Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

азақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы N 490 Заңы

Поиск

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы N 490 Заңы

«23-бап. Дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органның құзыреті.
(2012 ж.  10.07. өзгерістермен)


19-1) Қазақстан Республикасының аумағында спорттық іс-шаралар және шет мемлекеттерде халықаралық спорттық іс-шаралар өткізу кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дайындауды және пайдалануды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауды қамтамасыз етеді».

 

«33-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиадалық комитеті.
(2012 ж.  27.04. өзгерістермен)

 


2. Олимпиада, Азия ойындарында және Халықаралық олимпиадалық комитеттің қамқорлығы аясында өткізілетін басқа да халықаралық спорт шараларында Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командаларының өнер көрсетуі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы астында жүзеге асырылады».

 

 «Жарнама туралы»

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 508 Заңы


«7-бап. Жөнсiз жарнама түрлерi.

3. Мыналар:
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандарына, ұлттық валютасына немесе шетел валютасына, дiни нышандарға нұқсан келтiретiн жарнама әдепсiз жарнама болып табылады.

«Саяси партиялар туралы»

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 15 шілдедегі N 344 Заңы

(2012ж. 24.12. енгізілген толықтырулармен және өзгерістермен  )


«7-бап. Саяси партияның атауы мен рәмiзi.

3. Саяси партияның өз рәмiзi ретiнде Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердiң мемлекеттiк нышандарын пайдалануға құқығы жоқ».

«Лицензиялау туралы»

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы N 214 Заңы

(2012 ж. 28.06.  өзгерістермен)


«34-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дайындау саласындағы қызметті лицензиялау.

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау үшін лицензияның болуы талап етіледі».

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 3; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.21.105.21 (0.007 с.)