Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Анықтамалар, жалпы түсініктер, қызметтер және жіктеулер

Поиск

 

 

1-деңгей (20 балл)

Есте сақтау

Анықтамалар, жалпы түсініктер, қызметтер және жіктеулер

 

1) Иммунологияның зерттеу бөлімдері және оларға түсінік беріңіз.

Иммунология (иммунитет және грек.logos – ілім) – организмнің әртүрлі антигендерге (организмге түскен жат текті агенттер) молекулалық, жасушалық және басқа физиологиялық реакцияларын және осыған байланысты организмде пайда болатын өзіндік ерекше және өзіндік емес құбылыстарды зерттейтін медицина және биология ғылымдарының сабақтас саласы.Иммунология организмнің қорғаныш қабілетін және онда пайда болатын иммунитетті зерттейді.

Иммунология медицина, ветеринария, биология, т. б. көптеген ғылым салаларымен тығыз байланысты. Иммунологияның дамуына 18 ғасырдың аяғында медицина мен биологияда ашылған жаңалықтар үлкен ықпал етті.

 

Зерттеу нысанына қарай:

жалпы (тәжірибелік) Иммунология,

медициналық Иммунология,

ветеринариялық Иммунология,

инфекциялық Иммунология,

клиникалық Иммунология,

радиациялық Иммунология,

онкологиялық Иммунология,

ғарыштық Иммунология

аллергология,

иммундық патология,

иммундық гематология,

эмбриогенез Иммунология,

өсімдіктер Иммунологиясы сияқты салаларға бөлінеді.

Иммунологияның мақсаты: қалыпты және патологиялық жағдайларда иммундық жүйе қызметінің жалпы заңдылықтарын, нақты аурулардың (әсіресе, жұқпалы індеттердің) пайда болуында, дамуында және оны емдеуде иммундық жүйенің атқаратын рөлін анықтау, диагноз қою, емдеу және алдын ала сақтану үшін Иммунологиялық тәсілдерді қолдану және оларды жетілдіру. Иммунологияда микробиол., серологиялық, аллергиялық, иммундық-хим., иммундық-морфол., иммундық-генетик., иммундық-молек., эксперименттік, т. б. әдістер қолданылады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 6; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.219.54.31 (0.009 с.)