Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Костюм және тарихи контекст.

Поиск

12. Костюм және тарихи контекст.

Костюм – өнер туындысы. Ол адамзат мәдениетінің даму кезеңдерін көрсетеді. Сонымен, адам қоғамда этикетке, ал костюм өз кезегінде дәуірдің стиліне бағынышты. ХVIII ғасырда жаңа рококо (фрнац. раковина таңғажайып түрлі әшекей) стилі пайда болады. Рококо – сәнді, нәзік, кейбір сезімталдық, нақыштық, майысқақтық белгіні алып жүретін сәндік стиль. Бароко стиліндегі киімдермен салыстырғанда, рококо стилінің киімдері көп өзгеріске ұшырамады, тек сызықтары бұрынғысынан да көріктірек, мәндірек болды. Ал қазіргі заманғы костюмдерді шартты түрде қарапайым геометриялық мүсіндерге жатқызуға болады.

Түзу силуэт өзінің ерекшілігі бойынша тіктөртбұрышқа немесе шаршыға жақындау. Трапеция силуэті үстіңгі жағы тар, төменгі жағы кең трапецияны елестетеді.

Үшбұрыш силуэті төменгі жағы үшкірлеу келеді де, үстіңгі жағы кеңейіп кеоген үшбұрышқа жақын. Сопақ және Жартышар силуэттері геометриялық сопақ мүсінді елестетеді. Бұл силуэттерді екі геометриялық фигуралардың қосындысы деуге де болады: жартылай сопақ және төменгі бөлігі төртбұрыш. Бұйымның ұзындығы мен енінің арақатынасы, бұйымның жалпы көлеміне қарай әрбір бөлшектің өлшемі келесі бөлшектің өлшеміне байланысты алынады. Мысалы: үсті қысқа, төменгі жағы ұзын; үстіңгі жағы ұзын, төменгі жағы қысқа; үсті мен төменгі жағы бірдей.

Костюмді композициялауда түс үлкен рөл атқарады. Түсті дұрыс қолдану киім моделін жасауда көп көмегін тигізеді. Қазіргі заман жеткіншектерінің киім үлгілері, көңіл – спорттық, фольклорлық еркін стильде болуымен сипатталады.

13. Сәннің қалыптасуы:Еуропадағы сәнді индустрияның дамуы.

Сәнді өнімдерді өндірумен, сатумен және қызмет көрсетумен айналысатын компаниялар көп миллиардтаған табыс беретін, бірақ өте ірі инвестицияларды қажет ететін алып индустрияны білдіреді. Кейбір бағалаулар бойынша, 2000-шы жылдың басынан бастап сән индустриясы қазіргі экономиканың капиталды көп қажетсінетін салаларының арасында 5-ші орында тұр.

Сән индустриясының мақсаты әдетте сәнді өнімнің соңғы тұтынушыларының сұранысын қанағаттандыру болып табылады. Алайда, қазіргі әлемде сәнді деп саналатын ұғымдарды қалыптастыру мен тарату, бұрыннан стихиялық бола тұрып, экономиканың маңызды саласына (Маркетинг – жарнама және PR бөлігі) айналғанын атап өткен жөн.

Қазіргі заманғы сән индустриясы қалыптасқан қажеттіліктерге "қайта құру" емес, болжамдау мен жоспарлауға негізделген. Киім стиліндегі өзгерістер дүкендерде пайда болғанға дейін жарты жыл бұрын белгілі болады,ол кезде жаңа үлгілердің арнайы көрсетілімдерінің нәтижелері бойынша журналист-талдаушылар алдағы маусымның жаңалықтары мен негізгі үрдістері туралы хабарлайды. Сол уақытта "шоу-румдар" (премьералық демонстрациялар) барысында сауда фирмаларының өкілдері дүкендерге арналған коллекцияларға тапсырыс жасайды. Тек тапсырыстың барлық пакетін жинап, дайын киім өндірушілер коллекцияларды жаппай тиражбен шығара бастайды.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 3; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.191.26.149 (0.007 с.)