Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Білім беру ұйымдарында ұлттық, мемлекеттікСодержание книги
Поиск на нашем сайте
Білім беру ұйымдарында ұлттық, мемлекеттік мерекелерді, сондай-ақ басқа да салтанатты іс-шараларды өткізу кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қолдану жөніндегі үлгілік нұсқаулық
1. Білім беру ұйымдарында ұлттық, мемлекеттік мерекелерді, сондай-ақ басқа да салтанатты іс-шараларды өткізу кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қолдану жөніндегі үлгілік нұсқаулық білім беру ұйымдарында ұлттық, мемлекеттік мерекелерді, сондай-ақ басқа да салтанатты іс-шараларды өткізу кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қолдануды және орналастыруды нақтылау мақсатында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы Конституциялық Заңына және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы №873 қаулысына сәйкес әзірленді. 2. Азаматтыққа және отансүйгіштікке, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуді қалыптастыру, сондай-ақ олардың мәні мен маңызын түсіндіру мақсатында оларды оқыту жалпы орта, кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарының негізгі жалпы білім беру бағдарламаларына енгізіледі. 3. Жалпы орта, кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында арнайы оқшауланған көрнекті орынға ұдайы Мемлекеттік Ту тігіледі, Мемлекеттік Елтаңба не олардың бейнесі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мемлекеттік тілдегі мәтіні орналастырылады. 4. Білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы міндетті түрде орналастырылуы қажет. 5. Білім беру ұйымдарының ғимараттарында тұрақты тігілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына тәуліктің қараңғы мерзімінде жарық түсіп тұруға тиіс. 6. Қоғамдық бірлестіктердің және басқа да ұйымдардың тулары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туымен бірдей болмауға тиіс. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы басқа тулардан төмен орналастырылмайды. 7. Тарих, бастапқы әскери дайындық кабинеттерінде мектеп тақтасының сол жағындағы қабырғада Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің бұрышы орналастырылады. 8. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының, Мемлекеттік Елтаңбасының мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимні мәтінінің бейнелері бар стенділер (плакаттар) әсем безендірілуі және шаруашылық-тұрмыстық бөлмелерден, кіре берістен және киім ілетін бөлмелерден алыс орналасуы тиіс. 9. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының, Мемлекеттік Елтаңбасының мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимні мәтінінің бейнелері бар стенділерге (плакаттарға) орналастырған кезде Мемлекеттік рәміздер бейнелерінің бірдеңгейлі орналастырылуының сақталуы, сондай-ақ олардың орналасу реті: Ту, Елтаңба, Гимн болуы тиіс. 10. Білім беру ұйымдары Ұлттық, Мемлекеттік мереке күндерін, сондай-ақ салтанатты іс-шараларды өткізу кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін міндетті түрде қолданулары тиіс. 11. Оқу жылының басталуы мен аяқталуына арналған салтанатты іс-шараларда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы ту көтеруші топтың саптық жүрісімен «Дайындалыңыздар! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы кіргізілсін!» бұйрығынан кейін енгізіледі. Ту көтеруші топ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туымен өту рәсімінен кейін мектептік жиынның басты бөлігінде саптың алдына келіп тұрады. 12. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы енгізілгеннен кейін барлық қатысушылар тік тұрып Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындайды (тыңдайды), бұл ретте Қазақстан Республикасының азаматтары оң қолын жүрек тұсына қояды. 13. Іс-шара ақталған кезде «Дайындалыңыздар! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы шығарылсын!» деген бұйрық бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туын алып шығу рәсімі орындалады. 14. Оқу жылының басталуы мен аяқталуына арналған іс-шараларда Мемлекеттік Гимн Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын флагштокқа көтеру кезінде қолданылады. Флагштокқа бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көтерілсін!» деген бұйрықтан кейін көтеріледі. Оны көтеру құқығы оқу үздігіне беріледі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын салтанатты жағдайда көтеру және тігу кезінде Мемлекеттік Гимн орындалады, бұл ретте қатысушылар жүздерін Туға қарай бұрады. 15. Білім беру ұйымдары Ұлттық, Мемлекеттік мереке күндерін, сондай-ақ салтанатты іс-шараларды өткізу кезінде тік тұрып Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындайды (тыңдайды), міндетті түрде қолданулары тиіс. 16. Мемлекеттік Гимнді оркестр, хор, окрестр мен хор орындайды не ол өзге де вокалдық және аспаптық түрде орындалады. Бұл ретте дыбыс жазу құралдары пайдаланылуы мүмкін. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін ықшамдап орындауға жол беріледі. 17. Іс-шараның соңында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы түсірілсін!» деген бұйрықтан кейін ту көтеруші топ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын түсіреді және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы шығарылсын!» деген бұйрықтан кейін ту көтеруші топ оқушылардың алдыңғы қатарынан өтіп, Мемлекеттік Туды алып шығады. 18. Білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін ауыстыру және жою жөніндегі тұрақты комиссия құрылады. Мемлекеттік стандарттарға сәйкес келмейтін (Ту - 988-2007 ҚР СТ сәйкес суреті, Елтаңба - 989-2008 ҚР СТ сәйкес суреті) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін ауыстыру және жоюды жүзеге асыру, оларды қайта пайдалану мүмкіндігін болдырмау мақсатында өртеу, балқыту, 2,5 шаршы сантиметрден аспайтын мөлшерде майдалап бөлшектеу, ұсақтау, қалыпсыз массаға немесе ұнтақ күйге айналдыру арқылы жүргізіледі. 19. Мемлекеттік стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. 20. Білім беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің дұрыс орналастыруы мен қолданылуына дербес жауапты болады.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 3; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.145.176.46 (0.006 с.) |