Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Бап. Суррогат ана болу шарты

Поиск

1. Суррогат ана болу шарты Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының талаптары сақтала отырып, жазбаша нысанда жасалады және мiндеттi түрде нотариатта куәландыруға жатады.
2. Суррогат ана болу шартының жасалуы қосалқы репродуктивтiк әдiстер мен технологияларды қолдану нәтижесiнде туған балаға ерлi-зайыптылардың (тапсырыс берушiлердiң) ата-аналық құқықтары және мiндеттерiнiң болуын әдейi көздейдi.
3. Суррогат ана болу шартымен бiр мезгiлде ерлi-зайыптылар (тапсырыс берушiлер) тиiстi қызметтер көрсететiн, қосалқы репродуктивтiк әдiстер мен технологияларды қолданатын медициналық ұйыммен шарт жасасады.

55-бап. Суррогат ана болу шартының мазмұны

Суррогат ана болу шартында:
1) ерлi-зайыптылардың (тапсырыс берушiлердiң) және суррогат ананың деректерi;
2) суррогат ананың күтiмiне арналған материалдық шығыстарды төлеу тәртiбi және шарттары;
3) тараптардың шарт талаптары орындалмаған кездегi құқықтары, мiндеттерi және жауапкершiлiгi;
4) 57-баптың 1-тармағында көзделген өтемақының мөлшерi және оны төлеу тәртiбi;
5) өзге де, оның iшiнде төтенше оқиға жағдайлары қамтылуға тиiс.

56-бап. Суррогат анаға қойылатын талаптар

1. Суррогат ана болуға тiлек бiлдiрген әйел жиырмадан отыз беске дейiнгi жаста, медициналық ұйымның қорытындысымен расталған, қанағаттанарлық тән денсаулығы, психикалық және репродуктивтiк денсаулығы, сондай-ақ өзiнiң денi сау баласы болуға тиiс.
2. Егер суррогат ана тiркелген некеде тұрған (ерлi-зайыпты болған) жағдайда, суррогат ана болу шартын жасасу кезiнде жұбайының нотариат тәртiбiмен куәландырылуға тиiс жазбаша келiсiмi ұсынылуы қажет.
3. Қосалқы репродуктивтiк әдiстер мен технологияларды қолданатын медициналық ұйым балалы болуға тiлек бiлдiрген адамдардың өздерiнiң не донор банктiң биоматериалдарының сол үшiн пайдаланылғаны туралы толық әрi жеткiлiктi ақпаратпен оларды қолдану туралы қорытынды шығаруға мiндеттi.
Қорытындының бiр данасы нотариатта куәландырылған суррогат ана болу шартына қоса берiледi және мәмiленiң жасалған жерi бойынша сақталады.

57-бап. Суррогат ана болу шарты тараптарының
құқықтары мен мiндеттерi

1. Суррогат ана болу шартын жасасу кезiнде ерлi-зайыптылар (тапсырыс берушiлер):
1) суррогат ананың медициналық зерттеп-қараудан өтуiмен байланысты материалдық шығыстарды көтеруге;
2) қосалқы репродуктивтiк әдiстер мен технологиялар қолданылуына байланысты материалдық шығыстарды көтеруге;
3) қосалқы репродуктивтiк әдiстер мен технологияларды қолданатын медициналық ұйымға тән саулығы, психикалық денсаулығы туралы медициналық қорытындыны, сондай-ақ медициналық-генетикалық зерттеп-қараудың нәтижелерiн ұсынуға;
4) суррогат ананың жүктiлiгi, босануы кезеңiнде және босанғаннан кейiн елу алты күн iшiнде медициналық қызмет көрсету бойынша шығыстарды төлеуге, ал жүктiлiкпен және босанумен байланысты асқыну болған жағдайда, жетпiс күн iшiнде шығыстарды төлеуге мiндеттi.
2. Суррогат ана болу шартын жасасу кезiнде суррогат ана 56-баптың талаптарына сәйкес:
1) тапсырыс берушiлерге өзiнiң тән саулығы, психикалық және репродуктивтiк денсаулығы туралы медициналық қорытындыны ұсынуға;
2) дәрiгердiң үнемi бақылауында болуға және оның ұсынымдары мен тағайындаған емдерiн қатаң сақтауға;
3) өзiмен шарт жасасқан адамдарды суррогат ана болу шартында ескерiлген кезеңдiлiгiмен жүктiлiктiң барысы туралы хабардар етуге;
4) туған баланы өзiмен суррогат ана болу шартын жасасқан адамдарға беруге мiндеттi.
3. Суррогат ана баланы өзге адамдарға беруге құқылы емес.
4. Суррогат ананың тұрақты жұмысы болған кезде еңбек қызметiн жалғастыру мәселесi суррогат ана болу шарты тараптарының өзара келiсiмi бойынша шешiледi.
5. Суррогат ана репродуктивтiк әдiстер мен технологиялар қолданылғаннан кейiн суррогат ана болу шартында көзделген жүктiлiк үшiн жауаптылықта болады және табиғи жүктi болу мүмкiндiгiн болғызбауға мiндеттi.
6. Көп құрсақ көтерiп жүктi болу туралы мәселе суррогат ана болу шарты тараптарының өзара келiсiмi бойынша шешiледi.

58-бап. Қосалқы репродуктивтiк әдiстер мен
технологияларды қолдану

1. Тiркелген некеде тұрған (ерлi-зайыпты болған), сондай-ақ кәмелетке толған, некеде тұрмаған (ерлi-зайыпты болмаған) және медициналық ұйымның қорытындысымен расталған, қанағаттанарлық тән саулығы, психикалық және репродуктивтiк денсаулығы бар әйелдерге қатысты қосалқы репродуктивтiк әдiстер мен технологияларды қолдануға жол берiледi.
2. Донордың шәуетiн қоса алғанда, қосалқы репродуктивтiк әдiстер мен технологияларды қолдану нәтижесiнде өзi баланы көтеретiн және туатын әйел генетикалық ана болып табылады.
3. Бала қосалқы репродуктивтiк әдiстер мен технологияларды қолдану нәтижесiнде туған жағдайда, бұл баланың ата-аналары туралы мәлiметтер осы Кодексте белгiленген тәртiппен жазылады.

59-бап. Суррогат ана болу шартының немесе қосалқы
репродуктивтiк әдiстер мен технологияларды
қолданудың құқықтық салдары

1. Ерлi-зайыптылар (тапсырыс берушiлер) суррогат ана болу шарты негiзiнде қосалқы репродуктивтiк әдiстер мен технологияларды қолдану нәтижесiнде туған баланың ата-аналары болып танылады.
Мұндай әдiстер мен технологияларды қолдану нәтижесiнде не суррогат ана болу шартына сәйкес екi және одан да көп бала туған жағдайда ерлi-зайыптылар (тапсырыс берушiлер) әрбiр туған бала үшiн тең жауаптылықта болады.
2. Суррогат ана болу шартын жасасқан жұбай (тапсырыс берушi) бала туғаннан кейiн туу туралы медициналық куәлiкте оның анасы болып жазылады.
3. Ерлi-зайыптылардың (тапсырыс берушiлердiң) баладан бас тартуы оның туылғаны тiркеушi органда тiркелгеннен кейiн белгiленген тәртiппен ресiмделедi.
Қосалқы репродуктивтiк әдiстер мен технологиялар қолдануға өз келiсiмiн берген не суррогат анамен шарт жасасқан ерлi-зайыптылар (тапсырыс берушiлер) баладан бас тартқан жағдайда, суррогат анадан материалдық шығыстарды өтеудi талап етуге құқылы емес.
Суррогат анамен шарт жасасқан ерлi-зайыптылар (тапсырыс берушiлер) баладан бас тартқан жағдайда, ана болу құқығы өз қалауы бойынша суррогат анада қалатын болады, ал ол бас тартқан жағдайда, бала мемлекет қамқорлығына берiледi.
Ерлi-зайыптылар (тапсырыс берушiлер) баладан бас тартқан кезде және баланы суррогат ана қабылдап алған кезде бұл адамдар суррогат анаға шартта белгiленген мөлшерде және тәртiппен өтемақы төлеуге мiндеттi.
4. Ерлi-зайыптылар (тапсырыс берушiлер) некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзған жағдайда, суррогат ана болу шарты бойынша туған бала үшiн жауапкершiлiк ерлi-зайыптылардың екеуiне де жүктеледi.
5. Ерлi-зайыптылардың (тапсырыс берушiлердiң) бiреуi қайтыс болған жағдайда суррогат ана болу шарты бойынша туған бала үшiн жауапкершiлiк олардың көзi тiрiсiне жүктеледi.
6. Ерлi-зайыптылардың (тапсырыс берушiлердiң) екеуi де қайтыс болған және олардың жақын туыстары туған баланы асырап алудан бас тартқан жағдайда, бұл бала суррогат ананың тiлегi бойынша - оған, ал ол бас тартқан жағдайда, мемлекет қамқорлығына берiлуi мүмкiн.
Қорғаншылық нысанында баланың суррогат анаға не мемлекеттiк ұйымдарға берiлуi оның суррогат ана болу шарты бойынша ерлi-зайыптылардың (тапсырыс берушiлердiң) мұрагерi ретiндегi құқықтарын тоқтатпайды.
7. Суррогат ана болу шарты жасалғаннан кейiн шартта көрсетiлген мерзiм iшiнде қосалқы репродуктивтiк әдiстер мен технологиялардың пайдаланылмауы шарттың жарамсыздығына әкеп соғады.
8. Суррогат ана болу шарты жасалғаннан кейiн суррогат ана табиғи түрде жүктi болған жағдайда шарт бұзылады, ол суррогат ана болу шартына сәйкес тапсырыс берушiлер жұмсаған барлық шығыстарды төлейдi.

10-тарау. БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ

60-бап. Баланың отбасында өмiр сүру және тәрбиелену
құқығы

Өзiнiң мүдделерiне қайшы келетiн жағдайларды қоспағанда, әрбiр баланың отбасында өмiр сүруге және тәрбиеленуге құқығы, өзiнiң ата-аналарын бiлуге құқығы, олардың қамқорлығында болуға құқығы, олармен бiрге тұруға құқығы бар.
Баланың өз ата-анасының тәрбиесiне, өз мүдделерiнiң қамтамасыз етiлуiне, жан-жақты өсiп-жетiлуiне, өзiнiң адами қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне құқығы бар.
Ата-аналары болмаған кезде, олар ата-ана құқықтарынан айрылған не олар шектелген кезде және ата-ана қамқоршылығынан айрылған басқа да жағдайларда осы Кодекстiң 13, 15 және 18-тарауларында белгiленген тәртiппен қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын орган баланың отбасында тәрбиелену құқығын қамтамасыз етедi.

61-бап. Баланың ата-аналарымен және басқа да
туыстарымен араласу құқығы

1. Баланың ата-анасының екеуiмен де, аталарымен, әжелерiмен, аға-iнiлерiмен, апа-сiңлiлерiмен (қарындастарымен) және басқа да туыстарымен араласуға құқығы бар. Ата-аналары некесiнiң (ерлi-зайыптылығының) бұзылуы, оның жарамсыз деп танылуы немесе ата-аналарының бөлек тұруы баланың құқығына әсер етпеуге тиiс.
Ата-аналары бөлек тұрған жағдайда баланың олардың әрқайсысымен араласуға құқығы бар. Сондай-ақ, ата-аналары әртүрлi мемлекеттерде тұрған жағдайда, баланың олармен араласуға құқығы бар.
2. Өмiрлiк қиын жағдайға ұшыраған баланың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өзiнiң ата-аналарымен және басқа да туыстарымен араласуға құқығы бар.

62-бап. Баланың өз пiкiрiн бiлдiру құқығы

Бала отбасында өз мүдделерiн қозғайтын кез келген мәселенi шешу кезiнде өзiнiң пiкiрiн бiлдiруге, сондай-ақ кез келген сот немесе әкiмшiлiк iсiн қарау барысында тыңдалуға құқылы. Бұл өз мүдделерiне қайшы келетiн жағдайларды қоспағанда, он жасқа толған баланың пiкiрi мiндеттi түрде ескерiлуге тиiс. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органдарнемесе сот он жасқа толған баланың және заңды өкiлдердiң қатысуымен өзi берген келiсiмiмен ғана шешiм қабылдай алады.
Баланың пiкiрi ата-аналарының немесе баланың тұратын жерi бойынша басқа да заңды өкiлдердiң қатысуымен қабылданған, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органның шешiмiмен ресiмделедi.

63-бап. Баланың атын, әкесiнiң атын және тегiн алуға
құқығы

1. Баланың атын, әкесiнiң атын және тегiн алуға құқығы бар.
2. Баланың атын өзара келiсiм бойынша ата-аналары немесе баланың басқа да заңды өкiлдерi бередi. Әкесiнiң аты ата-аналарының немесе баланың басқа да заңды өкiлдерiнiң тiлегi бойынша оның әкесi болып көрсетiлген адамның аты бойынша берiледi.
Бөлек жазылған жағдайда қосарланған ат беруге рұқсат етiледi, бiрақ ол екi аттан аспауға тиiс.
Әкесiнде қосарланған ат болған жағдайда, балаға әкесiнiң аты ретiнде олардың бiреуi не әкесiнiң екi аты бiрге жазылып берiледi.
Әкесi атын өзгерткен кезде - оның кәмелетке толмаған баласының, ал кәмелетке толған бала бұл туралы өтiнiш берген кезде, оның әкесiнiң аты өзгередi.
3. Баланың тегi ата-аналарының тегiмен айқындалады. Ата-аналарының тегi әртүрлi болған кезде ата-аналарының келiсiмi бойынша балаға әкесiнiң немесе анасының тегi берiледi.
Ата-аналарының қалауы бойынша баланың тегi ұлттық дәстүрлер ескерiле отырып, әкесi сияқты, анасы тарапынан да әкесiнiң немесе атасының аты берiлуi мүмкiн.
4. Ата-аналар арасында баланың атына және (немесе) тегiне қатысты туындаған келiспеушiлiктер сот тәртiбiмен шешiледi.
5. Егер әкесi анықталмаса, баланың аты анасының көрсетуi бойынша берiледi, әкесiнiң аты баланың әкесi ретiнде жазылған адамның аты бойынша, тегi – анасының тегi бойынша немесе ұлттық дәстүрлер ескерiлiп, баланың атасының аты бойынша берiледi.
6. Егер баланың ата-аналарының екеуi де белгiсiз болса, баланың тегiн, атын, әкесiнiң атын қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын орган, медициналық немесе баланың тұрған жерi бойынша оның құқығын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын басқа да ұйымдар бередi.

64-бап. Баланың атын және (немесе) тегiн өзгерту

1. Ата-аналарының екеуi де тегiн өзгерткен кезде кәмелетке толмаған балалардың тегi өзгередi.
Бала он алты жасқа толғанға дейiн ата-аналарының бiрлескен өтiнiшi бойынша тiркеушi орган баланың мүдделерiн негiзге ала отырып, баланың атын, сондай-ақ оған берiлген тектi ата-анасының екiншiсiнiң тегiне өзгертуге рұқсат бередi.
2. Неке (ерлi-зайыптылық) тоқтатылған немесе неке (ерлi-зайыптылық) жарамсыз деп танылған жағдайда бала өзiне туған кезде берiлген тегiн сақтайды.
3. Егер ата-аналары некенiң (ерлi-зайыптылықтың) бұзылуын тiркеушi органда ресiмдеместен бөлек тұрса және бала өзiмен бiрге тұратын ата-анасы оған өзiнiң тегiн бергiсi келсе, тiркеушi орган бұл мәселенi баланың мүдделерiне қарай және нотариатта ресiмделген басқа ата-ананың пiкiрiн ескере отырып шешедi. Ата-ананың тұратын жерiн анықтау мүмкiн болмаған, ол ата-ана құқықтарынан айрылған не олар шектелген, әрекетке қабiлетсiз деп танылған кезде, сондай-ақ ата-ана баланы күтiп-бағудан және тәрбиелеуден дәлелсiз себептермен жалтарған жағдайларда, ата-ананың пiкiрiн ескеру мiндеттi емес.
4. Егер ата-аналары некенiң (ерлi-зайыптылықтың) бұзылуын тiркеушi органда ресiмдей отырып, бөлек тұрса және бала өзiмен бiрге тұратын ата-анасы оған өзiнiң тегiн бергiсi келсе, тiркеушi орган бұл мәселенi ата-аналарының екiншiсiнiң пiкiрiн ескерместен, баланың мүдделерiне орай шешедi.
5. Егер бала бiр-бiрiмен некеде тұрмайтын (ерлi-зайыпты емес) адамдардан туса және әкесi заңды тәртiппен анықталмаса, тiркеушi орган баланың мүдделерiн негiзге ала отырып, оның тегiн анасының осындай өтiнiш жасаған кезде болған тегiне өзгертуге рұқсат етедi.
6. Он жасқа толған баланың аты және (немесе) тегi заңды өкiлдердiң қатысуымен алынған оның келiсiмiмен ғана өзгертiледi.

65-бап. Баланың ұлты

1. Баланың ұлты оның ата-аналарының ұлтымен айқындалады.
2. Егер ата-аналарының ұлты әртүрлi болса, ұлты балаға жеке куәлiк немесе паспорт берiлген кезде оның қалауы бойынша әкесiнiң немесе шешесiнiң қай ұлтқа жататынына сәйкес айқындалады.
3. Одан әрi баланың ұлты оның өтiнiшi бойынша тек қана ата-аналарының екiншiсiнiң ұлтына өзгертiлуi мүмкiн.

66-бап. Баланың мүлiктiк құқықтары

1. Баланың өзi ата-аналарынан және отбасының басқа да мүшелерiнен осы Кодекстiң 5-бөлiмiнде белгiленген тәртiппен және мөлшерде күтiп-бағу қаражатын алуға құқығы бар.
2. Жетiм балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар ұйымдарының басшыларын қоспағанда, балаға алимент, жәрдемақы ретiнде тиесiлi сомалар баланың ата-аналарының немесе басқа заңды өкiлдерiнiң билiк етуiне түседi және олар осы сомаларды баланы күтiп-бағуға, бiлiм беруге және тәрбиелеуге жұмсайды.
3. Баланың өзi алған табыстарға, өзi сыйға немесе мұрагерлiк тәртiппен алған мүлiкке, сондай-ақ оның өз қаражатына алынған басқа да кез келген мүлiкке меншiк құқығы бар.
Өз еңбегiнен табыс алатын бала, егер ол ата-аналарымен бiрге тұрса, отбасын күтiп-бағу жөнiндегi шығыстарға қатысуға құқылы.
Баланың өзiне меншiк құқығымен тиесiлi мүлiкке билiк ету құқығы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiмен айқындалады.
Ата-аналар баланың мүлкiн басқару жөнiндегi құқықтылықты жүзеге асыру кезiнде оларға осы Кодекстiң 128-бабында белгiленген қағидалар қолданылады.
4. Бiрге тұратын бала мен ата-аналар бiр-бiрiнiң мүлкiн өзара келiсiм бойынша иеленiп, пайдалана алады.
5. Ата-аналар мен баланың ортақ меншiк құқығы туындаған жағдайда олардың ортақ мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiмен айқындалады.

67-бап. Баланың өз құқықтары мен заңды мүдделерiн
қорғау құқығы

1. Баланың өз құқықтары мен заңды мүдделерiнiң қорғалуына құқығы бар.
Баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды ата-аналары немесе баланың басқа да заңды өкiлдерi, ал Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын орган, прокурор және сот, сондай-ақ iшкi iстер органдары және өз құзыретi шегiнде өзге де мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.
Кәмелетке толғанға дейiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әрекетке толық қабiлеттi деп танылған кәмелетке толмаған баланың өз құқықтары мен мiндеттерiн, оның iшiнде қорғалу құқығын өз бетiнше жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Баланың ата-аналар және басқа да заңды өкiлдер тарапынан жасалатын қиянаттан қорғалуға құқығы бар.
Баланың құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған кезде, оның iшiнде ата-аналар немесе басқа да заңды өкiлдер баланы күтiп-бағу, тәрбиелеу, оған бiлiм беру жөнiндегi мiндеттерiн орындамаған кезде немесе тиiсiнше орындамаған кезде не ата-ана (қорғаншылық, қамқоршылық) құқықтарын терiс пайдаланған кезде бала - қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органға, ал он төрт жасқа толғанда сотқа өз құқықтарын қорғау үшiн өз бетiнше жүгiнуге құқылы.
3. Баланың өмiрiне немесе денсаулығына қауiп төнгендiгi туралы, оның құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылғандығы туралы өздерiне белгiлi болған мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың лауазымды адамдары және өзге де азаматтар бұл туралы баланың нақты тұратын жерi бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органғахабарлауға мiндеттi. Мұндай мәлiметтер алынған кезде қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын орган баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiнде қажеттi шаралар қолдануға мiндеттi.

11-тарау. АТА-АНАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI

68-бап. Ата-аналардың құқықтары мен мiндеттерiнiң теңдiгi

1. Ата-аналардың өз балаларына қатысты тең құқықтары және тең мiндеттерi (ата-ана құқықтары) болады.
2. Осы тарауда көзделген ата-ана құқықтары балалары он сегiз жасқа (кәмелетке) толғанда, сондай-ақ кәмелетке толмаған балалары некеге отырған (ерлi-зайыпты болған) кезде тоқтатылады.

69-бап. Кәмелетке толмаған ата-аналардың құқықтары

1. Кәмелетке толмаған ата-аналардың баламен бiрге тұруға және оның тәрбиесiне қатысуға құқығы бар.
2. Некеде тұрмаған (ерлi-зайыпты болмаған), кәмелетке толмаған ата-аналар өздерiнде бала туған жағдайда және өздерiнiң ана және (немесе) әке болуы анықталған кезде олар он алты жасқа толған соң ата-ана құқықтарын өз бетiнше жүзеге асыруға құқылы. Кәмелетке толмаған ата-аналар он алты жасқа толғанға дейiн қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын орган балаға қорғаншы тағайындайды, ол баланың кәмелетке толмаған ата-аналарымен бiрге оны тәрбиелеудi жүзеге асырады. Баланың қорғаншысы мен кәмелетке толмаған ата-аналары арасында туындаған келiспеушiлiктердi кәмелетке толмаған баланың және ата-аналарының мүдделерi мен құқықтарын ескере отырып, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын орган шешедi.
3. Кәмелетке толмаған ата-аналардың жалпы негiздерде өздерiнiң әке және ана болуын тануға және оған дау айтуға құқығы бар, сондай-ақ өздерi он төрт жасқа толғаннан кейiн сот тәртiбiмен өз балаларына қатысты әке болуды анықтауды талап етуге құқығы бар.

70-бап. Ата-аналардың баланы тәрбиелеу және оған
бiлiм беру жөнiндегi құқықтары мен
мiндеттерi

1. Ата-аналар өз баласының денсаулығына қамқорлық жасауға мiндеттi.
2. Ата-аналардың өз баласын тәрбиелеуге құқығы бар және осыған мiндеттi.
Ата-аналардың барлық өзге адамдар алдында баласын тәрбиелеуге басым құқығы бар.
Бала тәрбиелеушi ата-аналар оның дене бiтiмi, психикалық, адамгершiлiк жағынан және рухани дамуына қажеттi өмiр сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшiн жауаптылықта болады.
3. Ата-аналар баласының мiндеттi орта бiлiм алуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
Ата-аналардың бала жалпы орта бiлiм алғанға дейiн оның пiкiрiн ескере отырып, бiлiм беру ұйымын және баланың оқу нысанын таңдауға құқығы бар.
4. Баланың тәрбиесi мен бiлiм алуына қатысты барлық мәселелердi баланың мүдделерiн негiзге алып және оның пiкiрiн ескере отырып, өзара келiсу арқылы ата-аналар шешедi. Ата-аналардың арасында келiспеушiлiктер болған кезде, бұл келiспеушiлiктердi шешу үшiн қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органғанемесе сотқа жүгiнуге құқылы.

71-бап. Ата-аналардың баланың құқықтары мен
мүдделерiн қорғау жөнiндегi құқықтары
мен мiндеттерi

1. Ата-аналар өз баласының заңды өкiлдерi болып табылады және арнайы өкiлеттiктерсiз кез келген жеке және заңды тұлғаларға қатысты, оның iшiнде соттарда оның құқықтары мен мүдделерiн қорғайды.
2. Егер қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын орган ата-аналар мен баланың мүдделерi арасында қайшылықтар барын анықтаса, ата-аналар өз баласының мүдделерiн бiлдiруге құқылы емес. Ата-аналар мен баланың арасында келiспеушiлiктер болған жағдайда, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын орган баланың құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн өкiл тағайындауға мiндеттi.
Егер ата-аналар балаға қатысты ата-ана құқықтарынан айрылған не олар шектелген жағдайда, баланың мүдделерiн бiлдiруге құқылы емес.

72-бап. Ата-ана құқықтарын баланың мүддесiнде
жүзеге асыру

Ата-ана құқықтары баланың мүдделерiне қайшы жүзеге асырылмауға тиiс. Баланың мүдделерiн қамтамасыз ету оның ата-аналары жасайтын негiзгi қамқорлықтың нысанасы болып табылады.
Ата-ана құқықтарын жүзеге асыру кезiнде ата-аналар баланың дене бiтiмi мен психикалық денсаулығына, оның адамгершiлiк жағынан дамуына зиян келтiруге құқылы емес. Баланы тәрбиелеу тәсiлдерi адамның қадiр-қасиетiн кемсiтетiн немқұрайлылықты, қатыгездiктi, дөрекiлiктi, баланы қорлауды немесе қанауды болғызбауға тиiс.

73-бап. Баласынан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана
құқықтарын жүзеге асыруы

1. Баласынан бөлек тұратын ата-ананың баласымен араласуға, оның тәрбиесi мен баланың бiлiм алуы мәселелерiн және бала үшiн басқа да маңызды мәселелердi шешуге қатысуға құқығы бар.
Егер мұндай араласу баланың тән саулығы мен психикалық денсаулығына, оның адамгершiлiк жағынан дамуына зиян келтiрмесе, баласы өзiмен бiрге тұратын ата-ана баланың екiншi ата-анасымен араласуына кедергi жасамауға тиiс.
2. Ата-аналары бөлек тұратын кезде баланың тұрғылықты жерi мен заңды мекенжайы ата-аналарының келiсiмiмен белгiленедi.
Келiсiм болмаған кезде ата-аналардың арасындағы дауды баланың мүдделерiн негiзге алып және оның пiкiрiн ескере отырып, ата-аналардың талап етуi бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органның қатысуымен сот шешедi. Бұл ретте сот баланың ата-аналардың әрқайсысына, аға-iнiлерi (қарындастары) мен апа-сiңлiлерiне үйiрлiгiн, баланың жасын, ата-аналардың адамгершiлiк және өзге де жеке қасиеттерiн, ата-аналардың әрқайсысы мен баланың арасындағы қарым-қатынастарды, баланың дамуы және тәрбиесi үшiн жағдайлар жасау мүмкiндiгiн (ата-аналар қызметiнiң түрiн, жұмыс режимiн, ата-аналардың материалдық және отбасылық жағдайын және басқа да осындай жағдайларды) ескередi.
3. Ата-аналар баладан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана құқықтарын жүзеге асыру тәртiбi туралы жазбаша түрде келiсiм жасасуға құқылы.
Егер ата-аналар келiсiмге келе алмаса - дауды қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын орган, ал оның шешiмiмен келiспеген жағдайда осы органның және баланың ата-аналарының қатысуымен сот шешедi.
4. Ата-ана құқықтарын жүзеге асыру тәртiбi туралы сот шешiмi орындалмаған жағдайда, кiнәлi ата-ана Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
Сот шешiмi қасақана орындалмаған кезде баласынан бөлек тұратын ата-ананың талап етуi бойынша сот баланың мүдделерiн негiзге алып және баланың пiкiрiн ескере отырып, баланы оған беру туралы шешiм шығара алады.
5. Баласынан бөлек тұратын ата-ананың бiлiм беру ұйымдарынан, медициналық және басқа да ұйымдардан өз баласы туралы ақпарат алуға құқығы бар.
Ата-ана тарапынан баланың өмiрi мен денсаулығына қатер болған жағдайда ғана ақпарат беруден бас тартылуы мүмкiн. Ақпарат беруден бас тартуға сот тәртiбiмен дау айтылуы мүмкiн.

74-бап. Ата-аналардың баланы басқа адамдардан талап
ету құқығы

1. Ата-аналар баланы заңның немесе сот шешiмiнiң негiзiнсiз өз қолында ұстап отырған кез келген адамнан оны қайтаруды талап етуге құқылы. Дау туындаған жағдайда ата-аналар өз құқықтарын қорғау үшiн сотқа жүгiнуге құқылы.
Бұл талаптарды қарау кезiнде сот, егер баланы ата-аналарына беру баланың мүдделерiне сай келмейдi деген қорытындыға келсе, баланың пiкiрiн ескере отырып, ата-аналардың талап-арызын қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.
2. Егер сот ата-аналары да, бала қолында отырған адамның да оның тиiстi түрде тәрбиесiн және дамуын қамтамасыз етуге жағдайы келмейтiнiн анықтаса, сот баланы қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органның қамқорлығына бередi.

12-тарау. АТА-АНА ҚҰҚЫҚТАРЫНАН АЙЫРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕКТЕУ

75-бап. Ата-ана құқықтарынан айыру

1. Егер ата-аналар:
1) ата-аналық мiндеттерiн орындаудан жалтарса, оның iшiнде алимент төлеуден қасақана жалтарса;
2) өз баласын перзентханадан (оның бөлiмшесiнен), жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ұйымдарынан және өзге де ұйымдардан алудан дәлелсiз себептермен бас тартса;
3) өздерiнiң ата-ана құқықтарын терiс пайдаланса;
4) балаға қатыгездiк көрсетсе, оның iшiнде оған күш қолданса немесе психикасына зорлық жасаса, оның жыныстық тиiспеушiлiгiне қастандық жасаса;
5) спирт iшiмдiктерiне немесе есiрткi заттарына салынса, психотроптық заттарды және (немесе) осыларға ұқсас заттарды терiс пайдаланса, олар ата-ана құқықтарынан айрылады.
2. Ата-аналар өз баласының, жұбайының не отбасының басқа да мүшелерiнiң өмiрiне немесе денсаулығына қарсы қасақана қылмыс жасаған кезде ата-ана құқықтарынан айрылады.

76-бап. Ата-ана құқықтарынан айыру тәртiбi

1. Ата-ана құқықтарынан айыру сот тәртiбiмен жүргiзiледi.
Ата-ана құқықтарынан айыру туралы iстер ата-аналардың бiреуiнiң немесе баланың басқа да заңды өкiлдерiнiң, кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау жөнiндегi мiндеттер жүктелген органдардың немесе ұйымдардың өтiнiштерi, сондай-ақ прокурордың талабы бойынша қаралады.
2. Ата-ана құқықтарынан айыру туралы iстер прокурордың және қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органның қатысуымен қаралады.
3. Ата-ана құқықтарынан айыру туралы iстi қарау кезiнде сот ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналардан алимент өндiрiп алу туралы мәселенi шешедi.
4. Егер сот ата-ана құқықтарынан айыру туралы iстi қарау кезiнде ата-аналардың iс-әрекетiнен қылмыстық жазаланатын әрекет белгiлерiн байқаса, ол мұны жеке қаулымен прокурордың назарына жеткiзуге мiндеттi.
5. Ата-ана құқықтарынан айыру туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап үш күн iшiнде сот бұл шешiмнiң үзiндi көшiрмесiн баланың тууын мемлекеттiк тiркеу орыны бойынша тiркеушi органға және баланың тұратын жерi бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органға жiберуге мiндеттi.

77-бап. Ата-ана құқықтарынан айырудың салдары

1. Ата-ана құқықтарынан айыру баламен туыстық фактiсiне негiзделген барлық құқықтардан, оның iшiнде одан күтiп-бағу қаражатын алу, сондай-ақ балалары бар азаматтар үшiн белгiленген жеңiлдiктер мен мемлекеттiк жәрдемақыны алу құқықтарынан айрылуға әкеп соғады.
2. Ата-ана құқықтарынан айыру ата-аналарды өз баласын күтiп-бағу мiндетiнен босатпайды, бұл мiндет оны асырап алуға байланысты тоқтатылады.
3. Бала мен ата-ана құқықтарынан айырылған ата-ананың одан әрi бiрге тұруы туралы мәселе сот тәртiбiмен шешiледi.
4. Ата-анасы ата-ана құқықтарынан айырылған бала тұрғын жайға меншiк құқығын немесе тұрғын жайды пайдалану құқығын, сондай-ақ ата-аналарымен және басқа да туыстарымен туыстық фактiсiне негiзделген мүлiктiк құқықтарын, оның iшiнде мұра алу құқығын сақтайды.
5. Баланы басқа ата-анаға беру мүмкiн болмаған кезде немесе ата-аналарының екеуi де ата-ана құқықтарынан айырылған жағдайда, бала қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органның қамқоршылығына берiледi.
6. Егер бұл балаға терiс әсер етпесе, ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналардың өтiнiшi бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын орган баламен жолығуға рұқсат етедi.
7. Ата-аналары ата-ана құқықтарынан айырылған жағдайда бала асырап алуға соттың ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру туралы шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап алты ай өткен соң жол берiледi.
Ата-аналарының бiреуi ата-ана құқықтарынан айырылған баланы асырап алуға екiншi ата-анасының келiсiмiмен жол берiледi.

78-бап. Ата-ана құқықтарын қалпына келтiру

1. Егер ата-аналар мiнез-құлқын, тұрмыс салтын және бала тәрбиесiне көзқарасын өзгерткен болса, сот олардың ата-ана құқықтарын қалпына келтiруi мүмкiн.
2. Ата-ана құқықтарын қалпына келтiру ата-ана құқықтарынан айырылған ата-ананың өтiнiшi бойынша сот тәртiбiмен жүзеге асырылады. Ата-ана құқықтарын қалпына келтiру туралы iстер ата-ананың, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органның, сондай-ақ прокурордың қатысуымен қаралады.
3. Егер ата-ана құқықтарын қалпына келтiру баланың мүдделерiне қайшы болса, сот баланың пiкiрiн ескере отырып, ата-аналардың ата-ана құқықтарын қалпына келтiру туралы талап-арызын қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.
Он жасқа толған балаға қатысты ата-ана құқықтары оның келiсiмiмен ғана қалпына келтiрiлуi мүмкiн.
Егер бала асыра



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2016-04-26; просмотров: 965; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.17.181.181 (0.016 с.)