Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Киім», «костюм», «сән», «тарихи стиль» және «көркем стиль» ұғымдарын анықтау.Содержание книги
Поиск на нашем сайте
Киім – адамның денесіне киюге арналған бұйым, жасанды жамылғы түрлері. Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды. Оның тұтыну мәнімен бірге ғұрыптық және белгілі бір мақсатқа қызмет ететін маңызы бар. Киім тігуге мал, аң терілері, өсімдік, ағаш, балық, құс өнімдері, жасанды материалдар пайдаланған. Киім тігісті және тігіссіз болып бөлінеді. Адамзат палеолитдәуірінде тігіссіз, байланатын лыпа Киімдерді пайдаланса, неолит кезеңінде, яғни өсімдіктерді өру, иіру, тоқу кәсібін игергеннен кейін – иықтан, мықыннан киілетін Киім түрлері пайда болды. Тігіссіз Киім адам денесіне оралады, байланады. Мысалы, үнділіктер сари, шалма, шәлі; кавказдықтар бурка; римдіктер тога; ежелгі гректер гиматий; солтүстік халықтары теріден жасалған тұлып; тайгалықтар тері желбегей; қиыр шығыстықтар теңіз жәндіктерінен Киім дайындады. Аяқкиім түрлі ағаш, тері, көннен жасалады. Кеуделік Киім пішілуіне қарай тұйық (орыс косовороткасы, эскимос анорині), алды ашық желбегей (камзол, шапан) болып келеді. Киім белгілі дәрежеде адамдардың жас айырмашылығын, әлеуметтік ерекшеліктері мен этнографиялық ортасын танытады. Көшпелілер адамзат тарихында атқа отыруға қолайлы болу үшін ойлап тапқан кең шалбар мен екі өңірі алдынан ашылатын қаусырынатын кеуде Киім – шапанды адамзат өркениетіне қосты. Әлеуметтік дәрежесіне қарай қазақ халқы арасында би, бақсы, бай, сал-сері (жарғақ, шалбар, мауыты, шәйі көйлек), қойшы (шекпен, кебенек, сырттық, күләпара), балуан, батыр Киімдері болған. Жас ерекшелігіне қарай бала Киімі, бозбала Киімі, бойжеткен Киімі, қалыңдық, жас жігіт, келіншек, бәйбіше Киімі, ақсақал Киімдері үлгілерінің әшекейі, тігілуі, сырылып, кестеленуі әртүрлі болып келеді. Жасы ұлғайған адамның Киімі денеге қонымды, кең, мол пішілген, әшекейі, жалтырауығы аз, қарапайым, кең бола түседі. Күйеу киімі – ұзын төбе тымақ, қызыл манат шапан. Сонымен бірге бақсы Киімі, сал-сері Киімінің де өзіндік сәндік ерекшелігі болады. Әркімнің жеке басында іштік, сырттық, сулық, бір киер, сәндік және кейбірінде салтанат, ғұрып Киімі болады. Бір киер Киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиындарға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді Киімдерді атаған. Қазақ салтында ер жігіт жекпе-жекке түсерде, соғысқа барарда Киімдердің ең жақсысын, көрнектісін киген (қараңыз [1]). Қазіргі заманғы Киім түрлері күнделікті өмірде, жұмыста, қызметте, қыдыруға, спортпен шұғылданғанда, демалыс орындарында киюге арналады. Сондай-ақ, әскерилердің, өзге де мамандықтардың арнаулы Киімдері, сәндік Киімдер түрлері бар.
Костюм – өнер туындысы. Ол адамзат мәдениетінің даму кезеңдерін көрсетеді. Сонымен, адам қоғамда этикетке, ал костюм өз кезегінде дәуірдің стиліне бағынышты. ХVIII ғасырда жаңа рококо (фрнац. раковина таңғажайып түрлі әшекей) стилі пайда болады. Рококо – сәнді, нәзік, кейбір сезімталдық, нақыштық, майысқақтық белгіні алып жүретін сәндік стиль. Бароко стиліндегі киімдермен салыстырғанда, рококо стилінің киімдері көп өзгеріске ұшырамады, тек сызықтары бұрынғысынан да көріктірек, мәндірек болды. Ал қазіргі заманғы костюмдерді шартты түрде қарапайым геометриялық мүсіндерге жатқызуға болады. Сән ( франц. Moda, лат. Modus – өлшем, әрекет тәсілі)- киім кию мәдениеті, өмірдің әр түрлі сферасында жеке талғамның уақытша үстемдік етуі. Сән – әлеуметтік, экономикалыққұбылыс. Адам қоғамының дамуына, жаңа тарихи қоғамдастықтар пайда болуына байланысты адам киімі де түбірімен өзгеріп отырады. Қазіргі сәнді демократияшыл деуге де болады, себебі қазіргі таңдау идеясы мен еркіндіктің көптігімен, яғни әртүрлі стильдерімен, пішіндерімен, үлгілерімен, көлемдерімен, киім ұзындығымен, алуан түсті гаммалығымен ерекшеленеді. Қазіргі сәнде екі бағыт айрықша көзге түседі: ол – ретроспективалы (өткенге бағытталған) және перспективалы (болашаққа бағытталған).
Тарихи стиль (Төлебай Нұрболат – Саржанова Ұлболсы) – қандай да бір дәуірдің киім стилі мен сәнін айқындайтын шаш үлгісі. XVIII ғасыр Рококко дәуіріндегі кең көлемді түрлі әшекейлермен сәнделген шаш сәні. Бұл дәуірде сұрғылт ашық бет түсі сәнге еніп және жасанды меңдер қойып, көздерін қара күлмен бояған.
|
||||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 3; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.222.182.195 (0.009 с.) |