Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Дене шыныҚтыру» білім саласыСодержание книги
Поиск на нашем сайте
«Көркем еңбек» оқу пәні «Көркем еңбек» оқу пәнінің 5-9-сыныптарға арналған оқу бағдарламасының мазмұны оқыту мақсаттары жүйесінің шығармашылық әрекет үдерісі барысында тәжірибелік және негізгі білім қалыптастыруға бағытталған үш бөлім бойынша ұйымдастырылған: 1) «Шығармашылық идеяларды дамыту және зерттеу» бөлімі; 2) «Шығармашылық жұмыстарды жасау және дайындау» бөлімі; 3) «Таныстырылым, талдау және шығармашылық жұмыстарды бағалау» бөлімі. Оқу бағдарламасының мақсаты – өнер және еңбек технологиясы саласында функционалды сауаттылықты қалыптастыру, шындыққа шығармашылықпен қарайтын тұлға дамыту. 5, 6, 7, 8, 9 -сыныптарға арналған «Көркем еңбек» пәнінен жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы оқу мақсаттары жүйесі арқылы ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. «Көркем еңбек» оқу пәнінің бағдарламасы: қоршаған ортада өнер, дизайн мен технология туралы түсінік пен білімді дамытуға; Қазақстан және әлем халықтарының көркем-мәдениет мұрасын оқып үйренуге; өнер мен дизайнның көркем тәсілдері арқылы шығармашылық идеяларды, технологиялық дағдыларды дамытуға; зерттеу, жасау, талдау, нысандарды көркем түрлендіру үдерісінде білім алушылардың шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға; оқу қызметінің барлық түрлерінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы тәжірибе алуға (зерттеу, идеялардың шығармашылықпен іске асыру, жұмыстардың таныстырылымы); жұмыс нәтижесі үшін түрлі ақпарат көздері мен ресурстарының маңыздылығын түсіне отырып, зерттеу мен пайдалануға; эстетикалық, еңбекке баулу, экономикалық, экологиялық, патриоттық тәрбиелеу мен рухани-өнегелік құндылықтарын қалыптастыруға; уақыт, материалдың қасиеті мен басқа да факторлардың әсерін анықтап және оны ескере отырып қызметін өз бетінше жоспарлай алуға; оқу мақсаттарына жетуде бірігіп жұмыс істеуді ұйымдастыру (жеке, жұптық және топтық жұмыс) бойынша тәжірибе жинауға бағытталған. Жалпы негізгі білім беру жүйесіндегі «Көркем еңбек» пәнінің ерекшелігі әртүрлі өнер түрлерін зерделеу, идеяларын өнер тәсілдері арқылы көрсету, әмбебап (тұрмыстық) және арнайы (пәндік) білімдер мен икемділікті, материалдар мен нысандарды түрлендіру және көркем өңдеу дағдыларын, үй шаруашылығын жүргізу, технологиялар мен техниканы қолдану машықтарын иелену болып табылады. «Көркем еңбек» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: - 5-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты; - 6-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты; - 7-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты; - 8-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды; - 9-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды. Оқу бағдарламасының мазмұны материалдарды 5 ортақ білім беру бағыттары арқылы оқып-үйренуді қарастырады: «Визуалды өнер»; «Сәндік-қолданбалы шығармашылық»; «Дизайн және технология»; «Үй мәдениеті»; «Тамақтану мәдениеті». «Визуалды өнер» мен «Сәндік-қолданбалы шығармашылық» бөлімдерінің тақырыптары ер балалар мен қыз балалар үшін бірдей. «Визуалды өнер» бөлімінің мазмұны төмендегі бөлімшелерді: классикалық және заманауи өнер; қазақстандық суретшілердің шығармашылығы; бейнелеу өнерінің жанрлары мен түрлері; сандық өнер (фотосурет, анимация, медиа құралдар); бейнелеу (визуалды) өнерінің көркем тәсілдері; көркемдік материалдар және техникалармен эксперименттеу бөлімдерін қамтиды. «Сәндік-қолданбалы шығармашылық» бөлімінің мазмұны төмендегі бөлімшелерді: сәндік-қолданбалы өнер ерекшеліктері мен негізгі пішіндері, Қазақстанның және басқа елдердің сәндік-қолданбалы өнері; сәндік-қолданбалы өнер материалдары, технологиялары мен құралдары; Ұлттық ою-өрнек; Ішкі көріністі сәнді безендіру қарастырады. «Дизайн және технология» (ер балалар) бөлімінің мазмұны төмендегі бөлімшелерді: негізгі конструкциялық, табиғи, жасанды және дәстүрлі емес материалдарды; материалдарды өңдеу құралдары мен жабдықтарын; материалдарды әртүрлі тәсілдермен өңдеуді; әртүрлі материалдардан бұйым дизайнын; ұлттық тұрмыстық заттарды дайындау технологиясын; қазақстандық және әлемдік сәулет ескерткіштерін; макеттеуді; ішкі көрініс дизайнын; робототехника, көлік құралдарын модельдеуді қамтиды. «Дизайн және технология» (қыз балалар) бөлімінің мазмұны төмендегі бөлімшелерді: негізгі тоқыма, табиғи, жасанды және дәстүрлі емес материалдарды; тоқыма материалдарын өңдеу құралдары мен жабдықтарын; тоқыма материалдарын әртүрлі тәсілдермен өңдеуді; тоқыма материалдарынан бұйым дизайнын; сән индустриясын, стиль және образ, ұлттық киім элементтерін дайындау технологиясын қамтиды. «Үй мәдениеті» бөлімінің мазмұны (ер балалар) төмендегі бөлімшелерді: тұрғын үйдің экологиясын; өсімдік шаруашылығы, сәндік өсімдіктер шаруашылығы, ландшафтты дизайн негіздерін; электр қуатының көздері туралы жалпы мәліметтерді, тұрмыстық техника және электр құралдарын қолдану мен жөндеуді; тұрмыстық жөндеу жұмыстарын, ішкі көріністі ұйымдастыру мен жоспарлауды қамтиды. «Үй мәдениеті» бөлімінің мазмұны (қыз балалар) төмендегі бөлімшелерді: жеке гигиенаны, тұрғын үй экологиясын; өсімдік шаруашылығы, сәндік өсімдіктер шаруашылығы, ландшафтты дизайн негіздерін; киім күтімі мен ұзақ мерзімді сақтауды қамтиды. «Тамақтану мәдениеті» бөлімінің мазмұны төмендегі бөлімшелерді: дұрыс тамақтану негізін; дастарқан басында өзін-өзі дұрыс ұстау ережелерін, дастарқанды жабдықтауды; тағам әзірлеу технологиясын; Әлем халықтарының тағамдарын қамтиды. Жалпы негізгі білім беру жүйесіндегі «Көркем еңбек» пәнінің ерекшелігі әртүрлі өнер түрлерін зерделеу, идеяларын өнер тәсілдері арқылы көрсету, әмбебап (тұрмыстық) және арнайы (пәндік) білімдер мен икемділікті, материалдар мен нысандарды түрлендіру және көркем өңдеу дағдыларын, үй шаруашылығын жүргізу, технологиялар мен техниканы қолдану машықтарын иелену болып табылады. Ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарларда ұсынылатын әрекет түрлері, «Өнер» білім саласы бойынша тақырыптар бейнелеу өнері мен көркем еңбек компоненттерінің мәнмәтінінде оқылатындай етіп құрылған. Оқу жоспарының мазмұнына сызу және компьютерлік графика мен АКТ, сызулар құру үшін технологиялық құжаттарды орындау дағдыларын дамытумен байланысты оқу мақсаттарына жетуге бағытталған әрекет түрлері қосылған. «Көркем еңбек» пәні бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді. «Көркем еңбек» жарты жыл және оқу жылының соңында «есептелінді» («есептелінген жоқ») деген белгі жазылады. «Көркем еңбек» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2019-2020 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады.
Назар аударыңыздар! «Көркем еңбек» пәнінің оқу бағдарламасын бейнелеу өнері және технология пәндері бойынша дипломдарына қосымшасы бар бейнелеу өнері, еңбекке баулу және технология пәндерінің мұғалімі сабақ бере алатындай құрастырған. «Көркем еңбек» пәнін оқыту үшін арнайы диплом қажет емес екенін осы оқылатын пәндер тізімі куәландырады. Бұл пәнді оқытуға аптасына 2 сағат берілгенін ескерсек, осы пәндерге жетекшілік жасайтын мұғалімдер сағаттарын жоғалтуы негізсіз болып табылады.
5-9-сыныптарға арналған «Дене шынықтыру» пәнінен жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасының басты мақсаты – ағзаның бүкіл жүйелерін дамыту, оқушылардың физикалық қасиеттерін және олармен байланысты қабілеттерін жетілдіру болып табылады. Дене шынықтыру пәнінің жеке тұлғаны тәрбиелеуде алатын орны ерекше. Ол оқушының дене дамуына, әлеуметтік, дербес және рухани қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді. Мектептегі білім беру контексінде дене шынықтыру білім алушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттайды. Оқу бағдарламасы білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, дене және психикалық денсаулығын нығайтуға уәждемесін (мотивация) арттыруға, білім алушылардың арнайы спорттық (спорттық-спецификалық) қимыл дағдыларын меңгеруіне және дене қабілеттерін дамытуға бағытталған. Оқу бағдарламасында дене шынықтыру мен спортты дамыту тарихы бойынша білімді қалыптастыру; негізгі физикалық қасиеттерді жетілдіру, арнайы спорттық біліктер мен дағдыларды дамыту; коммуникативтік дағдыларды дамыту, атап айтқанда, әртүрлі дереккөздерден алынған ақпаратты пайдалану, оны тиісті нысанда нақты ұсыну қабілеті; ойлау және зерттеу дағдыларын дамыту; адамгершілік-жігер, моральдық-ерік қасиеттерін қалыптастыру қарастырылған. Оқу бағдарламасы оқу жылы ішінде бағдарлама бөлімдерін оқытудың бірізділігін анықтайтын ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Сағаттарды бөлу, сондай-ақ тақырыптарды оқу реті мұғалімнің қалауы бойынша өзгеруі мүмкін. «Дене шынықтыру» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 1) 5-сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағатты; 2) 6-сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағатты; 3) 7-сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағатты; 4) 8-сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағатты; 5) 9-сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағатты құрайды. Бұл бағдарламада мектепте дененің шынығуы мен адамгершілікке тәрбиелеудің кешенді жүйесін құрайтын дене шынықтырудың барлық негізгі нысандарының мазмұны қамтылған және бұл міндеттерді барлық оқу жылында біртіндеп шешуге мүмкіндік береді. Бағдарламаның үшінші сағаты оқушылардың белсенділігін арттыруға (спорт және қозғалмалы ойындар санын кеңейту арқылы) және сауықтыру процесіне бағытталған. Негізгі мектептің 5-сыныбынан бастап дене шынықтыру сабақтары ер балалар және қыз балалар топтарына бөлу негізінде жүргізіледі. Дене шынықтыру пәні сабақтары гендерлік қағидат бойынша (қалалық жерлерде – әр топта 8 ұл (қыз) баладан кем емес, ауылдық жерлерде – 5 ұл (қыз) баладан кем емес болған жағдайда) өткізуде сыныпты екі топқа бөліп оқыту жүзеге асырылады. «Дене шынықтыру» оқу пәнінің оқу бағдарламасының мазмұны оқытудың бөлімдері арқылы ұйымдастырылған. Бөлімдер сыныптар бойынша күтілетін нәтиже түрінде берілген оқу мақсаттарын қамтитын бөлімшелерден тұрады. Оқу пәнінің мазмұны 3 бөлімнен тұрады: 1.«Қимыл-қозғалыс іс-әрекеттері» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды: түрлі арнайы спорттық қимыл-қозғалыс әрекеттерін орындау кезіндегі дәлдікті, бақылауды және үйлесімділікті дамыту; түрлі қимыл-қозғалыс комбинацияларын құру және оларды дене жаттығуларын орындауда қолдану реттілігі; арнайы спорттық техникаларды орындау кезінде қимыл-қозғалыс дағдыларын және олардың орындалу ретін түрлендіру; қимыл-қозғалыс әрекеттерін орындауды жақсарту үшін өзінің және өзгелердің біліктіліктерін бағалау; бірқатар дене жаттығуларының тактикаларын, стратегиялары мен құрылымдық идеяларын қолдану және бағалау; қиындықты жеңе білу және қимыл-қозғалыс белсенділігімен байланысты қауіп-қатерлерге жауап қайтара білу. 2. «Шығармашылық қабілеттер және қимыл-қозғалыс дағдылары арқылы сыни көзқарасты қалыптастыру» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды: қимыл-қозғалыс әрекеттері арқылы өзгермелі жағдайға жауап қайтара білуге бейімделу; көшбасшылық, сондай-ақ, команда құрамында жұмыс істей білу дағдыларын дамыту және қолдану; қолайлы оқу-үйрену ортасын қалыптастыруға қажет бірқатар тиімді дағдыларды көрсету; дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру және балама түрлерін құруға қажет ережелер мен құрылымдық тәсілдерді бағалау; өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін сыни тұрғыдан бағалау және оны шешудің балама жолдарын ұсыну; жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін білу; жарыс кезінде таза ойнау, патриотизм және ынтымақтастыққа жататын мінез-құлық көрсету; түрлі қимыл-қозғалыстармен шарттастырылған рөлдерді орындау және олардың айырмашылықтарын сезіне білу. 3. «Денсаулық және салауатты өмір салты» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды: жеке бас денсаулығы және салауатты өмір салты туралы білімді қалыптастыру; қыздырыну және қалпына келтіру жаттығуларын құру мен орындау; түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен эенергетикалық жүйемен байланысын зерттеу; денсаулықты нығайтуға бағытталған бірқатар дене жүктемелері кезінде туындауы мүмкін қауіп-қатерді басқара білу стратегиясын құру және қолдану; басқалардың дене жаттығулары тәжірибесін байыту масқатында білім, біліктілік және дағдыларды қолдану. Әр бөлімшеде көрсетілген оқу мақсаттары мұғалімге оқушыларды дамыту бойынша жұмысты жүйелі жоспарлауға, сонымен қатар олардың жетістіктерін бағалауға, оқытудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді. «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны 5-9-сыныптарда «Дене шынықтыру» оқу курсының аясында 15 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен дене шынықтыру мұғалімінің оқытуымен іске асырылады. «Дене шынықтыру» пәні бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді. «Дене шынықтыру» пәні бойынша тоқсан, жарты жылының және оқу жылының соңында «есептелінді» («есептелінген жоқ») деген белгі жазылады. «Дене шынықтыру» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2019-2020 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады. «Дене шынықтыру» пәні сабақтарын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Білім мазмұнын жаңарту аясында (5-9-сыныптарда) «Дене шынықтыру» пәнін оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2018.–89 б.» (Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2018 жылғы 24 сәуірдің №5 хаттамасы)» әдістемелік ұсынымдама әзірлеп, академия сайтына орналастырылған (nao.kz).
Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқыту кезінде білім алушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, жеке оқу жоспары мен жеке оқу бағдарламасы әзірленеді. 5-9-сыныптарда білім беру ұйымдарынан тыс жеке сабақтар үшін ең жоғарғы оқу жүктемесі: 5-сынып-7,5 сағат; 6 – сынып–7,5 сағат; 7 – сынып-8,5 сағат; 8 – сынып-9 сағат; 9 – сынып-9,25 сағат құрайды. Сабақтар емдеуші дәрігердің қорытындысына сәйкес осы медициналық ұйымда 15 күннен астам емдеуден/оңалтудан өтуі тиіс білім алушылармен жүргізіледі. Оқу сабақтары балалар стационарға түскен сәттен бастап және баланың денсаулық жағдайына байланысты басталады. Сабақтың ұзақтығы барлығы үшін - 35 минут, бірінші сыныпта - 25 минут (бірінші жартыжылдықта). Аурудың ауырлығына қарай ауру балалар болатын медициналық режимдердің әрқайсысына олармен жұмысты жоспарлау кезінде белгілі педагогикалық бағыттылық сәйкес келеді. Сынып жиынтықтылығы бір сыныпта 4 және одан да көп бала санынан басталады. Бір сыныпта 3-ке дейінгі балалар саны болған кезде: 5-6-7-сыныптар, 8-9-сыныптар бірігуі мүмкін. Медициналық ұйымның психо-неврологиялық бөлімшелерінде бастапқы және қайталама бұзылуларды жеңуге, психикалық функцияларды дамытуға, балалар мен жасөспірімдердің қоғамға бейімделуіне, әлеуметтік-еңбекке бейімделуіне және кірігуіне ықпал ететін компенсаторлық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған түзету-дамыту оқытуы жүзеге асырылады. Егер социумға кірігу үшін бөлімшелерде жеке түзету-дамыту сабақтары жүргізілсе, кейбір пәндер қысқартылуы мүмкін. Оқу жоспарларында бастауыш, негізгі және орта мектептің жалпы білім берудің базалық компонентін 80%-ы сақтау, сондай-ақ қаржыландыру шеңберінен шықпай, емдеу мекемесінің ерекшелігін ескере отырып, оқу жоспарын 20% сағатқа дейін қайта бөлу көзделуге тиіс. Үлгілік оқу бағдарламаларында көзделген сағаттар саны сараланған тәсілді ескере отырып алынуы және инклюзивті білім беру талаптарына сәйкес келуі тиіс. Пәндер арасында сағаттарды қайта бөлуге және мектепте жекелеген сабақтарға баруға жол беріледі. Бөлімшелерде емдік дене шынықтыру (емдік дене шынықтыру) және музыкатотерапия сабақтары өткізілетін жағдайларда мектепте музыка және дене шынықтыру сабақтары жүргізілмейді. Еңбекке және кәсіптік оқыту білім алушылардың денсаулық жағдайына қарай айқындалады және мынадай профильдердің негізінде жүзеге асырылады: ағаш, тігін бағыты, Шаштараз өнері, сәндік-қолданбалы өнер. Информатика және көркем еңбек және технология бойынша сағат саны артады. Бұл пәндерді қосымша зерделеу қажеттілігі болашақта кәсіптік бағдар беру мақсатында ақпараттық технологиялар мен еңбек дағдыларын игеруге ерекше мұқтаж балалардың қажеттілігімен байланысты. Бейнелеу өнері пәні кеңірек, пластикалық массалармен, басқа да көркем жұмыстар түрлерімен жүргізіледі, өйткені бұл іс-әрекет қолдың ұсақ моторикасын дамытады, назарын бекітеді, балаларды шығармашылыққа үйретеді. Қажет болған жағдайда түзету көмегі психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде (оңалту орталығында) белгіленген тәртіппен көрсетіледі. Қазақ және орыс тілдері мен әдебиеті үшін бөлінген сағаттар 1 сағатқа қысқартылуы және басқа оқу пәнінің сағаттарын жүргізу үшін қайта бөлінуі мүмкін, сөйлеу тілін дамыту мен түзету клиникалық бөлімшелерде логопедия сабағын толықтырады. Үйде оқитын баланы сыныптан тыс, үйірме жұмыстарына және мектептің басқа да тәрбие іс-шараларына тарту маңызды. Үйде оқытуды ұйымдастыру жөніндегі қосымша ақпаратты «Жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламалары бойынша балаларды үйде оқыту жөніндегі әдістемелік ұсынымдардан» (www.nao.kz сайтынан) табуға болады.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 9; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.219.207.115 (0.014 с.) |