Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Ресейдегі сәнді үй ерекшеліктері.Содержание книги
Поиск на нашем сайте
Жырақта түтін түтетіп жүрген омбылық қандасымыз, жас та болса талантты сәнгер Ермек Хапизов есімі тек Ресейге ғана емес, алыс-жақын шетелдерге де жақсы таныс. Өткен жылы «Ресейдің ең үздік жас шығармашылық қайраткері» атанған ол осы ел үкіметінің «Өнерді дамытуға қосқан үлесі үшін» Алғыс-хатымен марапатталған болатын. Ресей Суретшілер одағының, Халықаралық Суретшілер одағының мүшесі, «Ресейдің болашағы» қоғамдық сыйлығының иегері атанып отырған Ермек қай жұмысын бастаса да ұлттық нақышты танытуды мақсат тұтып отырғаны сүйсінтеді. Омбыда туып-өскен өрен 13 жасынан бастап дизайн және сән өнерінің әліппесін меңгеріп, көптеген халықаралық конкурстарға қатысып танылады. Мектепте оқып жүріп Мәскеуге шақырту алып, Вячеслав Зайзевтің де шеберханасында қызмет етті. Әсіресе, «Бигайша ана», «Рубаи» атты этностильдегі топтамалары көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіп отыр. Сән әлемінде өзіндік орнын қалыптастырған азамат 31 қаңтар күні Омбы қаласында Қазақстан Республикасының Елшілігі жанында KHAPIZOV ERMEK сән үйін ашты. Осылайша, Ресейде сән үйін ашқан тұңғыш қазақ дизайнерімен әңгімелесудің де сәті түсті. – Жаңа бастамаңыз құтты болсын! Тұсаукесер рәсімі қалай өтті? – Бұл Омбы қазақтары үшін үлкен мереке болды. Себебі, барлық ұлттық мейрамдарда елшілік жанында, осы Шоқан Уәлиханов көшесінде жиналып, мерекені тойлаймыз. Сондықтан дәл осы көшені таңдауым да кездейсоқ емес еді. Омбыдағы «Мөлдір» атты қазақ мәдениетінің Сібір орталығы да бұл бастамамды қолдады. Оны 28 жылдан бері ҚР еңбек сіңірген қайраткері Алтынай Жүнісова апайымыз басқарып келеді. Ол қазақ тілін, мәдениетін дәріптеу жолында қыруар жұмыстар атқарып келе жатқан ұлтжанды апайларымыздың бірі. Ашылу салтанатында сол орталықтан «Әйгерім» би ансамблі өнер көрсетті. Ал лентаны қиюды өзімді тәрбие-леп өсірген ардақты ата-анама тапсырдым. Жиылған халық қарасы көп болды. Келген қонақтар соңғы топтамаммен танысып, тапсырыстар бергендерде табылды. Бұл сән үйін ашу – менің көптен бері ойлап жүрген арманым еді. Расында бір Омбының өзінде 300 мыңға жуық қазақ тұрады. Алайда ұлттық киімдер мен ұлттық дүниелерді шығаратын өндіріс орны жоқтың қасы. Сондықтан бұл бірінші кезекте ұлттық брендті қалыптастыру мақсатында ашылған сән үйі. Бес түрлі бағытта жұмыс істейміз. Бірінші, жеке тапсырыспен киім тігу бөлімі, екінші, этникалық стильдегі киімдер дүкені болса, үшінші, ұлттық зергерлік бұйымдар жасау, төртінші, үйге арналған ұлттық стильдегі бұйымдар бөлімі. Ал соңғы бөлімде тері мен былғарыдан жасалған бұйымдарды дайындаймыз. – Омбыда 300 мың қазақ тұрады екен. Қандастарымыз ата-дәстүріміз мен тілімізді қаншалықты біледі? – Мен – қазақтың баласымын. Ата салтымыз бен ұлттық мәдениетімізді тереңірек зерттеп, барша әлемге ұлттық киімдерімізді танытуды мақсат тұттым. Мені алаңдататыны, әлі күнге дейін Ресейде қазақ мектебі ашылған жоқ. Ресейдің Білім және ғылым министрлігінің заңнамасына сәйкес, қазақ тілі, Қазақстан тарихы тек қосымша курс ретінде ғана оқытылады. Осындай жайттар қазақ баласының өз ана тілін, тарихын білуіне кедергі келтіреді. Ресейде көптеген ұлт пен ұлыстар тұрады. Қай ұлтты алып қарасаңыз да, бір-бірімен өз тілінде тілдесетінін көріп таңданасыз. Ал бізде жағдай мүлдем бөлек. Сондықтан қазақ қазақтығын сақтау керек. Омбыда «Мөлдір» атты қазақ мәдениетінің Сібір орталығы да бар. Қолдан келгенше, барлығымыз қазақтықты сақтауға атсалысып келеміз. Бірақ ең бірінші «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деген ұранды негізге алу қажет. Жасыратыны жоқ, жастардан бұрын апталдай азаматтардың өзі ұлттық киімдеріміздің атауларын дұрыс білмейді. Міне, осының өзі менің ұлттық дүниені жаңғыртуыма сеп болды. Ұлттық киімдерімізді жаңғыртып, қайта шығарсақ қана бүгінгі өске-лең ұрпақ оның мән-маңызы мен тарихын ұғынатыны айдай анық. Омбы қаласында мектепте оқитын оқушыларға арнап «Қазақтың ұлттық киімдері» тақырыбында лекциялар өткізіп тұрамын. Қазақтың өзге ұлттарда жоқ ерекшелігі – жеті атасын сақтауы. «Жеті атасын білмеген жетесіз» деген көнеден қалған сөздің астарында үлкен пәлсапа жатыр. Атасының ғана емес әулетінің шежіресіне қанығып өскен баланың ата тегін қадір тұтатыны белгілі. Сонымен қоса, жаһанның медицина қызметкерлері мен генетик ғалымдары жеті атадан қыз алыспаудың ұрпақ денсаулығы мен қан тазалығының кепілі екенін жамыра жар салуда. Сондықтан қазақ халқының мұндай тектілігін қай жерде жүрсек те ұмыт-пағанымыз абзал. – Қазақтың ұлттық киімдеріне Ресейде сұраныс бар ма? – Біздің әрбір салт-дәс-түрімізден бастап, ұлттық киімдерімізге дейін өзге ұлт өкілдерін таңдандыратыны ақиқат. Тіпті қазақтың оюланған барқыт камзолына тапсырыс беретін орыс қыздары да жетеді. Олар тіпті ұлттық оюларымыздың әрқайсысының өзіндік мән-мағынасы бар екеніне қызығады. Бірақ айта кететін жайт, көптеген сәнгерлер оюларымызды орынсыз пайдаланатынын байқап жүрмін. Яғни, қолданылу орнын ажырата алмайды. Қазақтың оюларының көпшілігі мүйізге негізделген. Атап айтсақ, «қошқармүйіз», «арқармүйіз», «бұғымүйіз», «қырықмүйіз», «қосмүйіз», «сыңармүйіз», «сынықмүйіз», «төртқұлақ», «түйетабан», «сыңарөкше», «қосалқа», «құс қанаты», «қаз-табан» деп жалғаса береді. Сонымен бірге, базарларда қырғыздың оюланған камзолдары мен көйлектері тұрады. Ал мұны айырмаған адамдар қазақтың оюы деп сатып алады. Киім тігу де – өнер. Ал ұлттық киім үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Этникалық стильді таңдаған сәнгер ұлттық тарихпен танысып шығып, әрбір бедер мен оюды дұрыс пайдалана білсе құба-құп. Жуырда Алматыда болдым. Бірінші кезекте отандық дизайнерлердің дүкендерін аралап шықтым. Сонда байқағаным, маталардың көпшілігі Қырғызстаннан әкелінген. Тіпті қыз ұзатуға арналған салтанатты көйлектердің өзінен қырғыз халқының нақышы байқалады. Бұл да үлкен қателік. Қазақы оюды ажырата алмағандықтан осындай кемшіліктер орын алып отыр. Ал жеңілдікпен алынатын көйлек 100 мың теңгенің шамасында тұрады. Мұндай киімді әркім сатып ала алмайды. Осылайша, біз ұлттық дүниені бүгінгі заманмен үндестіріп, халыққа таныстыра алмайтыны-мыз анық. Сондықтан Қазақстанда жеңіл өнеркәсіпті дамытып, тікелей киім тігу саласына субсидиялар бөлінсе деген тілегім бар. Отандық өндірісті дамыту өте маңызды. Ал арнайы гранттар бөлу бұл салаға жаңа дем беретіні анық.
|
|||||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 3; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.144.227.187 (0.011 с.) |