Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

азақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы

Поиск

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын пайдалану, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін пайдалану және орындау тәртібін бұзу

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаң-басын және олардың бейнелерін заңсыз пайдалану, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып, Қазақстан Респуб-ликасының Мемлекеттік Гимнін пайдалану және орындау -

екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Мемлекеттiк рәміздерді пайдалану мiндеттi болып табылатын жағдайларда оларды пайдаланбау -

лауазымды адамдарға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

   3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған-әрекеттер,-

   төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Қазақстан Республикасымың мемлекеттік рәміздерді қолдану саласындағы нормативтік-құқықтық базасына шолу                                                   


Қазақстан Республикасының Конституциясы

(Конституция 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды)

«34-бап

2. Әркiм Республиканың мемлекеттiк рәміздерін құрметтеуге мiндеттi».

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы Қазақстан» Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы N 258 Конституциялық заңы

(2012 ж. 28.06 енгізілген өзгерістермен.)


«1-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.

Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Гимн Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері болып табылады.

 

«12-бап. Жергілікті атқарушы органның құзыреті.

Жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында пайдаланылуын (тігілуін, орналастырылуын ) бақылауды жүзеге асырады».


«13-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарауды қалыптастыру.

1. Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Республика аумағында жүрген адамдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті».

«14-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген тиісті лицензиясы болған жағдайда жүзеге асырылады».

«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы»

 (2013 жылғы 04.07.енгізілген өзгерістермен.)


«20-бап. Баланың мiндеттерi.
Әрбiр бала Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандығын, ар-ожданы мен қадiр-қасиетiн, Республиканың мемлекеттiк нышандарын құрметтеуге, еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға, тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қам-қарекет жасауға, тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтауға, табиғатты сақтауға және табиғи байлықтарға ұқыпты қарауға мiндеттi».

«Дене шынықтыру және спорт туралы»



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 3; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.220.139.144 (0.005 с.)