тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ
1-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ
1-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Гимн Қазақстан Рес-публикасының мемлекеттік рәміздері болып табылады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы - ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы - 1:2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы - дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бө-лігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде - бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде "Қазақстан" деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңы-рақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ "Қазақстан" деген жазу - алтын түстес. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні - осы Конституциялық заңда көзделген жағдайларда орындалатын музыкалық-поэтикалық туынды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаң-басының эталондары Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденция-сында сақталады.
2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәміздерін дайындауды және пайдалануды реттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамасы
Ескерту. Тақырып - ҚР 2012.06.28 N 23-V Конституциялық Заңының жаңа редакциясында берілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дайындау және пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Конституциялық заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады. Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.06.28 N 23-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Конституциялық Заңымен.
|