Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Скаффолдингті қолдануға мысалдарСодержание книги
Поиск на нашем сайте
Пәндік мазмұнды қолдауға арналған скаффолдинг: – білім алушыларға жұмыс істеу оңай болу үшін қиын және қызықты ақпаратты немесе тапсырмаларды бөліктерге бөлу; – алдын ала органайзерлерді тарату (мысалы, зерделенетін негізгі ұғымның схема түріндегі бейнесі); Пәндік мазмұнды қолдау (скаффолдинг): - білім алушыларға олармен жұмыс істеу оңай болу үшін қиын және қызықты ақпаратты немесе тапсырмаларды бөлікке бөлу; - алдын ала органайзерлерді тарату (мысалы, схема түрінде зерделенетін негізгі ұғымның бейнесі). Сын тұрғысынан ойлауды дамытуға арналған скаффолдинг: талдау схемасын, мысалы, түрлі категориялары бар диаграммалар (отандық өндірушілер, халықаралық компаниялар, тұтынушылар, билік органдарының өкілдері, экологтар сияқты түрлі мүдделі тараптардың көзқарастары) жасау; Тілдік дағдыларды дамытуға арналған скаффолдинг: – мысалы, білім алушыларға пікірталастың стандартты құрылымын, сондай-ақ пікірталастарда қолданылатын кейбір жалпы фразалар мен айналымдары бар сөйлеу модульдерін/құрылымдарын ұсыну; – оқу материалдарымен жұмыс басталар алдында сабақ тақырыбын талқылау үшін (оқу мақсаттарына жету үшін) қажет болатын тілдік бірліктерді қолданып, «ой қозғау» («миға шабуыл») стратегиясын іске асыру; Пәндік мазмұнды, сын тұрғысынан ойлауды, тілдік дағдылар мен оқу дағдыларын бірмезгілде қолдауға арналған скаффолдинг: мысал ретінде жоғары деңгейдегі, орташа және төмен деңгейдегі жазбаша жұмыстарды немесе презентацияларды көрсету. Білім алушылар сапа критерийлерін анықтау үшін талдау жұмыстарын жүргізеді. Сезімдерді басқаруға әсер ету, сондай-ақ оқыту дағдыларын дамытуға арналған скаффолдинг: - стандартты «жарайсыңның» орнына «Сен жақсы нәтиже көрсеттің. Сенің нәтижең белгіленген өлшемдерге сәйкес келеді. Қалған балаларға осындай нәтижеге қалай қол жеткізгеніңді айтып берсең» сияқты ынталандыратын ұсыныстарды қолдану. 5. Мектептементорлық жүйеқалыптастыру. Бұл жүйенің мәні – әр тәжірибесі аз маманға тәжірибелі әріптесінің тарапынан көмек көрсетілуі. Менторлықты жүзеге асыру үшін тәжірибелі педагог – ментордың міндеттері: мұғалімді жұмыста қолдау, тұрақты кері байланыс жасау; мектеп құжаттамаларымен және мұғалімнің құжаттарымен жұмыс істеуге үйрету (даму бағдарламасы, жұмыс жоспары, сабақ жоспары, мұғалімнің жұмысын талдау); мұғалімді өз бетімен білім алу бағдарламасына, әдістемелік әдебиетті оқуға бағыттау; білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, мұғалімнің өз жұмысын, сынып жұмысын, әр оқушының сабақ барысындағы жұмысын ұйымдастыруға көмектесу; әр тақырыпты өңдеуде әрбір сабақтың мақсатын, мазмұнын, құрылымын анықтауды үйрету; өз жұмысын талдау арқылы оқу нәтижелерін болжауға көмектесу; ата-аналармен жұмысты ұйымдастыруға көмектесу. 6. Педагогтердің кәсіби өсуі, олардың кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында: мұғалімдердің ағылшын тілінде ЖМБ пәндерді оқытуда тәжірибе алмасуын, сондай-ақ тілдік тәжірибе алмасу мақсатында аймақтық, топтық, мектепішілік пәндік оқыту семинарларын, семинар-практикумдар өткізуді ұйымдастыру; критериалды бағалау бойынша жаңартылған білім беру мазмұнының курстарынан, CLIL-технологиясы бойынша біліктілікті арттыру курстарынан, оның ішінде қашықтан оқыту курстарынан өтуді қамтамасыз ету керек.
Қашықтықтан оқыту курстарының артықшылықтары: - өзіне ыңғайлы уақытта ыңғайлы жерде және ыңғайлы қарқынмен оқу мүмкіндігі; - өндірістен қол үзбей, яғни кәсіптік қызметпен қатар оқу; - оқу ақпаратының көптеген көздеріне (электрондық кітапханаларға, деректер банктеріне, білім қорына және т.б.) жүгіну мүмкіндігі; - Интернет желісі арқылы және электрондық пошта арқылы, бір-бірімен және оқытушылармен қарым-қатынас жасау; - оқу ақпаратының шоғырландырылып берілуі және оған мультиқолжетімділік материалдың меңгерілу тиімділігін арттырады; - білім беру процесінде ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың соңғы жетістіктерінің қолданылуы; - педагогтің тұрғылықты жеріне қарамастан білім алудың тең мүмкіндіктеріне ие болуы.
Қазіргі уақытта CLIL технологиясы бойынша «Тіл мен оқу пәнін ықпалдастыра оқыту (CLIL) әдістемесінің тұжырымдамалық негіздері» атты қашықтан оқыту онлайн курстарынан өтуге болады, курс www.moodle.org, www.learme.ru, www.ispring.ru, www.edmodo.com,www.easyclass.com. сайттарында ұсынылған. 7. Білім беру ұйымдары өз ресурстық қорларын дамыту үшін ЖМБ пәндері бойынша ағылшын тілінде тапсырмалар, жаттығулар, мәтіндер, бағалау жұмыстарын жинап, өзінің электронды «банкін» қалыптастыра алады. 2020-2021 оқу жылында ЖМБ пәндерін ағылшын тілінде оқытатын педагогтер кәсіби әлеуметтік желілерде тіркеліп, төменде көрсетілген цифрлық платформаларды қолдана алады: https://www.khanacademy.org/; https://bilimland.kz; https://www.stem.org.uk/; https://www.pinterest.com/
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 10; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.223.43.106 (0.008 с.) |