Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Бап. Қазақстан Республикасының жеке кәсiпкерлiк туралы заңнамасы

Поиск

2-бап. Қазақстан Республикасының жеке кәсiпкерлiк туралы заңнамасы

 

1. Қазақстан Республикасының жеке кәсiпкерлiк туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Азаматтық кодекстен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгендерден өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3. Жеке кәсiпкерлiктiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыру ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.
4. Алып тасталды - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 2-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

3-бап. Жеке кәсiпкерлiктi құқықтық реттеу шектерi

 

1. Жеке кәсiпкерлiк Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленген негiздер бойынша ғана шектелуi мүмкiн.
2. Жеке кәсiпкерлiктi шектеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiң айрықша құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша ғана орын алуы мүмкiн.
3. Мемлекеттiк органдардың жекелеген жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң артықшылық жағдайын белгiлейтiн нормативтiк құқықтық актiлер қабылдауына тыйым салынады.

 

4-бап. Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк реттеудiң негiзгi мақсаты мен принциптерi

 

1. Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк реттеудiң негiзгi мақсаты жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау және мемлекеттiң мүдделерi мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау болып табылады.
2. Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк реттеудiң негiзгi принциптерi:
жеке кәсiпкерлiк еркiндiгiнің кепiлдiгі (Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған кез келген қызмет түрлерін жүзеге асыруға рұқсат берілген) және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз ету;
кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға барлық жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң теңдiгi;
жеке меншiкке (жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң меншiгiне) қол сұғылмауы мен оны қорғаудың кепiлдiгi;
Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамытудың басымдығы;
жеке кәсiпкерлiктiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына сараптама жасауға жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қатысуы;
жеке кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына қатысуы болып табылады.
Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 130-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 11; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.139.234.68 (0.006 с.)