Жоғары сезімталдылықтың кумбс пен джелл бойынша жіктелу түрлерін түсіндіріңіз.
20) Жоғары сезімталдылықтың Кумбс пен Джелл бойынша жіктелу түрлерін түсіндіріңіз.
Қазіргі кездегі иммунологиялық жетістіктеріне байланысты , қорғаныстың иммундық жауаптардың және иммундық патологиялық жағдайлардың , оның арасында аллергияның да, барлығының негізінде иммунологиялық серпілістің гуморалдық және жасушалық механизмдері жататыны белгілі болды. Осыдан 1964 жылы Кумбс пен Джелл (P.Gell, R.Coombs) жоғары сезімталдықтың даму жолдарына қарай жіктеуін ұсынған. Бұл жіктеу бойынша жоғары сезімталдықтың негізінде сезімталдықтың әр түрлі клиникалық көріністеріне алып келетін иммундық механизмдердің ерекшеліктері жатады . Бұл жіктеу қазіргі уақытта жалпы қабылданған.
Осы жіктеу бойынша жоғары сезімталдықтың 4 түрін ажыратады:
Атопия және анафилаксия
Цитоксикалық (цитолитикалық) серпілістер
Иммундық кешен аурулары
Жоғары сезімталдықтың жасушалық механизмдері (БЖС)
Бұл механизмдер аллергиялық және аутоиммундық ауруладың патогенезінің негізінде жатыр. Аллергиялық серпілістер бұл антигенге гиперэргиялы иммундық жауап болып табылады.
Жоғары сезiмталдықтың жасушалық механизмдерi (жоғары
сезiмталдықтың баяу түрi).
Кумбс пен Джеллдің жiктеуi бойынша, жоғары сезiмталдықтың IV-түрi – аллергенмен қайтадан кездескеннен соң 12 сағаттан кейiн дамиды
және бұл серпілістер, гуморалдық иммундық механизм бойынша емес,
жасушалықмеханизм бойынша дамиды.
|