Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Жаратылыстану» оқу пәніСодержание книги
Поиск на нашем сайте
Ұзақ мерзімді жоспарда тақырыптарды игеруге және бөлімшелерді игеруге жұмсалатын сағат сандары көрсетілмеген. Бөлімшелердің арасында сағат санын бөлу құқығы практик-мұғалімге берілген, бірақ материал көрсетілген тоқсанда толық оқытылып болуы тиіс. 1. 5-сынып, «Математика» оқу пәні. 5-сыныпта «Математика» оқу пәнінің базалық мазмұны, шамалы өзгерістерді қоспағанда толығымен бұрынғыдай қалды. Атап айтқанда, қолданыстағы оқу бағдарламасымен салыстырғанда жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасында «Жиын» тарауы және «шиыршық» принципін сақтау мақсатында «Кеңістік фигураларының жазбалары» тарауы қосылған, оларды оқуға оқу жылына берілген 170 сағаттан сәйкесінше 5 сағат және 3 сағат бөлінеді. Сонымен қатар базалық мазмұн тарауларын оқып игеруге бөлінген сағаттарда айырмашылық бар. «Натурал сандар және нөл саны» тарауын игеруге шамамен 15 сағат бөлінген. Қалған тарауларды игеруге бөлінген сағат сандары өзгеріссіз. 2. 6-сынып, «Математика» оқу пәні. 6-сыныпта «Математика» оқу пәнінің базалық мазмұнына шамалы өзгерістер енгізілген. Атап айтқанда, қолданыстағы оқу бағдарламасы бойынша 6-сыныпта қарастырылатын «функция» ұғымына қатысты тарау 7-сыныпқа көшірілген. Осы тараудың орынан 6-сыныпта «Шамалар арасындағы тәуелділіктер» тарауы қарастырылады және келесі тақырыптардан тұрады: «Шамалар арасындағы тәуелділіктерді беру тәсілдері: аналитикалық (формула арқылы), кестелік, графиктік тәсіл», «Нақты процестердің графиктерін қолданып шамалар арасындағы тәуелділіктерді зерттеу», «Тура пропорционалдық және оның графигі». Осыған байланысты «Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер мен олардың жүйелері» бөліміне өзгерістер енгізілген. Яғни осы тарауда екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу және оның графигі, екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері, екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен және алмастыру тәсілімен шешу, есептерді сызықтық теңдеулер жүйелері арқылы шығару материалдары ғана қарастырылады.
5-6-сыныптарда «Математикалық моделдеу және анализ» бөліміне баса назар аударылған. Әр бөлімді игерген кезде мәтінді есептерді шығару ұсынылады. Статистикалық мәліметтерді ұсынуға арналған тапсырмаларды орындауға көңіл бөлінген. Бұл практикаға бағытталған есептерді қарастыруға байланысты. 3. 7-сынып, «Алгебра» оқу пәні. Оқу пәнінің базалық мазмұнында қолданыстағы оқу бағдарламасымен салыстырғанда елеулі өзгерістер жоқ. Егер, қолданыстағы оқу бағдарламасында 5 тарау оқытылатын болса, жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасында 6 тарау оқытылады. Бұл, «функция» ұғымына қатысты материалдар жеке «Функция. Функцияның графигі» тарауы етіп берілген және бұл тарауға 6-сыныптан «Функция ұғымы», «Функцияның графигі», «Сызықтық функция және оның графигі», «Сызықтық функциялардың графиктерінің өзара орналасуы», «Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу» тақырыптары көшірілген. Бұл тақырыптар 6-сынып білім алушыларының игеруіне қиындық туғызады деп есептеп, практик-мұғалімдердің ұсыныстары бойынша ауыстырылған. Практикаға бағытталған, зерттеушілік және шығармашылық тапсырмаларды шешу қажеттілігіне баса назар аудару керек. 4. 8-сынып, «Алгебра» оқу пәні. Оқу пәнінің базалық мазмұнында қолданыстағы оқу бағдарламасымен салыстырғанда елеулі өзгерістер жоқ. Курстың базалық мазмұнына «Статистика элементтері» тарауы (Жиілік. Жиіліктер кестесі. Интервалдық кесте. Гистограмма. Жинақталған жиілік. Орта мән. Дисперсия. Стандартты ауытқу. Алқап.) қосылған. Бұл тараудың кейбір материалдары қолданыстағы оқу бағдарламасы бойынша 9-сыныпта қарастырылған болатын. 5. 9-сынып, «Алгебра» оқу пәні.
9-сыныпта қолданыстағы оқу бағдарламасындағы тәрізді «Екі айнымалысы бар теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйелері», «Тізбектер», «Тригонометрия» бөлімдері қарастырылады. Оқу бағдарламасының мазмұны комбинаторика мен ықтималдықтар теориясы бойынша материалдармен толықтырылған. Атап айтқанда «Комбинаторика элементтері» бөлімінде келесі тақырыптар берілген: Комбинаториканың негізгі ұғымдары мен ережелері (қосу және көбейту ережелері). Санның факториалы. Қайталанбайтын «орналастыру», «алмастыру» және «теру» ұғымдары. Комбинаториканың негізгі формулалары. Комбинаторика формулаларын қолдану арқылы есептер шығару. Ньютон биномы және қасиеттері, ал «Ықтималдықтар теориясының элементтері» бөліміне «Оқиға, кездейсоқ оқиға, ақиқат оқиға, мүмкін емес оқиға. Элементар оқиғалар. Қолайлы нәтижелер. Тең мүмкіндікті және қарама-қарсы оқиғалар. Ықтималдықтың классикалық анықтамасы. Статистикалық ықтималдық. Геометриялық ықтималдық» тақырыптары енгізілген. Қолданыстағы оқу бағдарламасы бойынша бұл бөлім 10-сыныпта қарастырылған болатын 6. 7-сынып, «Геометрия» оқу пәні. 7-сыныпта білім алушылар «Геометрия» оқу пәнін оқуға енді ғана кіріседі, сондықтан қолданыстағы оқу бағдарламасымен салыстырғанда жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасында өзгерістер жоқ. 7. 8-сынып, «Геометрия» оқу пәні. «Геометрия» оқу пәнінің базалық білім мазмұнында қолданыстағы оқу бағдарламасымен салыстырғанда өзгерістер жоқ. 8. 9-сынып, «Геометрия» оқу пәні. «Геометрия» оқу пәнінің базалық білім мазмұнында қолданыстағы оқу бағдарламасымен салыстырғанда өзгерістер жоқ. 7-9-сыныптарда «Геометрия» пәнін оқытуда пәннің практикалық бағыттылығы күшейтіледі. 7-8 сыныптарда «Информатика» пәнінің базалық мазмұны өткен оқу жылындағыдай, өзгеріссіз. 5-6, 9 сыныптарда «Информатика» пәні жаңа оқу бағдарламасы бойынша оқытылады. 5-сыныпқа арналған "Информатика" оқу пәнінің базалық білім мазмұны: 1) "Компьютердің құрылғылары". Ақпараттың цифрлық тасымалдаушылары; 2) "Компьютерлік желілер". Ортақ файлдармен жұмыс (орналастыру, редакциялау, жүктеу); 3) "Ақпаратты ұсыну және өлшеу". Ақпаратты әртүрлі нысандарда ұсыну. Байланыс арналары, ақпарат көздері және қабылдағыштары. Мәтіндік ақпаратты кодтау. Ақпараттың екілік көрінісі; 4) "Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру". Мәтіндік редактор: беттің параметрлері, алдын ала қарау. Компьютерлік графика: растрлық кескіндерді жасау және өңдеу, векторлық суреттер жасау және өңдеу, растрлық және векторлық графиканың артықшылықтары мен кемшіліктері; 5) "Программалау". Роботтың бұрыштық бейімділігін анықтау. Роботты көрсетілген градусқа бұру. Робот қозғалысын ұйымдастыруға арналған түс датчигі. Объектіні табу үшін ультрадыбыстық датчик;
6) "Робототехника". Роботты анықтау. Робот түрлерінің үлгілері және оларды қолдану салалары. Робототехника саласындағы адамзаттың техникалық жетістіктерінің мысалдары. Гироскопиялық датчик, жұмыс істеу принципі; 7) "Эргономика". Қауіпсіздік техникасының ережелері. 8) "Ақпараттық қауіпсіздік". Біреудің жұмысын көшірудің заңсыздығы. Құжаттарға арналған пароль. 6-сыныпқа арналған "Информатика" оқу пәнінің базалық білім мазмұны: 1) "Компьютердің құрылғылары". Есептеу техникасының даму тарихы. Компьютерлік негізгі құрылғылардың әрекеттестігі; 2) "Программалық қамтамасыз ету". Операциялық жүйелердің негізгі функциялары. IDE (ай ди и) (Integrated Development Environment (интегрейтед девелопмент энвайронмент)) интерфейсінің мүмкіндіктері; 3) "Компьютерлік желілер". Сымсыз байланыстың артықшылықтары; 4) "Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру". Мәтіндік құжаттардағы сілтемелерді ұйымдастыру. Сілтемелер. Гиперсілтемелер. Мазмұны. Реферат құру; 5) "Модельдеу". 3D-модельдер қолдану мысалдары. 3D-редактордың мүмкіндіктері. 3D-редакторының графикалық примитивтерді құруға арналған құралдары. Айналу денелерін құру және түрлендіру. 3D-редактордағы объектілердің модельдері. Басып шығару үшін 3D-үлгіні экспорттау. 3D-баспаны баптау; 6) "Алгоритмдер". Python (пайтон) тіліндегі сызықтық алгоритмдер. 7) "Программалау". Бағдарламалау тіліннің алфавиті және синтаксисі. Мәліметтер типтері; 8) "Эргономика". Эргономика міндеттері (барынша жайлылық пен тиімділік үшін); 9) "Ақпараттық қауіпсіздік". Интернетке тәуелділіктің проблемалары. "Авторлық құқық", "плагиат" ұғымдары. Авторға сілтеме жасайтын ақпаратты сақтау. 7-сыныпқа арналған "Информатика" оқу пәнінің базалық білім мазмұны: 1) "Ақпаратты өлшеу және компьютер жады". Ақпараттың өлшем бірліктерін атап өту, ақпаратты бір өлшем бірлігінен басқа өлшем бірліктеріне ауыстыру. Компьютердің жады түрлері (жедел сақтау құрылғысы, тұрақты сақтау құрылғысы, сыртқы сақтау құрылғысы, кэш – жады). Бірдей ақпарат сақталған әртүрлі пішімдегі файлдардың көлемін салыстыру. Ақпаратты сығу, мұрағаттау программалары. Мұрағаттарды құру және мұрағаттан шығару;
2) "Жүйелер және қауіпсіздік". Қызметі, компьютерлік желілердің жіктелуі (масштаб, топология, тиістілігіне қарай). Компьютерді зиянды программалардан қорғау; 3) "Тапсырмаларды электронды кестелердің көмегімен шешу". Мәтіндік процессорда кестелерді құру, өңдеу, пішімдеу. Электронды кестелер, электронды кестелердің негізгі ұғымдары. Мәліметтерді енгізу, өңдеу мен пішімдеу, толтыру маркері. Мәлімет типтері. Формулаларды енгізу. Шартты пішімдеу. Диаграммаларды құру; 4) "Шешімдерді программалау (С/С++, Python, Delphi, Lazarus тілдерінің бірінде)". Программалау жүйесі. Программалау тілдері. Мәлімет типтері. Жобаның интерфейсі. Сызықтық алгоритмдерді программалау. Тармақталу алгоритмдерін программалау. Кірістірілген және құрамды шарттарды программалау; 5) "Нысандар мен оқиғаларды модельдеу". Үшөлшемді нысандар, 3D – редакторлар. Редакторға кірістірілген нысандар. Нысандардың үшөлшемді модельдері. Оқиғалардың үшөлшемді модельдері. 8-сыныпқа арналған "Информатика" оқу пәнінің базалық білім мазмұны: 1) "Компьютер мен жүйелердің техникалық сипаттамалары". Ақпарат көлемін анықтауда алфавиттік (әліпби) тәсілін қолдану. Процессордың негізгі сипаттамалары. Желінің өткізу қабілеті; 2) "Денсаулық және қауіпсіздік". Адам ағзасына түрлі электронды құрылғылардың әсері, электронды құрылғылардың жағымсыз әсерінен қорғану тәсілдері. Желі қолданушыларының қауіпсіздігі: интернеттегі алаяқтық пен агрессия; 3) "Ақпаратты электронды кестелерде өңдеу". Электронды кестелердегі мәліметтердің пішімдері. Абсолютті және салыстырмалы сілтемелер. Берілген функция графигін құру. Кірістірілген функцияларды қолдану: математикалық (қосынды, көбейтінді, дәреже), статистикалық (егер, минималды, максималды, орташа мәні, есептеу), логикалық (егер); 4) "Программалар жасаудың кіріктірілген орталары (С/С++, Python, Delphi, Lazarus тілдерінің бірінде)". Программалық жасақтаманың міндетіне қарай жіктелуі. Программа құрудың кіріктірілген ортасының құрамдас бөліктері. Таңдау операторы. Цикл операторы (параметрлі цикл, алғы шартты цикл, соңғы шартты цикл). Алгоритмнің трассировкасын орындау; 5) "Программа құрудың кіріктірілген ортасында тапсырмаларды шешу". Қолданбалы есептерді программа құрудың кіріктірілген ортасында модельдеу. 9-сыныпқа арналған "Информатика" оқу пәнінің базалық білім мазмұны:
1) "Компьютердің құрылғылары". Мақсатына байланысты компьютердің аппараттық конфигурациясын таңдау; 2) "Программалық қамтамасыз ету". Пайдаланушының қажеттіліктеріне байланысты бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдау; 3) "Компьютерлік желілер". Бұлтты технологияларды қолдану арқылы құжаттармен ортақ жұмыс істеу; 4) "Ақпаратты ұсыну және өлшеу". Ақпарат қасиеттері (өзектілігі, дәлдігі, анықтығы, құндылығы); 5) "Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру". Дерекқор, өріс, жазба. Электрондық кестеде деректер базасын құру. Деректерді іздеу, сұрыптау және сүзгілеу; 6) "Модельдеу". Процесс моделдерін (физикалық, биологиялық, экономикалық) электрондық кестеде зерттеу және құру; 7) "Программалау". Бір өлшемді массив. Екі өлшемді массив. Массивтерді өңдеудің негізгі алгоритмдері: массив элементтерін іздеу, сұрыптау, орнын ауыстыру, жою және қою. PyGame (пайгейм) кітапханасы. Ойынның артқы фоны. Ойынға арналған дайын кейіпкерлер. Кейіпкер қозғалысы. Дайын сценарий бойынша ойын программмалау. Ойын нәтижелерін есептеу; 8) "Эргономика". Компьютерде ұзақ уақыт жұмыс істеу тәуекелін бағалау; 9) "Ақпараттық қауіпсіздік". Желіде жұмыс істеудің этикалық және құқықтық нормаларын бұзу салдарлары. 5-9-сыныптарда «Информатика» пәнін оқыту кезінде үштілділік саясатына ерекше көңіл бөлінуі керек. Пән үшін айрықша болып танылатын білім алушылардың академиялық тілін дамыту ұсынылады. Бұл процесс әрбір сабақ үшін білім алушылардың тілдік дағдыларын дамыту жолдарын анықтауды қамтиды. Мысалы: «Білім алушылар әлеуметтік желіні пайдалану мен атрибуттарын ауызша талқылай алады». Бағдарламалау тілінің ағылшын тілі екенін атап өту маңызды, көптеген компьютерлік интерфейстер ағылшын тілінде ұсынылған. Пән мұғалімдері жоғары сыныптарда «Информатика» пәні білім алушылардың қалауы бойынша ағылшын тілінде оқылуы мүмкін екендігін үнемі есте сақтауы тиіс. Мұғалім білім алушылардың назарын информатика бойынша лексиконда сипатталғандай академиялық тілді пайдалануға аудару қажет (http://tinyurl.com/NIS-CS-Lexicon сондай-ақ информатика саласында жұмыс істеу үшін қажетті тілдік дағдыларға, мысалы, метафорлар мен аналогияларды пайдалана отырып, күрделі жүйелерді түсіндіру. Сонымен қатар, мұғалімдер білім алушыда бай академиялық тілді қалыптастыру мақсатында диалог/жазу үшін пайдалы сөздерді пайдалануды қамтитын ұйымдастырылған және жүйелі тілдік қолдауды жүзеге асыруы керек. Мұғалімдерге көмек ретінде білім алушыларды TIMSS және PISA халықаралық зерттеулеріне дайындау бойынша есептер жинағы әзірленді (сайт www.nao.kz). «Математика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан сайын 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде 47-кестеде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.
47-кесте. «Математика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Сынып Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны 1-тоқсан 2-тоқсан 3-тоқсан 4-тоқсан 5-сынып 6-сынып
«Алгебра» пәні бойынша жиынтық бағалау саны «Тізбектер», «Тригонометрия» бөлімдерінің көлемінің үлкендігіне қарай екінші және үшінші тоқсанда сәйкесінде 2 және 3 бөлім бойынша жиынтық бағалаулар ұсынылған. Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде 48-кестеде оқу пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.
48-кесте. «Алгебра» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Сынып Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны 1-тоқсан 2-тоқсан 3-тоқсан 4-тоқсан 7-сынып 8-сынып 9-сынып «Геометрия» пәні бойынша жиынтық бағалау саны Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде 49-кестеде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.
49-кесте.«Геометрия» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Сынып Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны 1-тоқсан 2-тоқсан 3-тоқсан 4-тоқсан 7-сынып 8-сынып 9-сынып «Информатика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны» «Информатика» пәні бойынша жиынтық бағалау тек бөлім бойынша өткізіледі (БЖБ) және қорытынды баға жартыжылдық бойынша қойылады. 3 тоқсанда 6,7,8,9-сыныптарда бір ғана бөлім – «Phyton программалау тілінде программалау» бөлімі оқытылады. Аталған бөлім бойынша екі жиынтық бағалау өткізу ұсынылады. Төменде 50-кестеде аталған ұсынысты ескере отырып оқу жылының тоқсандары бойынша жиынтық бағалау саны берілген.
50-Кесте. «Информатика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны»
Сынып Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны 1 тоқсан 2 тоқсан 3 тоқсан 4 тоқсан 5 сынып 6 сынып 7 сынып 8 сынып 9 сынып
«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына 14-4 пункті енгізілген: 14-4. Оқу жүктемесі кезінде аптасына 1 сағат БЖБ бөлімдерді біріктіре отырып, төрттен екі реттен артық өткізілмейді, қорытынды баға жарты жылда қойылады. Осылайша, «Информатика» оқу пәні бойынша 5-9 сыныптарда бөлім үшін ғана жиынтық бағалау жүргізіледі және олардың қорытындысы бойынша жарты жылдық баға қойылады, ал тоқсан бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді. «ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ САЛАСЫ
«Жаратылыстану» білім саласында келесі пәндер оқытылады: «Жаратылыстану» – 5, 6-сыныптар, «Физика» – 7-9-сыныптар, «Биология» – 7-9-сыныптар, «Химия» – 7-9-сыныптар, «География» – 7-9-сыныптар.
Жаратылыстану ғылымын оқыту білім алушылардың бойында табиғи құбылыстар мен заңдылықтар туралы түсініктерді қалыптастырып, табиғатты танудың ғылыми әдістерін ашып көрсетеді. Ол табиғаттың бір бөлігі ретінде адамға, табиғат әлемін ұғыну ғана емес, осы өзгергермелі әлемдегі өз орнын сезінуге бағытталған және жеке тұлғалық құндылық қасиеттер жүйесін тәрбиелеуге, жеке тұлғаның дүниетанымдық, мәдени, тәжірибеге бағдарланған қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған. «Жаратылыстану» пәнін география, биология, физика және химияның кіріктірілген курсы ретінде география пәнінің мұғалімі сияқты биология пәнінің мұғалімі де, немесе физика немесе химия пәні мұғалімі жүргізе алады. Негізгі орта білім деңгейінде «Жаратылыстану» білім саласы бойынша келесі пәндер оқытылады: 5, 6-сыныптарда – «Жаратылыстану»; 7, 8,9 -сыныптарда - «География», «Биология», «Химия», «Физика». Негізгі орта білім берудің жаңартылған мазмұнына сәйкес 7-сыныптан бастап бір мезгілде «Физика», «Химия», «Биология», «География» пәндері оқытылады, мектептегі жаратылыстану ғылымдарын оқытудың үздіксіздігін және әлемнің біртұтас ғылыми көрінісін қалыптастыру қамтамасыз етіледі. Бұл 5-сыныпта оқыған «Жаратылыстану» пәнінен кейінгі үзілістің болуын жояды, өйткені қолданыстағы оқу бағдарламалары бойынша «Физика» пәні 7-сыныптан, ал «Химия» пәні 8-сыныптан бастап оқытылатын. «Физика», «Химия», «Биология», «География» пәндерінің синхронды оқытыла басталуы әр пәннің мазмұны басқа пәнде жалғасын табуға ықпал етеді, оған сәйкес осы төрт пән бойынша кейбір тақырыптар бір академиялық кезеңде зерделенеді. «Жаратылыстану» оқу пәні бастауыш мектепте оқытылған «Жаратылыстану» пәні бағдарламасының логикалық жалғасы болып табылады. 5-6 сыныптың білім алушыларына жаратылыстану бағытында білім беру, олардың жаратылыстану ғылымына деген қызығушылығының артуына, осы жастағылардың мүмкіндігіне қарай зерттеулер жүргізудің қарапайым дағдыларын, әлем туралы ой-өрістерін кеңейтуге, ғылымды ұғыну мен қоршаған әлемді тұтастай қабылдауларының дамуына, қоршаған әлемді бағалай және қорғай білу біліктіліктерінің дамуына көмектеседі. 5-6-сыныптарда «Жаратылыстану» курсын оқудың мақсаты білім алушылардың бойында жаратылыстану ғылымы білімін, табиғат пен қоғамның өзара байланысы, табиғаттағы заңдылықтардың біртұтастығы туралы түсінігін қалыптастыру және күнделікті өмірде кездесетін табиғат құбылыстарының зардабы мен процесін сипаттау, болжау үшін қолдану біліктігін дамыту болып табылады. Пәннің мазмұнын меңгерудегі жүйелік-әрекеттік тәсіл зерттеу дағдыларын (іздеуді, іріктеуді, жүйелеуді, ақпаратты талдауды және бағалауды, зерттеу нәтижелерін ұсынуды қалыптастыру)дамытуға мүмкіндік береді. Оқу пәнінің мазмұны 7 бөлімнен тұрады: «Ғылым әлемі», «Ғалам. Жер. Адам», «Заттар және материалдар», «Тірі және өлі табиғаттағы процестер», «Энергия және қозғалыс»,«Экология және тұрақты даму», «Әлемді өзгертетін жаңалықтар». Бағдарлама білім алушыларға қоршаған әлемнің көптүрлілігін, табиғи құбылыстар мен процестердің өзара байланысын, тірі және өлі табиғатта болатын табиғи құбылыстар мен процестердің себептері мен салдарын, табиғаттағы нысандар мен процестердің көптүрлілігін жүйелеу принциптерін, адамның көптеген іс-әрекеті үшін ғылыми-жаратылыстану білімінің маңыздылығын түсінуге мүмкіндік беретіндейетіп құрылған. Сабақ уақытында білім алушылардың байқау, ғылыми зерттеуді жоспарлау, деректерді алу және ұсыну, нәтижелерді түсіндіру тәрізді зерттеушілік, ойлау, сөйлеу және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға ерекше назар аудару қажет. Мысалы, түрлі тақырыптарды зерделеу арқылы, білім алушы зерттеу жоспарын құрастыруды, бақылауды, эксперименттер жүргізуді, нәтижелерді ауызша және жазбаша сипаттауды және бағалауды, қорытынды және тұжырымдама жасауды үйренеді. Ол білім алушының үйде, мектепте, табиғатта бақыланған нысандар мен құбылыстарды түсінуі үшін, алынған білім мен дағдыларды күнделікті өмірде қолдану біліктерін дамытады. «Жаратылыстану» сабақтарында жергілікті компонент деректерін тартуғаерекше назар аудару қажет. Мысалы, ғылыми жобаларды әзірлеу үшін білім алушыларға күнделікті өмірде практикалық маңызы бар төмендегідей оқыту мақсаттарына назар аудару ұсынылады: 5.6.3.1 - Қазақстан Республикасының экологиялық проблемаларын атау; 5.6.3.2 - өз аймағының экологиялық мәселелерін зерттеу; 5.6.3.3 - Қазақстан Республикасының Қызыл кітабының маңыздылығын анықтау; 5.7.1.1 - әлемді өзгерткен ғылыми жаңалықтарға мысалдар келтіру; 5.7.1.2 –ғылымдағы болашақ зерттеулер үшін зерттеу идеяларын ұсыну; 6.3.3.3 - Қазақстандағы пайдалы қазбалардың орындарын және қолдану салаларын анықтау; 6.3.3.4 - Қазақстандағы пайдалы қазбаларды өндеудің ірі орталықтарын атау және көрсету; 6.3.3.5 - пайдалы қазбалардың өндірілуі мен өңделінуінің қоршаған ортаға әсерін түсіндіру; 6.4.2.4 - толыққанды тамақтану рационын құру; 6.4.2.5 - азық-түлік өнімдеріндегі органикалық заттардың болуын тестілеу; 6.5.1.4 - электр энергиясының құнын есептеу; 6.5.1.5 -энергияны алудың баламалы көздерін ұсыну; 6.6.3.1 - өзінің аймағындағы кейбір экологиялық мәселелердің себептерін талдау; 6.6.3.2 - экологиялық мәселелерді шешу жолдарын ұсыну 6.7.1.1 - әлемді өзгерткен жаңалықтардың маңызын талқылау; 6.7.1.2 - жаратылыстану ғылымдарын дамытуда қазақстандық ғалымдардың үлесін талқылау; 6.7.1.3 - ғылыми зерттеулер бағыттарының болашақтағы дамуына болжам жасау. «Жаратылыстану» пәнінің мұғалімдері білім алушының бойында білуге құмарлықты, ой-өрісін, қоршаған әлемді ғылым тұрғысынан түсінуді, табиғи және техногендік байлықты бағалау және қорғауды қалыптастыру қажет. Ол білім алушының қоршаған әлемнің түрлі нысандары мен құбылыстары туралы білім қорының жинақталуына, түрлі практикалық және зерттеушілік іс-әрекеттер арқылы алынған білімнің күнделікті өмірмен байланысы түсінігін қалыптастыруға ықпал етеді. «Жаратылыстану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 5-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты; 6-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды. Жаратылыстану пәндері мұғалімдерінің тамыз отырысында қарастыруға төмендегідей тақырыптар ұсынылады: 1.Білім мазмұнын жаңарту аясында (7-9-сыныптарда) жаратылыстану пәндері оқу бағдарламасының ерекшеліктері. 2. STEM – білім беру – проблемасы және келешегі. 3. Жаратылыстану-ғылыми білім беру және clil - технологиялар. Жаратылыстану мұғалімдерінің оқу жылы ішінде әдістемелік құрылымдарының (әдістемелік бірлестіктер, жас маман мектебі, педагогикалық шеберлікті жетілдіру мектебі, шығармашылық топтар және т.б.) отырыстарына ұсынылатын тақырыптар: 1. Жаратылыстануциклыпәндерін оқыту жәнеSTEM-білімінің артықшылығы 2. Қазақстанда өндірілетін жаңартылатын энергия көздері. 3. Жаратылыстану-ғылыми цикл пәндерін ағылшын тілінде кіріктіріп оқыту әдістемесі: ерекшеліктері, артықшылықтары, әдістері, жүзеге асыру тәсілдері. «Жаратылыстану» пәні бойынша жиынтық бағалау саны Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде 51-кестеде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген. 51-кесте. «Жаратылыстану» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Сынып Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны 1-тоқсан 2-тоқсан 3-тоқсан 4-тоқсан 5-сынып 6-сынып
|
|||||||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 11; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.220.110.45 (0.019 с.) |