Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Т-лимфоциттердің субпопуляциялары, олардың қызметтері.

Поиск

Т-лимфоциттердің субпопуляциялары, олардың қызметтері.

Т-хелпер субпопуляциясының негiзгi маркерiне CD4 дифференцациялаушы антигенi жатады. Тимустан шыққан аңқау CD4+ Т-лимфоциттер нөлдік хелперлер – Тх0 жасушалар субпопуляциясын

құрайды. Бұл жасушаларды бұрынғы әдебиеттерде антигенреактивтi жасушалар немесе Т-индукторлар деп атаған. Өңделген антигендермен бiрiншiлiк танысатын жасушалар - Тх0 жасушалары. Бұл жасушалардан әртүрлi жағдайларға байланысты жетiлген эффекторлы Тх1 және Тх2 түзiледi. Олар дифференцировканы шақырған антигенге қарсы иммундық жауаптың жүзеге асыруына тiкелей қатысатын жасушалар

14) Цитокиндердің анықтамасын, жіктелуін, қызметтерін, топтарын жазыңыз.

Цитокиндер – түрлі антиденелерге қарсы иммундық жауапта және арнайы емес қорғаныста орын алатын иммунды жүйенің жасушаларының арасындағы кең және күрделі ароа-қатынастарды қамтамасыз ететін, иммунды жүйенің белсендірілген жасушаларының нәруызды немесе полипептидтіөнімдері болып табылатын медиаторларЦитокиндерді бірнеше топқа бөледі:интелейкиндер (лейкоциттердің өзара әрекеттесу факторы), интерферондар (вирустарға қарсы белсенділігі бар цитокиндер), ісік некроздаушы факторлар (цитотоксикалық белсенділігі бар цитокиндер), колониястимулдаушы факторлар (гемопоэтикалық цитокиндер)және хемокиндер(толық зерттелмеген хемотаксисі белсендіретін медиаторлар Интерлейкиндер

1979 жылы Швейцарияда өткен лимфокиндер бойынша эксперттердің комитетінің Халықаралық симпозиумында сол уақытқа дейін белгілі болған лимфокиндер мен монокиндер туралы мәліметтер біріктіліп интерлейкиндердің (ИЛ)-лейкоцитарлық медиаторларының қағидасы негізделді.Сол кезде алғашқы зерттелген екі интерлейкинге-ИЛ-1жәнеИЛ-2деген кезекті сан берілді.Қазіргі таңда 30-дан астам интерлейкиндер зерттелген.Олардың біріншілік құрылымдары анықталып, барлығы рекомбинанттық түрде өндірілген.

Интерферон 1957 жылы инактивтелген грипп вирусымен өңделген тауық эмбрионының аллантоис сұйықтығында болатын белсенді субстанция ретінде сипатталған.Бұл субстанция түрлі вирустардың әсеріне тұрақтылықты өндіре алатыны кейінірек белгілі болды.Кейін интерферондардың синтезі вирустық емес агенттермен (ЛПС, полианиондар,митогендер)индукциялану көрсету мүмкіншілігі туындады.70-ші жылдары иммундық стимуляция кезінде пайда болатын интерферон, яғни «иммундық интерферон»түсінігі пайда болды.Алғашында интерферон тек қана вирустарға қарсы фактор ретінде қарастырылды.Қазір олардың құрамында ісікке қарсы және иммун реттегіш қызметі анықталды.Қазіргі кезде интерферондар цитокиндердің арнайы класына біріктіріліп енгізіліп отыр.

Хемокиндер дегеніміз, цитокиндердің иммунды жүйенің жасушаларының жылжу қабілеті мен белсендірілуін реттейтін арнайы түрі.Соңғы жылдары 40 шақты хемокин табылды, олар цитокиндердің ішінде («хемокин» термині – «хемотаксис» пен «цитокин» терминдерінен туындаған) бөлек подкласқа біріктіріліп, 4 тұқымдастыққа жіктелген:

СХС (а-хемокиндері)

СС (в-хемокиндері)

С(ү-хемокиндері)

СХ3С (дельа-хемокиндері)

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.145.106.127 (0.008 с.)