Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Антигенді таныстырушы (презентация) жасушаларды атаңыз және оларға сипаттама беріңіз.

Поиск

12) Антигенді таныстырушы (презентация) жасушаларды атаңыз және оларға сипаттама беріңіз.

Антигендсрді Т-лимфоциттер танитын түрге дейін өңдейтін және опарды таныстыратын (процессиинг және презентация) жасушаларды антиген таныстырушы жасушалар (А ТЖ) деп атайды.

Негізінен бұл жасушаларга моноцшпарлы-макрофагалды жүйе жасушалары (МФ), дендритті жасушалар (ДЖ), В-лимфоциттер және Лангерганс жасушалары жатады (13-ші сурет). Кейбір жағдайларда антигендерді таныстыру қызметін ма-манданған апителиалды жасушалар да атқарады.

Макрофагтар экзаантигендерді, ең алдымен бактерияларды фагоцитозга ұшыратады. Оларды лизосомалды ферменттердіц көмегімен ұзындыгы 9-25 аминқышқылынан тұратын пептидті фрагменттерге дейін ыдыратады. Бұл құрамындагы ферменттер көмегімен макрофаггардын ыдырата алмаған бөлігі. Осы ыдырамаған фрагменттер организм үшін шынайы бөтен антигенді детерминанта (эпитоп) болыи табылады.

Макрофагтар Т-лимфоциттермен әрекеттесе алатын кәсіби антигентаныстырушы жасушаға жатады. Антигендерді таныстыру бірнеше кезеңнен тұрады.

антигенді регионарлы лимфоидты түзіліске жеткізу, оны иммуногендік түрге дейін өңдеу жане жасушальқ пен гуморалдық иммундың жауапты іске қосу

13) Т-лимфоциттерге, олардың субпопуляцияларына және қызметтеріне сипаттама беріңіз.

Иммундық жүйенің маңызды жасушалары-антигенді таныстырушы жасушалар (АТЖ) болып табылады.АТЖ қызметі Т-лимфоциттерге АТЖ бетінде орналасқан антигендерді өңдеуден және таныстырудан тұрады.Адам ағзасында осы жасушаларға, бірінші кезекте, макрофагтар, дендритті жасушалар және В-лимфоциттер, сондай-ақ Лангерганс жасушалары және терінің кератиноциттері, қан тамырларының эндотелий жасушалары жатады.Макрофагтар,дендритті жасушалар және В-лимфоциттерді сонымен қатар, мамандандырылған АТЖ деп те атайды, себебі, белсенді және антигентаныстыруында негізгі қызмет атқарады.Макрофагтар – бұл мононуклеаралық фагоциттер жүйесінің жасушалары, олар сүйек кемігінің бағаналы жасушаларынан (эмбрионның сарыуыз қапшығында және бауырды) түзіледі; сүеккемігінде монобласттар сатысы арқылы қан моноциттеріне дифференцияланады.Қан лейкоциттерінің шамамен 5 % -ын құрайтын моноциттер, қан айналымында шамамен 1 тәуліктей болып, кейін тіндерге түсіп, мөлшері моноциттерге қарағанда, 25 есе жоғары болып келетін, тіндік макрофагтар популяциясын құрайды. Түзілетін тіндік макрофагтар АТЖ қызметін атқарады.Дендритті жасушалар – антигенді таныстырушы жасушалардың екінші тобын құрайды.Олар аралшықты мононуклеаралық жасушалар.Эпитлий тіндерінің дендриттік жасушаларын Лангерганс жасушалары деп атайды (жаңа жіктелуі бойынша – ақ аралшықты эпидермоциттер).Ағзадағы жасушалардың жалпы саны жеткілікті болғанмен, олар қанның, лимфаның және басқа да тіндердің құрамына кіреді, бірақ диффузды таралуына байланысты лимфоидтық мүшелердің өздерінде (лимфа түйіндерінде, көкбауырда, барлық жасушалардың 1%-ын құрайды)концентациясы аз мөлшерде болады.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 10; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.133.155.253 (0.008 с.)