азақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы салынған мөрге қойылатын талаптар
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы салынған мөр» ҚР СТ 1430-2005Қазақстан Республикасының Мемлекеттікстандарты Қазақстан Республикасының Мем-лекеттікоргандары мен ұйымдарының Қазақстан Респуб-ли-касының Мемлекеттік Елтаңбасы мөрлеріне техникалық талап-тарды белгілейді. Осы стандарт Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттікұйымдары қолдануға міндетті.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы салынған мөр (бұдан әрі - елтаңбалық мөр) мемлекеттік орган немесе ұйым басшының қолы қойылған өтінім бойынша дайындалады.
Мемлекеттік ұйым елтаңбалық мөрге тапсырыс беру кезінде өтінімге мыналарды қоса беруі тиіс:
- дәл, айқын, таза және түсінікті орындалған елтаңбалық мөрдің эскизі;
- белгіленген тәртіппен куәландырылған толық атауы бар Жарғының (Ереженің) көшірмесі.
Елтаңбалық мөрдің қалыбы сыртқы айналым бойынша шағын мәтін орналасқан құрсаумен шектеседі. Шағын мәтін елтаңбалық мөрді жасаушы-кәсіпорын туралы ақпараттан (жасаушының атауы, лицензияның нөмері және берілген күні, мөрді жасау жылы, айы және күні) тұруы тиіс.
Елтаңбалық мөр қалыбының ортасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі орналасады. Елтаңбалық мөрдегі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының көрсетілген бейнесі ҚР СТ 989-2008 талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының ай-наласында шағын мәтінорналасады. Шағын мәтін елтаңбалық мөрдің тапсырыс берушісі туралы ақпаратты, салық тіркеу нөмерін – СТН қамтуы тиіс.
Мемлекеттік рәміздері бейнеленген материалдық объек-тілерді даярлауға лицензиясы бар кәсіпорындар елтаңбалық мөр дайындау мүмкін.
Қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының
2012 жылғы 6 маусымдағы
№261 бұйрығымен бекітілген
|