Мы поможем в написании ваших работ!
ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
|
Тарау. ҚазаҚстан республикасыныҢ мемлекеттік гимні
7-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасын және басқа да елтаңбаларды Қазақстан Республикасының аумағында бір мезгілде пайдалану
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы мен шет мемлекеттердің елтаңбаларын немесе қоғамдық бірлестіктің, басқа да ұйымның елтаңбаларын (геральдикалық белгісін) бір мезгілде орналастырғанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының көлемі басқа елтаңбалардың көлемінен кіші болмауға тиіс. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы басқа елтаңбалардан (геральдикалық белгілерден) төмен орналастырылмайды.
4-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ГИМНІ
8-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін пайдалану тәртібі
1. Мемлекеттік Гимн: 1) Қазақстан Республикасының Президенті қызметке кіріскен кезде - ол ант бергеннен кейін; 2) Қазақстан Республикасы Парламенті сессияларының ашылуы және жабылуы кезінде; 3) Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мерекелеріне, сондай-ақ өзге де салтанатты іс-шараларға арналған жиналыстар мен мәжілістердің салтанатты ашылуы кезінде; 4) теле-, радиоарналар эфирге шыққан кезде тәулiк сайын, олардың хабар таратуы басталғанда және аяқталғанда; 5) Қазақстан Республикасы халқының өміріндегі аса маңызды тарихи оқиғаларды атап өту құрметіне ескерткіштерді, монументтерді, құлпытастарды және басқа да ғимараттарды ашу кезінде; 6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктері мен өзге де ұйымдары өткізетін рәсімдер, салтанатты және спорттық іс-шаралар кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көтерілген кезде; 7) Қазақстан Республикасына мемлекеттік немесе ресми сапармен келген шет мемлекеттердің басшыларын қарсы алу кезінде - тиісті шет мемлекеттің мемлекеттік гимні орындалғаннан кейін; 8) жалпы орта, кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта, кәсіптік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жаңа оқу жылының ашылу және оқу жылының аяқталу рәсімдері кезінде, сондай-ақ өзге де салтанатты іс-шаралар өткізілген кезде; 9) Қазақстан Республикасының ұлттық (құрама) командасы қатысатын спорттық іс-шаралар өткізілген кезде орындалады. 2. Қарулы Күштердің әскери құрамаларында, бөлімдерінде, бөлімшелерінде, мекемелерінде және басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда Мемлекеттік Гимнді орындау тәртібі жалпы әскери жарғыларда айқындалады. Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.06.28 N 23-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Конституциялық Заңымен.
|