азақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі N 1193 Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі N 1193 Жарлығы
«8. Банкноттар мен монеталар дизайны мынадай бейнелердiң бiрiнен және/немесе бiрнешеуiнен тұруға тиiс: 1) мемлекеттiк нышандар».
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi
1997 жылғы 16 шiлдедегі N 167
(2012 ж.28.06. өзгерістермен)
«317-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қорлау.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қорлау – бір мыңнан екi мыңға дейінгі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға немесе бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады».
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы N 155 Кодексі
(2012ж. 28.06.өзгерістермен.)
«354-1-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын пайдалану, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін пайдалану және орындау тәртiбiн бұзу.
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін заңсыз пайдалану, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін пайдалану және орындау - екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Мемлекеттiк рәміздерді пайдалану мiндеттi болып табылатын жағдайларда оларды пайдаланбау, - лауазымды адамдарға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, - төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады».
|