Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Бап. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен түрлері

Поиск

7-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ

 

Ескерту. 7-тараудың тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

 

 

1. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің мақсаттары жеке кәсіпкерлік субъектісі өндіретін және өткізетін өнімнің адамдар өмірі мен денсаулығына қауіпсіздігін, олардың мүліктік мүдделерін қорғауды, қоршаған ортаға қауіпсіздігін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғау болып табылады.
2. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің түрлері:
1) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен жеке кәсіпкерлік субъектілеріне, сондай-ақ өнімдеріне, процестеріне қойылатын талаптарды белгілеу;
2) сәйкестікті, тексеру, калибрлеу және сынақ зертханаларын (орталықтарын) растау жөніндегі органдарды аккредиттеу;
3) өнімнің, процестердің жекелеген түрлерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін міндетті растау;
4) жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік бақылау және қадағалау;
5) лицензиялау, сертификаттау, аккредиттеу және рұқсаттардың өзге де түрлерін беру;
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;
7) Қазақстан Республикасының заңдарымен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының жауапкершілігін белгілеу.
Ескерту. 29-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 52.15.191.241 (0.005 с.)