Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Антигендердің анықтамасы мен олардың химиялық құрамын сипаттаңыз. Толық антиген және гаптенге сипаттама беріңіз.Содержание книги
Поиск на нашем сайте
6) Антигендердің анықтамасы мен олардың химиялық құрамын сипаттаңыз. Толық антиген және гаптенге сипаттама беріңіз. Антигендер – иммундық жауап туыдыратын, яғни ағзадан бөгде затты шығаруға бағытталған арнайы серпілістерге қатысатын, генетикалық бөгде зат болып табылатын, жоғары молекулалық химиялық қосылыстар. Иммундық жауап антигеннің барлық макромолекуласына емес, оның антигендік детерминант деп аталатын белгілі бір бөлігіне қарсылық көрсетеді.Антигендік детерминанттың қазіргі кездегі атауы – эпитоптар.Эпитоп – иммундық жауап кезінде түзілетін антиденелер мен эффекторлы Т-лимфоциттердің арнайлылығын қамтамасыз ететін жеке химиялық және құрылымдық сипаты бар антиген молекуласының бір бөлігі. В-лимфоциттермен танылатын және оларға қарсы антиденелер түзілетін эпитоптарды – В-жасушалық эпитоптар немесе гаптендер (синонимдер) деп аталады. В-жасушаларды әрбір клоны белгілі гаптенге әсер етеді.Антиген құрылымы мен химиялық құрылысын зерттеуге үлкен үлес қосқан Нобель сыйлығының лауреаты (1930ж.) К. Ландш-тейнер гаптен деген терминді енгізген. Гаптендер - өлшемі үлкен емес химиялық топшалар. Олар табиғи антиген молекулаларының құрамдас бөлігі немесе шығу тегі экзогендік болуы мүмкін, мысалы, дәрілік заттар және олардың метоболиттері, азық-түлік, ауыл шаруашылық, тұрмыстық және өнеркәсіптік өнімдер болып табылады. Гаптен нәруыз-тасмалдаушымен байланысқан кезде ғана иммуногендік қасиетке ие болады. 7) Антигендердің бөгделік, иммуногендік және спецификалық қасиеттеріне түсінік беріңіз және антигендердің жіктемесін жазыңыз. Заттарды антигендер ретінде сипаттайтын негізгі қасиеттерге жатады: бөгделік, антигендік, иммуногендік және арнайылық. Бөгделік- ағзаның әр түріне немесе жеке индивидумдарга арнағган антигеннің өзгешелігін көрсететін генетикалык, тағайындалған жеке қасиеті. Антигеннің берілген ағзаға бөгделігі, иммундық жүйенің ағзаны биологиялық агрессиядан қорғау сияқты негізгі қызметімен байланысты. Агрессия жиі микроағзалар, вирустар, паразиттер және олар бөлетін токсиндер түрінде байқалады; берілген микроағзалар және оның өнімдері жоғарғы тірі жандарға бөгделік болып табылады. Эндогендік агрессия (ісіктердің өсуі) жасушалардың белгілі бір бөгделік қасиетке (мысалы, ісік жасушаларының бетінде ісікерекшелік антигендердің экспрессиясы) ие болуымен де байланысты. Барлық жағдайларда антиген ағзага «өзіндік емес» ретінде танылуы қажет. Нәтижесінде антиген бөтен субстанция сияқты, ағзаға өте қауіпті молекула түрінде көрінеді. Р.В. Петровтың анықтауы бойынша, «антигендер бұл бөтен генетикалық бағдарлама алып жүруші биологиялық заттар мен молекулалар».
Иммуногендік- антигеннің иммунитет тудыру қабілеті. Бұл ұғым негізінен, жұқпаларға иммунитет жағдайын қамтамасыз, ететін микроб және вирус антигендеріне қатысты айтылады. Мысалы, дизентерия қоздырғышының антигендігі өте жоғары, сондықтан өзіне қарсы күшті иммундық жауап туғызады, бірақ оған қарсы айқын иммунитет өндірілмейді, себебі ұзак өмір сүретін жерде жасушалары түзілмейді. Сүзек вакцинасының антигендігі мен иммуногендігі өте жоғары, оны енгізген кезде көп мөлшерде антиденелер түзіліп, қуатты иммунитет пайда болады.Антигеннің иммуногендігін көрсететін маңызды қасиеті молекула мөлшері. Полимерлік молекуланың салмағы жоғарлаған сайын, иммуногендігі артады. Антигендердің иммуногендігі олардың құрылысына (зарядына, қош иісті сақинаның болуына, қаттылығына) және мөлшері мен олардың ағзаға енгізу жолына байланысты.
Арнайылық- бұл антигендердің бір-бірінен айырмашылығын көрсететін антигендік ерекшелік. Антигендердің иммундық ерекшеліктері макромолекуланың барлық денесімен емес, антигеннің бетінде болатын детерминанттардың қасиетімен, олардың саны және молекулаларда табиғи антигендердің орналасуымен анықталады. Ағзадағы әрбір жасуша өзінің антигендік ерекшелігімен анықтайтын жеке химиялық құрылыммен сипатталады. Антигендік арнайлықтың келесі түрлері ажыратылады: түр-аралық (типтік арнайылық), топтық, тіндік, сатылық, органоидттық. Антигендердің жіктелуі: 1) табиғи антигендер - белоктар, көмірсу, нуклеин қышқылы, бактериялар, эндо- және экзотоксиндер, тін, қан клеткаларының антигендері. Табиғи антигендер гетерологиялық ерекшелігімен сипатталады. 2) жасанды антигендер - төменгі молекулалар қосындыларынан синтезделген. 3) гаптендер - жартылай антигендер, өз алдына иммундық қасиеті жоқ, бірақ үлкен молекулалы белоктармен қосылса антигендік қасиетке ие болады. 4) химиялық құрамына қарай белокты, көмірсулы, полипептидтер, т.б. болып бөлінеді. 5) ертінді антигендерге токсиндер, ферменттер жатады. 6) генетикалық жағдайына байланысты антигендер; - аутоантигендер, организмнің өзгерген өз клеткаларынан шыққан антигендер; өзгерген өз клеткалары антиген болып, аутоиммундық патологиялық процесс дамытып, аутоантиденелер туғызады; - изоантигендер - АВО қан топтарын құрады; - аллоантигендер - бір түрдегі жануарлардағы генетикалық аллельді түрлерінің айырмашылығы; - ксеноантигендер (гетероантиген) — антиген басқа түрге жататын жануарлардан алынған.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 11; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.139.72.210 (0.009 с.) |