Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Иммундық жүйенің орталық және шеткі мүшелерін,қызметтерін, иммундық жауаптағы маңызын түсіндіріңіз.

Поиск

Сүтқоректілер мен адамдарда екі орталық мүшесі болады:сүйек кемігі жане тимус.Сүйек кемігінде В-лимфоциттердің клондары түзіледі,сондықтан сүйек кемігі гуморалдық иммунитет жүйесінің орталық мүшесі болып саналады.Сүйек кемігі-иммундық жүйенің қан айналымы мен орталық мүшелердің қызметтерін біріктіретін мүше,ол көп қабілетті бағыналы жасушалардың,яғни барлық қан жасушаларының көзі болып табылады.Көп қабілетті бағаналы жасушалардан пайда болатын жасушалар:эритроидтық,одан эритроциттер түзіледі,миелоидтық,одан нейтрофильдер,моноциттер,бащофилдер түзіледі;мегакариоцитарлық-тромбоциттер;лимфоидтық -екі жасушалық сызық:Т -лимфоциттің және В-лимфоциттің ізашарлары пайда болады.Сүтқоректілерде сүйек кемігі В-лимфоциттердің негізгі түзілу ортасы болып табылады.

Тимустың имундық жауаптағы манызы.Тимус (айырша без) деп, тимиан өсімдігінің жапырағына және айыршаға ұқсас болғандықтан аталған. Тимус филогенетикалы ежелгі лимфоидтық мүше, онда лимфоидтық жүйенің түзілуі мен қызметінің реттелуі және де жасушалық иммунитеттің дамуы жүреді.Тимус тек қана Т-лимфоциттердің пісіп-жетілуіне мамандандырылған. Бұл мүшенің морфологиялық құрылысының ерекшелігі: әр аймақта лимфоциттердің әр түрлі жағдайдағы микроайналым болады.Нәтижесінде бұл жасушалар әртүрлі жасуша аралық және гуморалдық әсер алады,яғни:
Т-лимфоциттердің пісіп-жетілуі, негізінде Т-лимфоциттер клонының түзілуіне әкелетін антигентанушы рецепторлардың пайда болуы, әрбір Т-лимфоциттер клоны тек бір нақты антигенге ғана арналған;Қызметі әртүрлі Т-лимфоциттердің субпопуляциясының түзілуі;
Т-лимфоциттер клондарының сұрыпталуы, олар негізгі гистосәкестік комплексінің өнімдері өзіндік МНС-антигендермен бірге бөтентекті пептидтерді анықтайды.
Туылған кезде нәрестелерде тимустың салмағы оның жалпы дене салмағының 1/300 бөлігін құрайды. 1-3 жас аралығында тимус біршама көлем мен белсенділікке жетеді (гормондар түзілуі, тимциттердің дифференциялануы мен пролиферациясына көмектесу), кейін ол тұрақтанады.20жастан бастап біртіндеп үдемелі инволюциясы (салмағының азаюы) жылына белсенді тіннің 3%-на дейін жойылуымен жүреді. Атрофияға көбіне тимустың қырсықтық қабаты ұшырайды. Ал мидың заты жартылай атрофияға ұшыраса да, біраз бөлігі сақталады.Адамда тимустың жасқа байланысты инволюциясы кезінде иммундық тапшылық жағдай қалыптасады, бұл кезде иммундық жүйеге тимус гормондарының преараттары қолайлы әсер етеді.Жалпы тимустың жастық инволюциясы иммундық жүйенің ескеруіне, ал ол аралық бүкіл ағзаның біршама дәрежеде қартаюын анықтайды деп есептеледі.
Сонымен, тимус иммунитеттің жасушалық жүйесінің түзілуі мен қызмет атқаруына жауапты иммундық жүйенің орталық мүшесі болып табылады

Шеткі иммундық мүшелер,олардың қызметтері.

Оларға: көкбауыр, лимфа түйіндері, ішектің пейер табақшалары, аппендикс, бадамша без, аденоидтар және басқа да лимфоидтық түзілістер жатады.Бұл мүшелердің тимусқа тәуелді (Т-лимфоцит) және тимусқа тәуелсіз (В-лимфоцит) аумақтарына лимфоциттер орналасады.Иммундық жүенің шеткі мүшелер жүйесінің ұйымдастыру негізінде жергілікті қағидалар жатыр:әрбір лимфоидтық мүше дененің белгілі бір бөлігін бақылайды, ол жерден оған лимфа келеді (лимфа түйіндері), немесе қан айдау жолдарында кедергі болады (көкбауыр) немесе ағзаның ішкі ортасын шектейтін кедергілермен тікелей байланысады (тері және шырышты қабаттармен байланысқан лимфоидтық тін).
Шеткі мүшелерде антигендермен жанасу арқылы лимфоциттердің соңғы пісіп-жетілуі-антигенге тәелді дифференциялануы жүреді,нәтижесінде сәкес антигендерге иммундық жауап шақыратын, пісіп-жетілген иммунды хабарлы лимфоциттер түзіледі.Сонымен бірге, шеткі мүшелерде көптеген антигендерге иммундық жауаптың маңызды кезеңі болып табылады. Т-, В-лимфоциттердің және антигенді таныстырушы жасушалардың кооперациясы жүреді.Нәтижесінде В-лимфоциттер антидене түзетін плазмалық жасушаларға дифференцияланады.
Осылайша, шеткі мүшелерде иммундық жасушалар өздерінің әсерін жүзеге асырады, ол кезде лимфоциттердің антигендермен байланысты іске асырылады және иммундық жауап дамиды.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 6; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.188.104.211 (0.009 с.)