ІІІ. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі
ІІІ. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі
10.
317-4-бап
жоқ
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасын, сондай-ақ олар бейнеленген материалдық объектілерді дайындау кезінде ұлттық стандарттарды бұзу
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасын, сондай-ақ олар бейнеленген материалдық объектілерді дайындау - жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкім-шілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет- жеке тұлғаларға – сексен, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлше-рінде айыппұл салуға әкеп соғады.
11.
354-1-бап.
Мемлекеттiк нышандарды пайдалану тәртiбiн бұзу
1. Жеке және заңды тұлға-лардың Қазақстан Республи-касының мемлекеттiк нышандарын заңсыз пайдалануы, - ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекеттiк нышандарды пайдалану мiндеттi болып табылатын жағдайларда оларды пайдаланбау, - ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
|