Жарыстардың ашылу және жабылу кезіндегі Тумен өткізілетін салтанатты шеру
Жарыстардың ашылу және жабылу кезіндегі Тумен өткізілетін салтанатты шеру
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындау тәртібі
"Мемлекеттік стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы № 862 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1381 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Мемлекеттік стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы № 862 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 36, 404-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: Тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою қағидаларын бекіту туралы»; кіріспенің мәтіні мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы Конституциялық заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою қағидалары бекітілсін.»; көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1381 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы № 862 қаулысымен бекітілген
|