Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Екіншілік иммунтапшылық жағдайының пайда болу себептерін атап өтіңіз.Содержание книги
Поиск на нашем сайте
Екіншілік иммунтапшылық жағдайының пайда болу себептерін атап өтіңіз. Физиолгиялық (жасқа байланысты) факторлар; Ауруға шалдығу; Ятрогендік факторлар; Экологиялық факторлар; Өмір салтының қауіпті факторлары; Ол айналадағы ортаның жағымсыз факторларының, немесе түрлі аурулардың әсерінен иммундық жүйенің зақымдалуына байланысты. Екіншілік иммунды тапшылық Т-және В жүйелері қатарынан, иммунитетің бейспецификалық факторларының жекелеп, немесе бірлесіп бұзылуынан туады. 17) Екіншілік иммунтапшылық жағдайының (даму қарқындылығына, зақымдану деңгейіне, таралуы және дәрежесіне қарай) жіктелуін жазыңыз. I. Дамуқарқындылығынақарай: 1) Жедел иммунтапшылық (жедел жұқпалы аурулар, травма, интоксикация) 2) Созылмалы иммунтапшылық (созылмалы іріңді қабыну аурулары, аутоиммундық бұзылыстар, ісіктер, вирустық инфекциялар)
II. Зақымданудеңгейінеқарай: 1) Жасушалық (Т) иммунитеттің бұзылуы 2) Гуморалдық (В) иммунитеттің бұзылуы 3) Фагоциттер жүйесінің бұзылуы 4) Комплемент жүйесінің бұзылуы 5) Біріккен ақаулар
III. Таралуынақарай: 1) “Жергілікті”иммунтапшылық 2) Жүйелі иммунтапшылық
IV. Дәрежесінеқарай: 1) Компенсацияланған (жеңіл) 2) Субкомпенсацияланған (орташа) 3) Декомпенсацияланған (ауыр) 18) Негізгі гистосәйкестік комплексіне (НГК) анықтама беріңіз, қызметін түсіндіріңіз. Негізгі гистосәйкестік комплекс (МНС - ағылш. - Маjor Ніstoсоmраtуbіlіtу Соmpleх) барлық сүтқоректілерде және құстарда табылған. Тышқандарда бұл комплекске Н-2-антигендер, адамдарда НLА-жүйесі (Human Leucocyte Аntigens sistem — адамдардың лейкоцитарлық антигендер жүйесі) кіреді. 1958 жылы шеткері қанның лейкоциттерінде осы антигендерді бірінші ашқан француз ғалымы Ж.Доссе.
НLА-жүйесі адамның 6 хромосомасының қысқа иығында орналасқан және оған 5 локус кіреді: А, В, С, D, DR (25-ші сур.). Хромосоманың центромерасынан бастап локустар орналасуы: D (DР, DQ), DR, В, С, А. Әр локусқа гендердің өте көп аллельдік варианттары кіреді, оларды арнайылықтары (ерекшеліктері) деп атайды және арабша цифрлармен белгілейді. Қазіргі кезде жақсы зерттелген А және В локустары, осы локустардың көптеген аллельдері анықталған. Қазір А локусында 60-тан аса, В-локусында 136, С-локусында 38 аллельдер анықталған. D локустың өзі 2 локустан тұрады, соның ішінде DQ, DР. DR- локусына -139 аллель кіреді, DQ — 40 аса, DР - 80 шақты аллельдері анықталған. Қазіргі кезде молекулалы-генетикалық іріктеу көмегімен адамдардың МНС-комплексінде жаңа гендері мен аллельдік варианттары 42 және 942 санынан асқан. Әр локуста аллельдер көп болғандығынан және кодоминантты тұқым қуалау әсерінен, гистосәйкестік антигендерінің полиморфизмі өте жоғары болады. НLА-гендері кодоминанттық принципі бойынша беріледі — ол екі хромосомадағы гомологиялы аллельдердің бірдей жасушада экспрессиялануы (26-шы сур.). Ата-анасынан берілген хромосомаларындағы НLА-гендердің жиынтығын HLА-генотип деп атайды. Әр-бір адамда хромосомалардың диплоидтық жиынтьнғы бар — әр хромосоманың жұбында НLА-гендердің біреуі - әкесінен, екіншісі - анасынан берілген болады. Мысалы, жеке адамдағы НLА-генотиптің жазылуы: НLА-АЗ,10; В13,40. Бір хромосомадағы НLА-гендер жиынтығы НLА-гаплотип деп аталады. НLА-гаплотиптер жазылуы - НLА-АЗ,В40; НLА-А10,В13, сонда НLА-фенотип(жасушалар бетінде берілген НLА-антигендері) кодоминантық принципі бойынша, НLА-А3,10; В 13,40 деп жазылады. НLА-комплексіне үш гендер кластары кіреді, ал трансплантациялық антигендеріне I және II класқа жататын НLА-антигендері жатады.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.188.218.134 (0.007 с.) |