азақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың
САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕСІ
Р/н
№
Құрылымдық элементі
Ескі редакцияда
Жаңа редакцияда
І. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» ҚР Конституциялық заңы
1.
2-бап
Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің
пайдаланылуын реттейтін заңнама
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін орналастыру және пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Конституциялық заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дайындауды және пайдалануды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дайындау және пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Конституциялық заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
2.
4-баптың
1-тармағының төртінші бөлігі
Мемлекеттік Ту басқа да ғимараттарда (үй-жайларда) олардың иелерінің еркі бойынша көтерілуі (тігілуі) мүмкін.
Мемлекеттік Ту басқа да ғимараттарда (үй-жайларда) олардың иелерінің еркі бойынша тігілуі мүмкін.
3.
6-баптың
2-тармағының бірінші бөлігі
жоқ
нотариустардың мөрлерінде;
4.
8-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы
телевизия және (немесе) радио хабарларын таратуды жүзеге асыруға лицензиясы бар бұқаралық ақпарат құралдарының теле- және радиобағдарламалары эфирге шыққан кезде тәулік сайын, олардың хабар таратуы басталғанда және аяқталғанда;
теле-, радиоарналар эфирге шыққан кезде тәулік сайын, олардың хабар таратуы басталғанда және аяқталғанда;
5.
10-баптың
5) тармақшасы
жоқ
өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.
6.
11-баптың 1-тармағы, 5) тармақшасы
жоқ
Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
7.
11-баптың 2-тармағы, 3) тармақшасы
жоқ
Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
8.
15-бап
|