Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарСодержание книги
Поиск на нашем сайте
«Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны 11-сыныпта «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу курсының аясында 16 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы жүзеге асырады. Өмір қауіпсіздігінің негіздері бойынша сабақтар міндетті болып табылады және оқу процесі кезінде жүргізіледі. Теориялық және зертханалық-практикалық оқу сабақтарының ұзақтығы – 40 минут, ал міндеттерді белгілеу, қорытынды шығару, құжаттама ресімдеу және білім алушыларды ауыстыру уақытын қоса алғанда, автомобиль жүргізу бойынша практикалық сабақтардың ұзақтығы – 60 минут.Зертханалық-практикалық сабақтарды үзіліссіз 80 минут ішінде өткізуге рұқсат етіледі. Теориялық және зертханалық-практикалық сабақтарды оқытушы өткізеді, автомобиль жүргізу бойынша практикалық сабақтарды көлік жүргізуге үйрету шебері білім алушылармен жеке жүргізеді.Зертханалық-практикалық сабақтар бір немесе бірнеше тақырып бойынша тиісті теориялық материалды зерделегеннен кейін иллюстрациялық және зерттеушілік жоспарда жүргізіледі.Практикалық сабақ басталғанға дейін білім алушылар негізгі ережелерді орындау мен қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша міндетті нұсқаулықтан өтеді.Практикалық жүргізу сабақтары әрбір білім алушылармен жеке автотренажерлерде, автодромдарда (жүргізіп үйренуге арналған алаңдарда) және 3 жылда кемінде 1 рет жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық уәкілетті органда келісуден өткен үйрету бағыттарында өткізіледі. Білім алушылардың деңгейін анықтау және оның білімін бағалау үшін қорытынды сабақтар өткізіледі.Сабақтың, сабақтан тыс және сыныптан тыс іс-шаралардың тәрбиелік мақсатын «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады. «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2020-2021 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады. Үлгілік оқу жоспарына сәйкес (ҚР БҒМ 2020 жылғы 21сәуірдегі №154 бұйрығы) «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» (АӘТД) оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 1) 10-сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат, сондай-ақ далалық оқу жиынына (лагерьлік) вариативті бөлімнен 30 сағат қарастырылған; 2) 11-сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат.
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы: 1) әскери іс, белгілеуді, ұйымдастыру құрылымын, штаттық қаруландыруды және техниканы, төменгі тактикалық буын бөлімшесінің мүмкіндіктерін, бағдарлау құралдарын қолдануды, робототехника және IT-технология негіздерін, Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысын ұйымдастыруды; қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолданғанда, террористік қауіп-қатерді және табиғи апатты хабарлау жүйесін және әрекет ету тәртібін; табиғи апаттардың сипаттарын, зақымдау ошақтарында құтқару және апаттан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарын шұғыл ұйымдастыруды; штаттық қаруды, қорғанудың дербес және ұжымдық құралдарының, радиобелсенді және химиялық бақылау құрылғыларының атқаратын қызметін, құрылысы мен қолдану тәртібін, сондай-ақ, тұрғындарды эвакуациялауды, жергілікті жерде орналастыруды ұйымдастыру және өткізу тәртібін; алғашқы көмектің міндеттері мен түрлерін, жолда жүру ережесін біледі; 2) әскери іс, робототехника және IT-технология негіздерін, ядролық, химиялық, биологиялық (бактериологиялық) қарулардың және басқа да адамдарды зақымдаудың қазіргі заманғы құралдарының әсер ету ерекшеліктерін, оларды қолданған кезде шаруашылық нысандарына, қоршаған ортаға және экологияға тигізетін әсерін; табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың салдары мен келтіруі мүмкін экономикалық және экологиялық шығынын, жол жүрісі жүйесін ұйымдастыруды түсінеді; 3) орын алған әртүрлі жағдаятта ұрыс алаңында сарбаздың рөлінде, радиациялық және химиялық бақылау жүргізу бекетінің құрамында барлаушы ретінде әрекет етуді; штаттық қаруды, жеке және ұжымдық қорғану құралдарын, жараланғанда, қан кеткенде, күйік шалғанда және үсік шалғанда, күн өткенде, электрлі жарақат алғанда, суға батқанда алғашқы көмек көрсетуді; дененің түрлі бөліктері жараланғанда байлап, таңуды; дененің түрлі бөліктерінде сынықтың ашық және жабық түрі бойынша алғашқы көмек көрсетуді; интернет байланысты, аудио-визуалды технологияларды пайдаланады, автомобиль көлігін жүргізу, робототехника дағдыларын меңгереді, сандық фото және бейне жабдықтарды қолданады; 4) зақымдаудың қазіргі заманғы құралдарын қолданғанда туындауы мүмкін тосын жағдайды; табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайдың салдарын, жолдардағы мүмкін болатын штаттан тыс жағдайларды талдайды; 5) зақымдаудың қазіргі заманғы қаруын қолданғанда туындауы мүмкін тосын жағдайда әрекет ету алгоритмін; табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдай туындағанда әрекет ету алгоритмін, жолда болуы мүмкін төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимыл алгоритмдерін жинақтайды, синтездейді; 6) қабылданған шешімнің салдарын бағалайды.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.139.69.138 (0.006 с.) |