Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Фагоцитоз анықтамасын, қызметтерін түсіндіріңіз. Мононуклеарлық фагоциттер жүйесін тізбектеңіз.

Поиск

фагоцитоз – фагоциттік жасушалардың антигенмен және өзгерген жасушалармен әсерлесуі, оның нәтижесінде олар фагоцит бетіне жабысып (адгезия – adhesio — жабысу), бөгде жасушаларды жұтып, қорытады. Фагоциттік жасушаларға гранулоциттер және полиморфты ядролық лейкоциттер (ПМЯЛ), қандағы моноциттер, ұлпа макрофагтары, мононуклеарлық фагоциттер жүйесі (ретикулярлық және эндотелиалдық ұлпа) жатады. Бауырда фагоциттік қызметті Купфер жасушалары, өкпеде – альвеолярлық макрофагтар, мида – микроглиялар атқарады; қан тамырларының эндотелиалды жасушалары тек қана белгілі жағдайларда фагоциттік қабілетке ие болады. ПМЯЛ (полиморфты ядролы лейкоциттер)– қандағы негізгі фагоцитоздаушы, қысқа уақыт өмір сүретін жасуша, көбінесе фагоцитоз процесінде жойылады. Моноцит – сүйек кемігінде түзіліп, ұлпаларда макрофагқа дейін жетіледі. Макрофаг — ұзақ өмір сүретін жасуша, фагоцитоз процесіне бірнеше рет қатыса алады; жасушалар ұлпаларда еркін немесе қан тамырларының қабырғасына жабысып тұрады; бөгде агенттерді және олармен байланыс-қан антиденелер немесе комплементті таниды. Макрофагтар 40-тан аса биологиялық белсенді заттар өндіреді. Макрофагтағы ферменттік элемент-тердің (жетілген макрофагта миелопероксидаза болмайды) белсенділігі (сандық және сапалық) ПМЯЛ-ға қарағанда төмен. Спецификалық имму нологиялық реакцияларды түзуге (фагоцитоз, антигендерді басқа иммундық жүйенің жасушаларына таныстыру) белсенді қатысу функционалдық қызметтерінің арқасында макрофагтар Т және В-лимфоциттеріне, иммундық ќабілетті жасушаларға да жатады.

Фагоцитоз процесі схема түрінде мына тізбекте жүреді: хемотаксис (лат. хемо – химиялық, таксис — әрекет) – ПМЯЛ жасушалардың немесе басқа фагоциттердің медиаторлардың әсерімен антигенге қарай жылжуы; пиноцитоз – жасушалардың ерітілген заттарды жұтуы (диаметрі 1 мкм-ден жоғары емес) немесе антигенді макрофагтың және басқа фагоциттік жасушалардың спецификалық немесе бейспецификалық рецепторлар арқылы тануы; антигеннің фагоциттік жасушалардың бетіне жабысуы (адгезия), фагоцит псевдоподиясының түзілуі; антигенді қорғау, фагосома – вакуолдің түзілуі; фагоцитте глюкоза метаболизмінің белсенуі, фагосома мен лизосоманың қосылуымен фаголизосома – вакуолдің түзілуі; оттегі қажеттілігінің жоғарылауымен еркін радикалдардың түзілуі («тыныс «жарылысы» немесе оттегі тәуелді гидролиз); бактерицидті жасушалардың оттегі тәуелді емес механизмінің белсенуі; антиген мембранасының зақымдануы; антигеннің толық гидролизі, жасушалардан метаболиттердің бөлінуі немесе толық гидролизденбеген антигеннің фагоцит (макрофаг) мембранасында таныстырылды

 

Мононуклеарлы фагоциттер жүйесіне шығу тегі, морфологиясы және қызметтері бойынша біріктірілген шеткері қан моноцитгері және әртүрлі локализициядағы макрофаттар кіреді.

АТЖ қызметі Т-лимфоциттерге АТЖ бетінде орналасқан антигендерді өңдеуден және таныстырудан тұрады.

Адам ағзасында осы жасушаларға, бірінші кезекте, макрофагтар, дендритті жасушалар және В-лимфоциттер, сондай-ақ Лангерганс жасушалары және терінің кератиноциттері, қан тамырларының эндотелий жасушалары жатады.Макрофагтар,дендритті жасушалар және В-лимфоциттерді сонымен қатар, мамандандырылған АТЖ деп те атайды, себебі, белсенді және антигентаныстыруында негізгі қызмет атқарады.

АТЖ-ның сыртқы мембранасында 2х10 дейін МНС молекулалары болады. Бір Т-лимфоциттің белсенуі үшін,и антигенмен кешен құрған осындай 200-300 молекуласы жеткілікті.

Макрофагтар – бұл мононуклеаралық фагоциттер жүйесінің жасушалары, олар сүйек кемігінің бағаналы жасушаларынан (эмбрионның сарыуыз қапшығында және бауырды) түзіледі; сүеккемігінде монобласттар сатысы арқылы қан моноциттеріне дифференцияланады.Қан лейкоциттерінің шамамен  5 % -ын құрайтын моноциттер, қан айналымында шамамен 1 тәуліктей болып, кейін тіндерге түсіп, мөлшері моноциттерге қарағанда, 25 есе жоғары болып келетін, тіндік макрофагтар популяциясын құрайды. Түзілетін тіндік макрофагтар АТЖ қызметін атқарады.

Дендритті жасушалар – антигенді таныстырушы жасушалардың екінші тобын құрайды.Олар аралшықты мононуклеаралық жасушалар.Эпитлий тіндерінің дендриттік жасушаларын Лангерганс жасушалары деп атайды (жаңа жіктелуі бойынша – ақ аралшықты эпидермоциттер).Ағзадағы жасушалардың жалпы саны жеткілікті болғанмен, олар қанның, лимфаның және басқа да тіндердің құрамына кіреді, бірақ диффузды таралуына байланысты лимфоидтық мүшелердің өздерінде (лимфа түйіндерінде, көкбауырда, барлық жасушалардың 1%-ын құрайды)концентациясы аз мөлшерде болады.

Дендритті жасушалар сүйек кемігінде қан жасаудың миелоидты-моноцитарлық қатарынан түзіледі.Цитоплазмадағы қабатты қосындылар – Бирбек түйіршіктері жасушалардың морфологиялық маркерлері болып табылады.

Дендритті жасушалар макрофагтар мен В-жасушаларға қарағанда белсенді және олар иммундық үрдістерді іске қосуда маңызды рөл атқарады.Дендритті жасушалапмен антигенді жаулап алу, көбінесе лимфоидтық мүшелерден тыс жүреді.Антигенді өңдегеннен кейін, олар шеткі лимфа түйіндердегі Т-лимфоциттерге жеткізеді.Бұл кезде дендритті жасушалардың фагоцитозды қабілеті жоқ, бірақ нәруыздар мен вирустық бөлшектерді пиноцитоз жолымен оңай сіңіреді.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.16.130.96 (0.007 с.)