Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

ық негіздері» оқу пәні бойынша жиынтық бағалау саны

Поиск

14-4. Аптасына 1 сағат оқу жүктемесі кезінде БЖБ қажет болған жағдайда бөлімдерді біріктіре отырып тоқсанына екі реттен артық жүргізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады.

Осылайша, «Дүниежүзі» оқу пәні бойынша 5-9 сыныптарда бөлім үшін ғана жиынтық бағалау жүргізіледі және олардың қорытындысы бойынша жарты жылдық баға қойылады, ал тоқсан бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді.

«Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндері бойынша оқу процесін ұйымдастырудағы әдістемелік ерекшеліктер

Ø Тарихты оқытуда келесілерге ерекше көңіл бөлу ұсынылады:

- тарихты оқыту процесі білім алушының ақпараттың белгілі бір көлемін (тарихи даталар, ұғымдар, тұлғалар, оқиғалар) механикалық есте сақтауға емес, алған білімі мен білігін оқу мен тәжірибелік міндеттерді өздігінен шешумен сипатталатын тұлғалық құзыреттілігін дамытуға;

- тарихи оқиғаларды, құбылыстар мен процестерді және тарихи тұлғалардың қызметін әлемдік және Отандық тарих контекстінде талдау және баға беру дағдыларын қалыптастыруға;

- тарихи деректердің негізінде тарихи зерттеу жүргізу дағдыларын қалыптастыру мен дамытуға (гипотезаларды ұсыну, зерттеу сұрақтарын құрастыру, деректерді талдау, әртүрлі көзқарастарды салыстыру, нәтижелер мен қорытындыларды шығару, өзінің ұстанымын анықтау);

- қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерде бағдарлану үшін тарихи білімдерін қолдана білу дағдыларын қалыптастыруға бағытталуы тиіс.

Ø Мұғалімнің сабаққа әзірлейтін тапсырмалары келесі критерийлерге сәйкес болуы қажет:

- тапсырманың, оның мақсаты мен орындалуының қолжетімділігі;

- дифференциацияны көздеу;

- сын тұрғысынан ойлауды дамытуға мүмкіндік беру;

- проблемалық оқытуға негізделуі;

- бағалау мүмкіндіктерінің бар болуы.

Баяндама, эссе жазу, презентация жасау және т.б.бойынша тапсырма беру барысында мұғалімге оқушыларды тапсырманың критерийлерімен таныстыру ұсынылады.

Ø Тарихты оқытуда білім алушының оқыған тарихи фактілер мен оқиғаларды кеңістікте бағдарлау дағдысын қалыптастыру мен тарихи картаны «оқып», оны білім көзі ретінде пайдалануына көңіл бөлу ұсынылады.

Білім алушыларда тарихи картамен жұмыстың негізі 5-сыныптан қаланады, ол картаның шартты белгілерін қолдана білуі, тарихи және географиялық нысандарда дұрыс бағдарлана білуді қажет етеді.

Мысалы 6-сыныпта «VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау» атты оқу мақсаты бойынша мұғалім білім алушыларға тарихи картаны пайдаланып түсіндіруге тапсырма бере алады, бұл білім алушылардың бойында уақыт пен кеңістікте бағдарлану дағдыларының дамуына септігін тигізеді. Сондықтан білім алушының алған тарихи білімін кеңістікте бағдарлауға мүмкіндік беретін картографиялық дағдысын дамыту ұсынылады. Бұл тарихи оқиғаларды, олардың өзгерісі мен даму жағдайын картада белгілеуге берілетін тапсырмалардан көрінеді. Білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, презентация, интеллект карталар, диаграммалар жасауға тапсырмалар беру ұсынылады.

7-9-сыныптарда тарихи картаның мазмұнын талдауды қажет ететін тапсырмалар жасай отырып, картамен жұмысты күшейту ұсынылады.

9-сыныпта тарихты оқыту білім алушылардың қазіргі заман тарихының маңызды процестеріне, құбылыстарға, оқиғаларға және ұғымдарға баса назар аударуға, тарихи оқиғаларды, талдау, салыстыру, көрнекті тарихи тұлғалар қызметін бағалау, алған білімі негізінде өз ойын дәлелдеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Білім алушыларды оқытылатын кезеңдегі ғылым мен мәдениеттің көрнекті өкілдері мен саяси жетекшілердің қызметіне, тарихи оқиғаларға салыстырмалы талдау жасау, баға беруге дағдыландыру ұсынылады.

Екінші дүниежүзілік соғысының жеңісіне қосқан үлесіне баға беруде 2020жылы мерейтойлық күндері атап өтілетін Т.Тоқтаров, Леонид Беданың ерлігіне қосымша материалдар негізінде талдау жасауға бағыттау ұсынылады.

Тарихты оқытуда тарихи концепт бойынша берілетін тапсырмаларды оқушылардың тарапынан тек қана себеп пен салдарларды анықтаумен қатар, бұл себептерді берілген белгілері бойынша жіктеу (мазмұны, уақыты және рөлі бойынша), түрлі себептер арасында өзара байланысты анықтау және оларды маңыздылық деңгейі бойынша орналастыруға бағыттау ұсынылады.

Ø Тарихи деректердің интерпетациясы бойынша тапсырмалар әзірлеуде оқушылардың тарихи дерекпен жұмыс істеуі олардың жас ерекшеліктері мен танымдық мүмкіндіктерін, дайындық деңгейін ескере отырып біртіндеп күрделендіру ұсынылады. Тарихты оқытуда түрлі тарихи деректерді, аудио және бейне материалдарды, иллюстрацияларды қолдану ұсынылады.

Оқу процесінде білім алушыны ынталы, қызығушылығы жоғары, дербес, сенімді, жауапты, талдау жасай алуға бағыттайтын оқытудың түрлі формалары ұсынылады:

- мұқият іріктелген тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы білім алушыларды ынталандыра және дамыта оқыту;

- білім алушыларды зерттеу және зерттеушілік жұмыстарын жүргізуге негізделген белсенді оқытуды ұйымдастыру;

- білім алушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту;

- білім алушылардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, деңгейлік тапсырмалар құрастыру;

- білім алушылардың жеке, жұптық, топтық және тұтас сыныптық жұмыс түрлерін ұйымдастыруды қолдану;

-  оқу процесінде тарихи құжаттардың фрагменттерін талдау, ақпарат жинақтау және қорытынды жасау, себеп-салдарлық байланыстарды орнатуды және т.б. талап ететін тапсырмаларды кеңінен қолдану;

-  сабақта білім алушының біліміндегі кемшіліктерді уақытында анықтауға мүмкіндік беретін кері байланысты ұйымдастырудың әр түрлі әдістерін қолдану.

Ø Тарихи тұлғаға сипаттама бергенде мынадай арнайы жадынаманы қолдану ұсынылады:

- тарихи қайраткердің сыртқы бейнесін суреттеу;

- тұлғалық белгілерін сипаттау;

- өмірінің ең жарқын мыңызды фактілерін атау;

- тұлғаның тарихқа қосқан үлесіне баға беру.

Бұл тарихи тұлғалардың іске асырған ерекше әрекеттерінің білім алушының есінде ұзақ сақталуына мүмкіндік береді.

Тарих пәні ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды, адамдардың құқығы мен бостандығын құрметтейтін және қабылдайтын, Отанының дамуына өз үлесін қосуға ниетті тұлғаны тәрбиелеуден көрінетін «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бағыттарын іске асыруда маңызды рөл атқарады. 

Білім алушылардың тарихи білімін тәжірибеде нақтылау мақсатында мүмкіндігінше мұражайларға, тарихи ескерткіш орнатылған немесе тарихи-археологиялық орындарға экскурсиялар ұйымдастыру ұсынылады.

«Қазақстан тарихы» пәні бойынша ұсынылатын сайттар: http://www.tarih-begalinka.kz; http://www.e-history.kz; http://bilimsite.kz/tarih/; http://testcenter.kz/entrants/for-ent/.

«Дүниежүзі тарихы» пәнінен ұсынылатын сайттар:  

http://www.world-history.ru; http://historic.ru; http://historyatlas.narod.ru; http://testcenter.kz/entrants/for-ent/.

Тәрбиелік компонент

Пән мазмұны біздің ата-бабаларымыздың бірегей мәдениетін, Қазақстанның әлемдік тарихтағы орны мен рөлін, оның әлемдік өркениетке қосқан үлесін түсінуге, мүмкіндік береді.

«Қазақстан тарихы» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2020-2021 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады:

 Ұшқыш-шабуылдаушы, КСРО еңбек сіңірген әскери ұшқыш, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, «Ленин», төрт мәрте «Қызыл Ту», «Александр Невский», I дәрежелі «Отан соғысы», «Қызыл Жұлдыз» ордендері мен бірқатар медальдардың иегері Леонид Игнатьевич Беданың туғанына 100 жыл. (1920 жыл.16 тамыз);

Кеңес Одағының Батыры, «Ленин» ордені мен бірқатар медальдардың иегері Төлеген Тоқтаровтың туғанына 100 жыл. (1920 жыл.19 желтоқсан).

Мектептегі сыныптан тыс жұмыс:

- мұражайларда, мәдениет мекемелерінде, табиғатта, базалық кәсіпорындарда;

- олимпиадалар мен жарыстар, таңдау бойынша еркін сабақтар түрінде;

- оқу бағдарламасына сәйкес қосымша арнайы сабақтар түрінде;

- пәнаралық және интеграцияланған сабақтарда және т.б. жүзеге асырылуы мүмкін.

Сыныптан тыс жұмыс оқушылардың дербестігін дамытуға ықпал етеді, зерттеу қызметінің дағдыларын қалыптастырады, пәнді оқуға қызығушылығын арттырады. Сонымен қатар білім алушылардың іздеу қабілеті дамиды, олардың теориялық білімдері толықтырылып, тереңдетіледі.

 

«Құқық негіздері» оқу пәні

Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуының басты алғышарттарының бірі – азаматтардың құқықтық білімін жетілдіріп, құқықтық сауаттылық пен мәдениениетін қалыптастыру. Сондықтан жалпы білім беретін мектептерде «Құқық негіздері» пәнін оқыту оқушылардың қоғамда әлеуметтік бейімделуі үшін қажетті негізгі құқықтық білімдері мен дағдыларын меңгеруді қамтамасыз етуге бағытталған.

 «Құқық негіздері» оқу пәнінің мақсаты - құқық жөнінде негізгі білімдерді игеру арқылы құқықтық тұрғыдан сауатты азаматты тәрбиелеу және олардың бойында заңды құрметтеу дәстүрі мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру, өз азаматтық құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға қажетті білім мен дағдыларды қалыптастырып дамыту болып табылады.

Пәнді оқыту оқушыларда азаматтық құқықтарын жүзеге асыруға, мiндеттемелерiн орындауға қажетті білім мен дағдыларды, саяси-құқықтық сананы қалыптастырады.

 «Құқық негіздері» оқу пәнінің базалық білім мазмұны: Құқық және мемлекет, Конституциялық құқық, Азаматтық құқық, Еңбек құқығы,  Отбасы құқығы, Әкімшілік құқық, Қылмыстық құқық бөлімдерін қамтиды.

«Құқық негіздері» оқу пәні бойынша оқу жүктемесі: 9-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.

Ұзақ мерзімді жоспардағы тақырыптар проблемалық сұрақтар түрінде құрастырылған. Оның басты себебі – кез келген тақырып оқушыларды бірден ойландырады және оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға, проблемалық сұрақ қоюға, өздігінен талдау жасау дағдыларын дамытуға жәрдемдеседі.

«Құқық негіздері» пәнін оқытуда келесі педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолдану ұсынылады:

- «Кейс стади», оқушылардың проблемаларды анықтауда өз ойларын, пікірлерін айту, дәлелдеу, гипотеза ұсыну, зерттеуді одан әрі жоспарлау қабілеттерін дамытатын ынталандырушы–проблемалық, ситуациялық жағдай туғызу;

- белгілі бір тақырып бойынша «миға шабуыл», «фишбоун», «автор орындығы», т.б. әдістерін ұйымдастыру (проблемаларды табу, әр оқушының идеясын ұсыну, бүкіл сыныппен талқылау, оны талдау және шешімнің дұрыс нұсқасын қабылдау);

- сабақта оқушылардың белсенділігін қажет ететін құқықтық проблемаларды талқылау;

- оқушылардың пікір-талас өткізу және құқықтық мәселелерді талқылауына игі ықпал ету үшін компьютерлік қарым-қатынас құралдарын (мысалы, онлайн-форумдар, конференциялар) пайдалану.

Оқушылардың құқықтық мәселелер мен жағдайаттарға талдау жүргізу үшін сабақта құқықтық-нормативтік актілермен, заң түсіндірмелерімен және т.б. құқықтық деректермен жұмысты көптеп ұйымдастыру ұсынылады.

 

Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде 63-кестеде оқу пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.

 

63-кесте. «Құқық негіздері» оқу пәні бойынша жиынтық бағалау саны

 

Сынып

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны  

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

9-сынып

«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына 14-4 пункті енгізілген:



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.145.152.168 (0.013 с.)