тарау. ЖЕКЕ КӘСIПКЕРЛIК СУБЪЕКТIЛЕРІНІҢ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ
10-тарау. ЖЕКЕ КӘСIПКЕРЛIК СУБЪЕКТIЛЕРІНІҢ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ
45-бап. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi жауаптылығының жалпы жағдайлары
Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттiң құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн сақтауға мiндеттi. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
46-бап. Сәйкестiктi тексеру, калибрлеу және сынақ зертханаларын (орталықтарын) растау жөнiндегi органдардың жауаптылығы
Сәйкестiктi тексеру, калибрлеу және сынақ зертханаларын (орталықтарын) растау жөнiндегi органдар өз мiндеттерiн орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.
47-бап. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының жосықсыз бәсеке туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылығы
Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының жосықсыз бәсеке туралы заңнамасын бұзуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
48-бап. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының демпингке қарсы шаралар туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылығы
Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының демпингке қарсы шаралар туралы заңнамасын бұзуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
49-бап. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының тауарлар импорты кезiнде iшкi рынокты қорғау шаралары туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылығы
Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының тауарлар импорты кезiнде iшкi рынокты қорғау шаралары туралы заңнамасын бұзуы Қазақстан Республикасының заңдарында жауаптылыққа әкеп соғады.
|