Мы поможем в написании ваших работ!
ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
|
Тарау. Жеке кӘсіпкерлiк субъектiлерi жӘне олардыҢ жҰмыс iстеу жаҒдайлары
5-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердi әзірлеу және қабылдау ерекшеліктерi
1. Орталық мемлекеттік, жергiлiктi өкілді және атқарушы органдар жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын сараптамалық қорытынды алу үшiн, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен келесі әрбір келісу кезінде түсіндірме жазбаны міндетті түрде қоса бере отырып, сарапшылық кеңестер арқылы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жiбередi. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасына сараптамалық қорытынды ұсыну үшін мемлекеттік органдар белгілейтін мерзім жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына ол келіп түскен кезден бастап он жұмыс күнінен кем болмауға тиіс. 2. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазбада нормативтік құқықтық актінің қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптың нәтижелері міндетті түрде қамтылуға тиіс. 3. Сараптамалық қорытындыларды мемлекеттiк органдар белгiлеген мерзiмдерде мыналар: 1) республикалық деңгейде - жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi бiрлестiктерiнiң одағы (қауымдастығы), республикалық салааралық, салалық қауымдастықтар (одақтар), сондай-ақ шағын, орта және (немесе) ірі кәсiпкерлiк субъектілерінің республикалық бiрлестiктері; 2) облыстық деңгейде - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің республикалық бірлестіктерінің филиалдары, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің облыстық бірлестіктері, шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің облыстық бірлестіктері; 3) қалалық, аудандық деңгейлерде - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің республикалық бірлестіктерінің филиалдары, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің облыстық, қалалық, аудандық бірлестіктері, шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің облыстық, қалалық, аудандық бірлестіктері табыс етеді. 4. Сараптамалық қорытындылар Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері мүшелерiнiң жинақталған пiкiрiн бiлдiредi, ұсынымдық сипатта болады және нормативтiк құқықтық акт қабылдағанға дейiн, оның ішінде осы жобаны мүдделi мемлекеттiк органдармен келесі әрбiр келiсу кезінде оның жобасына мiндеттi қосымша болып табылады. Сараптамалық қорытындылар қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады. 5. Мемлекеттік орган сараптамалық қорытындымен келіскен кезде нормативтік құқықтық актінің жобасына тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді. Мемлекеттiк орган сараптамалық қорытындымен келiспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне келiспеу себептерiнің негiздемесі бар жауап жiбередi. Негіздемесі бар мұндай жауаптар нормативтiк құқықтық акт қабылданғанға дейiн оның жобасына мiндеттi қосымша болып табылады. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ескертпелері бар сараптамалық қорытынды ұсынған және сарапшылық кеңес мүшесі сарапшылық кеңес отырысын өткізуді талап еткен жағдайларда, мұндай отырысты өткізу міндетті болып табылады. Бұл ретте сарапшылық кеңестің отырысы сарапшылық кеңес мүшелерін тікелей шақыру не нақты уақыт режимінде интернет-конференция өткізу арқылы жүргізілуі мүмкін. 6. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актіні қолданысқа енгізу мерзімдері жеке кәсіпкерлік субъектісіне қызметін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін талаптарға байланысты жүзеге асыруға дайындалу үшін қажетті мерзімдер негізге алына отырып белгіленуге тиіс. Нормативтік құқықтық актілердің қолданысқа енгізілу тәртібі мен мерзімі жеке кәсіпкерлік субъектілеріне залал келтірмеуге тиіс. 7. Осы бапта көзделген рәсімдер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қабылдаудың міндетті шарттары болып табылады. 8. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобалары тиісті органда немесе сарапшылық кеңестiң отырысында қаралғанға дейін, интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрде жариялануға (таратылуға) жатады. Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2013 № 130-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі! 6-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
|