Мы поможем в написании ваших работ!
ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
|
тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
11-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
50-бап. Қазақстан Республикасының жеке кәсiпкерлiк туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылығы
Қазақстан Республикасының жеке кәсiпкерлiк туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
51-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
1. Осы Заң 2006 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiлетiн 5-бапты қоспағанда, жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi. 2. Осы Заңды қолданысқа енгiзу кезiнде қолданыста болатын Қазақстан Республикасының заңнамасы оған қайшы келмейтiн бөлiкте қолданылады және 2007 жылғы 1 қаңтарға дейiн соған сәйкес келтiрiлуге тиiс. 3. Күшi жойылды деп танылсын: 1) "Жеке кәсiпкерлiктi қорғау және қолдау туралы" 1992 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 16, 424-құжат; 1995 ж., N 20, 120, 121-құжаттар; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 14, 274-құжат; 1997 ж., N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1999 ж., N 23, 931-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат, N 24, 338-құжат; 2003 ж., N 10, 51-құжат; N 19-20, 147-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат); 2) "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" 1997 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 182-құжат; 1998 ж., N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 21, 778-құжат; N 23, 931-құжат; 2001 ж., N 4, 23-құжат; N 8, 52-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 15, 150-құжат; 2003 ж., N 4, 26-құжат; N 19-20, 147-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат); 3) "Жеке кәсiпкерлiк туралы" 1997 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 185-құжат; N 22, 333-құжат; 1999 ж., N 23, 931-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат).
Қазақстан Республикасының Президентi
"Жеке кәсiпкерлiк туралы" 2006 жылғы 31 қаңтардағы N 124-III Қазақстан Республикасының Заңына ҚОСЫМША
Мемлекеттiк бақылау және қадағалау ТҮРЛЕРI
Ескерту. Қосымша алып тасталды - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК
|