгiленедi. 3. Бұл мән-жайлар балалардың мүдделерiне сай келетiн жағдайларды қоспағанда, бiр отбасында тәрбиеленген бiрге туған ағалы-iнiлер мен апалы-сiңлiлердi әртүрлi адамдардың қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа алуына жол берiлмейдi.
120-бап. Мемлекеттiң қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функциялары
1. Мемлекет кәмелетке толмағандарға және әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi кәмелетке толған адамдарға қатысты қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi өз функцияларын жергiлiктi атқарушы органдар арқылы жүзеге асырады. 2. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi органы мен оның аумақтық бөлiмшелерi мемлекеттiк органдардың және ұйымдардың кәмелетке толмағандарға қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi қызметiн үйлестiрудi және өзара iс-қимылын ұйымдастыруды жүзеге асырады. 3. Мемлекеттiң қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функциялары Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады.
121-бап. Қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгiлеу
1. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органдар қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа мұқтаж адамның тұрғылықты жерi бойынша не қамқорлыққа жататын мүлiктiң орналасқан жерi бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық белгiлейдi. Жекелеген жағдайларда қорғаншылық немесе қамқоршылық қорғаншының немесе қамқоршының тұрғылықты жерi бойынша белгiленуi мүмкiн. 2. Адамды әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп тану туралы шешiм заңды күшiне енген кезден бастап үш күн iшiнде сот оған қорғаншылық немесе қамқоршылық белгiлеу үшiн бұл туралы сол адамның тұрғылықты жерi бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органға хабарлауға мiндеттi. 3. Адамға қорғаншылықты немесе қамқоршылықты немесе мүлiкке қорғаншылықты белгiлеу қажеттiгi туралы тиiстi органдарға белгiлi болған кезден бастап бiр ай iшiнде қорғаншылық немесе қамқоршылық белгiленедi. 4. Қорғаншы немесе қамқоршы тағайындауға мүдделi адамдар сот тәртiбiмен шағым жасауы мүмкiн.
122-бап. Қорғаншылар немесе қамқоршылар
1. Мыналарды: 1) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп таныған адамдарды; 2) сот ата-ана құқықтарынан айырған немесе сот ата-ана құқықтарын шектеген адамдарды; 3) өзiне Қазақстан Республикасының заңында жүктелген мiндеттердi тиiсiнше орындамағаны үшiн қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерiнен шеттетiлген адамдарды; 4) егер сот олардың кiнәсi бойынша бала асырап алудың күшiн жойса, бұрынғы бала асырап алушыларды; 5) денсаулық жағдайына байланысты қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерiн жүзеге асыра алмайтын адамдарды қоспағанда, тек қана кәмелетке толған адамдар қорғаншылар немесе қамқоршылар бола алады. 2. Қорғаншы немесе қамқоршы тек қана оның келiсiмiмен тағайындалуы мүмкiн. Егер бұл қамқорлыққа алынушының мүдделерiне қайшы келмесе, жұбайы, ата-аналары, туыстары немесе қамқорлыққа алынушыға жақын басқа да адамдар қорғаншы немесе қамқоршы болып тағайындалуда басым құқыққа ие болады. Егер қамқорлыққа алынушылардың мүдделерiнiң арасында қайшылықтар болмаса, бiрнеше адам үшiн бiр қорғаншы немесе қамқоршы тағайындауға жол берiледi. 3. Әрекетке қабiлеттi және ата-ана құқықтарынан айрылмаған, бiрақ олардың тәрбиесiн жүзеге асыра алмайтын ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларына қорғаншы немесе қамқоршы тағайындау кезiнде, қорғаншылар немесе қамқоршылар ата-аналардың тiлегi ескерiле отырып тағайындалады. Балаға қорғаншы немесе қамқоршы тағайындау кезiнде қорғаншының немесе қамқоршының адамгершiлiк және өзге де жеке қасиеттерi, оның қорғаншылық немесе қамқоршылық мiндеттерiн орындауға қабiлетi, қорғаншы немесе қамқоршы мен баланың арасындағы қатынастар, қорғаншының немесе қамқоршының отбасы мүшелерiнiң балаға көзқарасы, сондай-ақ, егер бұл мүмкiн болса, баланың өз тiлегi ескерiледi. Егер кәмелетке толмаған балаға қорғаншы немесе қамқоршы болып тағайындалатын адам некеде тұрса (ерлi-зайыпты болса), оның жұбайының келiсiмi талап етiледi. 4. Қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа мұ
|