Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Иммундық жүйе туралы түсінік, иммундық жүйенің құрылысын түсіндіріңіз.

Поиск

Иммунды жүйе — барлық лимфоидтыорганизмдер мен организмдегі торшалар жинағы. Ерекше иммундық қорғаныс механизмдеріне жауапты.
Иммунды жүйе сүйектік қызыл кемігі,лимфа безі, айыршық безі (тимус),кұстардық фабрицнев қапшығы,көкбауыр, сондай-ақ тыныс алу және ас қорыту жолдарындағы топталған лимфоидты тканьдар кіреді. Иммунды жүйе ең басты мүшесінің қызметін әртүрлілимфоциттердің субпоппуляциялары және лимфоциттердің кейбір тармақтары атқарады, олар макрофагтарменқосылып, иммунологиялық жауаптың негізі — антиденелер түзу және сезімталдығы күшейтілген лимфоциттердің жиналуын қамтамасыз етеді, ал бұлар бөтен антигендерді таниды, қорытады және жояды.
Иммундық жүйе организмнің жұқпалы ауруларға және табиғи жай заттардың зиянды әсеріне қарсы тұру қабілеттілігін қамтамасыз етеді, қызметті қалпынан өзгергенде адам ауруларға тез ұшырайды.Иммундық жүйенің қызметі:
организмнің бөгде заттар мен бөлшектерге қарсы тұру қабілеттілігін күшейтеді;организмнің генетикалық тұрақтылығын сақтайды;организмді жұқпа аурулардан қорғайды, қатерлі ісіктердің түзілуін бақылайды;ауыстырып отырғызған мүшеге қарсы организмнің жауабын қалыптастырады;басқа қызметтер атқарады.
Иммундық жүйенің мүшелері басқа мүшелермен өзара әрекеттеседі.
Иммундық жүйенің қасиеттері:
жоғары ерекшелігі, бөгде қосылыстар мен бөтен микроорганизмдерге қарсы ерекше реакцияларды қалыптастырады.организмнің өзінің қосылысын танып, бөтен заттан айыру қабілеттілігі.
Өте сирек кездесетін құбылыс – иммундық жүйенің әсері организмнің өзінің қалыпты ұлпаларының жасушаларына қарсы бағытталады, нәтижесінде адамда аутоиммундық аурулар дамиды.
Иммундық жүйе мүшелері:
орталық иммундық жүйе мүшелері:тимус (айырша без), сүйек кемігі;перифериялық иммундық жүйе мүшелері: көкбауыр, лимфа түйіндері, әр түрлі ішкі мүшелердегі лимфоидті ұлпа жиынтықтары.

Тимуста – Т-лимфоцитер дамиды, жіктеледі және жетіледі.
Сүйек кемігі – бағана жасушалар түзілетін мүше. Бағана жасушалар иммундық жүйе жасушаларының, оның ішінде лимфоциттердің негізгі көзі.
Көкбауыр – қанағымына түскен бөгет ақуыздар, бұзылған формалық элементтер, микроорганизмдер үшін күшті фильтр ретінде қызмет атқарады.
Лимфа түйіндері – лимфоциттер түзілетін шеткі қантүзу мүшесі. Лимфа түйіндерінде фагоцитоздың көмегімен бөгде заттар залалсызданады, Т- және В-лимфоциттер, антиденелер түзіледі. Лимфа түйіндері қорғаныш және қантүзу қызметтерін атқарады.
Иммундық жүйенің жасушалары:
лимфоциттер, фагоциттер, базофилдер, бағана жасушалар, тромбоциттер, басқа жасушалары, мысалы ұлпа жасушалары.
Барлық жасушаларының тегі – плюропотентті бағана жасушалары



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 10; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.225.255.196 (0.006 с.)