Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

абатты (30 метрге дейін) ғимараттарда

Поиск

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК  ТУЫН, МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАСЫН ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ БЕЙНЕЛЕРІН, СОНДАЙ-АҚ  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  МЕМЛЕКЕТТІК ГИМНІНІҢ МӘТІНІН ОРНАЛАСТЫРУ ЕРЕЖЕСІ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы N 873 қаулысымен «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру ережесін бекіту туралы».

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына (бұдан әрі – Конституциялық Заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану тәртібін айқындайды.


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Мемлекеттік Елтаңбасын бір және (немесе) көп қабатты ғимараттарда экстерьерлі нұсқада орналастыру кезінде ғимараттың сәулеттік ерекшеліктері ескеріледі және мынадай өлшемдер пайдаланылады:

Ғимаратта орналасуы:

1, 2, 3, 4, 5 қабатты (20 метрге дейін) ғимараттарда

 

Мемлекеттік Ту (1 х 2 метр өлшеммен) ғимараттың төбесінде немесе фронтонында немесе ғимаратқа кіреберіс маңдайшада орналастырылады


- бір қабатты ғимаратта Мемлекеттік Елтаңба (диаметрі 500 миллиметр) ғимараттың жабу деңгейінде немесе фронтонында немесе ғимаратқа кіреберіс маңдайшада орналастырылады

- 2, 3, 4, 5 қабатты (20 метрге дейін) ғимараттарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы соңғы қабаттың жабу деңгейінде немесе фронтонында (диаметрі 1-ден 1,5 метрге дейін) немесе ғимаратқа кіреберіс маңдайшада (диаметрі 500 миллиметр) орналастырылады

 

 

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы ғимараттың төбесінде немесе фронтонында (1,5 х 3 метрден 2x4 метрге дейін өлшеммен) немесе ғимаратқа кіреберіс маңдайшада (1x2 метр өлшеммен) орналастырылады

 

6, 7, 8, 9 қабатты (30 метрге дейін) ғимараттарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы соңғы қабаттың жабу деңгейінде немесе фронтонында (диаметрі 2 метр) немесе ғимаратқа кіреберіс маңдайшада (диаметрі 500 миллиметр) орналастырылады



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 3; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.226.172.2 (0.005 с.)