Мы поможем в написании ваших работ!
ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
|
Бап. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн аккредиттеу
1. Жеке кәсiпкерлердiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлер жобаларына сараптама жасауға қатысуға үмiткер жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерi орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдарда аккредиттелуге жатады. 2. Аккредиттелуге: республикалық деңгейде - жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi бiрлестiктерiнiң одағы - (қауымдастығы), шағын кәсiпкерлiк жөнiндегi республикалық бiрлестiк, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң республикалық салалық бiрлестiктерi; облыстық деңгейде - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің республикалық, облыстық бірлестіктерінің филиалдары, шағын кәсіпкерлік жөніндегі республикалық, облыстық бірлестіктер филиалдары; қалалық, аудандық деңгейлерде - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің республикалық, облыстық, қалалық, аудандық бірлестіктерінің филиалдары, шағын кәсіпкерлік жөніндегі республикалық, облыстық, қалалық, аудандық бірлестіктерінің филиалдары жатады. 3. Алып тасталды - ҚР 04.07.2013 № 130-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 4. Егер аккредиттелуге бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк, бiр қызмет саласын бiлдiретiн екi және одан да көп коммерциялық емес ұйым үмiткер болған жағдайда, онда азаматтардың неғұрлым көп санын бiрiктiрген коммерциялық емес ұйым аккредиттелуге жатады. 5. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн аккредиттеудi жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды. Ескерту. 25-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 04.07.2013 № 130-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
|