Шетел тілі» оқу пәні бойынша білім беру процесін ұйымдастыру
Ағылшын тілі бойынша білім беру процесін ұйымдастыру коммуникативтік технологияларды (жобалар, сұхбаттар, рөлдік ойындар, пікірталастар, дебаттар, конференциялар, байқаулар, қойылымдар және т.б.) жан-жақты пайдалануды көздейді. Сонымен қатар ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және сабақтан тыс іс-әрекет мүмкіндіктерін белсенді пайдаланған жөн, бұл білім алушылардың шетел тілін үйренуге ынтасын арттыру үшін, танымдық қызметін белсендендіру, өзара тілдік қарым-қатынасын жандандыру, шығармашылық әлеуетін дамыту үшін жағдай жасауға ықпал етеді.
Шетел тілінің қарым-қатынас жағдайын модельдеуге мүмкіндік беретін және мәдениетаралық қарым-қатынас құбылыстарын интерпретациялауда білім алушылардың дербестігінің барынша ықтимал деңгейін қамтамасыз ететін оқыту технологияларын үнемі пайдалану маңызды болып табылады.
Қосымша оқу уақыты:
- шетел тіліндегі коммуникативтік іс-әрекет тәжірибесін кеңейтуге және тереңдетуге мүмкіндік беретін күрделі коммуникативтік тапсырмаларды шешу арқылы білім алушылардың сөйлеу дағдыларын дамытуға және біліктерін жетілдіруге;
- пәндік-тақырыптық мазмұнның базалық деңгейі бар бірыңғай шегінде нәтижелі игерілетін лексикалық және грамматикалық материалдың көлемін арттыруға;
- оқытылатын тіл елдерінің әлеуметтік-мәдени ерекшелігінің феномендері мен құбылыстарын дұрыс интерпретациялау үшін білім алушылардың дайындық деңгейін арттыруға;
- оқытылатын тіл елдерінде қабылданған нормалар мен талаптарға сай тілдік және тілдік емес мінез-құлықты жүзеге асыруға;
- шетел тілін меңгеру бойынша білім алушылардың өздігінен білім алу қызметіне дайындық деңгейін арттыруға;
- сөйлеу әрекетінің барлық түрлерінде компенсаторлық қабілеттерді жетілдіруге;
- оқу-танымдық қабілеттерді дамытуға арналуы тиіс.
Жаратылыстану-математикалық бағыт пәндерінің (физика, биология, химия, информатика) педагогтерімен бірге кіріктірілген тақырыптық декадалар өткізу ұсынылады. Аталған іс-шара оқу пәнінің аясында білім алушылар мен педагогтерді жаңашылдықтарға ынталандырып қана қоймайды; педагогтердің өзара тәжірибе алмасуына, қолданылатын әдістердің жетілдірілуі мен кіріктірілуіне ықпал етеді.
Тақырыптық іс-шараларды жоспарлау кезінде Қазақстанның да, оқытылатын тіл елінің де мерейтойларын және маңызды даталарын ескеру ұсынылады, бұл өз кезегінде елдердің мәдениеті мен тарихын терең зерттеуге ықпал етеді.
|