ытай, Жапон, Корея елдерінің ұлттық костюмдерінің ерекшеліктері. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

ытай, Жапон, Корея елдерінің ұлттық костюмдерінің ерекшеліктері.

Поиск

Жапония. ХІХ ғасырдан бері бұл елдің ұлттық киімі кимоно болып келеді. Сонымен қатар, гейшалардың да жұмыс киімі болып кеткен. Құрылымы жағынан, кимоно иық пен белді ғана бөліп көрсетіп тұрады да, дененің басқа тұстарын байқатпайды. Осындай киімдегі қыздың қасында әрбір жапондық жігіт өзін самурай сезіне алады.

Қытай. Қытай ұлттық киімі дегенде ең алдымен ханьфумен танысқан жөн. Себебі, қытайлықтар ұзақ уақыт бойы Хань әулетінің киімдерін киіп жүрген, осыдан ханьфу деген атау шықты. Бұдан басқа, ұлттық киімнің астынан ципао аталатын ұзын көйлек киіледі. Қытай монархиясының дәурені аяқталғанда ципао әйелдердің күнделікті тұрмысқа киетін киіміне айналып кетті.

Корей халқының киімдерінде де өзіндік ерекшеліктері бар. Ерлер киімі — кең пішілген кеудеше, кең балақты шалбар. Костюм әдетте ақ матадан (қыста мақта сальшып) тігіледі. Шалбар белінен оралады, қызыл асықтан тоқыма баумен байланып, ақ шұлыққа сұғындырылып қойылады. Әйелдер киімі жіңішке ұзын жеңі бар кофтадан, белін жалпақ белбеумен байлап қоятын кең етегі тігілген юбкадан тұрады. Балалар киімдері де пішілуі мен тігілуі жөнінен үлкендердің киімінен көп ерекшеленбейді. Ұлттық киім үлгілері осы уақытқа дейін бастапқы қалпын сақтап келеді. Әйелдері мереке күндері киетін киімдердің бояуының түрлі-түсті болуына мән берген. Қыз балалардың мерекелік киімі қызыл түсті юбка және ашық қызғылт түсті кофтадан тұрады. Дегенімен қазіргі кезде киімдердің аталған үлгіде болуы міндетті саналмай, бүгінгі өмірге бейімделген. Бір аңғаратын жәй — корейлер жұмысқа еуропалық үлгідегі киімдерді киеді. Ерте кезде шаруалар аяқтарына жуан иірілген жіптен немесе соломнан тоқылған сандал, ал жауынды күндері өкшесі биік етіліп ағаштан ойылып жасалған аяқ-киім киетін болған. Мәселен, орыс мұжықтары шіліктен шәрке тоқып кисе, қазақтар мал терісінен жасалған шәркеш пайдаланғаны тарихтан мәлім.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 3; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.145.34.42 (0.006 с.)