Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Бап. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң құқықтары мен мiндеттерi

Поиск

 

1. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi:
1) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жеке кәсiпкерлiктiң кез келген түрiн жүзеге асыруға;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жалдамалы еңбектi пайдалана отырып, жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыруға;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен филиалдар мен өкiлдiктер құруға;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, өндiрiлген тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) бағасын дербес белгiлеуге;
5) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне өтеулi негiзде қаражат (қарыз) беруге;
6) өзiнiң құқықтық қабiлетi шегiнде сыртқы экономикалық қызметтi жүзеге асыруға;
7) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн құруға;
8) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерi, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арқылы сарапшылық кеңестердiң жұмысына қатысуға;
9) бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын құқық қорғау органдарына және мемлекеттiк органдарға жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң құқықтарын бұзуға кiнәлi тұлғаларды жауапқа тарту мәселелерi бойынша жүгiнуге;
10) өз құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн сот органдарына жүгiнуге;
11) жеке кәсiпкерлiктi қолдау және қорғау мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң орындалмауына немесе тиiсiнше орындалмауына септiгiн тигiзетiн себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныстарды мемлекеттiк органдардың қарауына енгізуге;
12) әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салалардағы жобаларды іске асыру немесе оған қатысу жолымен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шараларын өз қызметінде қолдануға құқылы.
2. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн сақтауға;
2) өндiрiлетiн өнiмнiң (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестiгiн қамтамасыз етуге;
3) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңына сәйкес лицензиялануға жататын жеке кәсiпкерлiк түрлерiн жүзеге асыруға лицензиялар алуға;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыруға мiндеттi.
Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 04.07.2013 № 130-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.139.234.68 (0.008 с.)