Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

бап. Сәйкестiктi, тексеру, калибрлеу және сынақ зертханаларын (орталықтарын) растау жөнiндегi органдарды аккредиттеу

Поиск

30-бап. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен жеке кәсiпкерлiк өнiмдеріне, процестеріне қойылатын талаптарды белгiлеу

 

Мемлекет Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен барлық жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнің орындауы үшін мiндеттi өнiмдерге, процестерге қойылатын талаптарды белгiлейдi.
Ескерту. 30-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

 

31-бап. Сәйкестiктi, тексеру, калибрлеу және сынақ зертханаларын (орталықтарын) растау жөнiндегi органдарды аккредиттеу

 

Сәйкестiктi, тексеру, калибрлеу және сынақ зертханаларын (орталықтарын) растау жөнiндегi органдарды аккредиттеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.

 

32-бап. Өнiмдердiң жекелеген түрлерiнiң, процестердiң сәйкестiгiн мiндеттi растау

 

Өнiмдердiң жекелеген түрлерiнiң, процестердiң сәйкестiгiн мiндеттi растау, егер бұл Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында белгiленген мақсаттарға қол жеткiзу үшiн қажеттi болса, белгiленедi.

 

33-бап. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік бақылау және қадағалау

 

1. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік бақылау және қадағалау Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген жағдайларда белгіленеді.
2. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін мемлекеттік бақылау және қадағалау мынадай:
1) ұйымдастыру және жүргізу тәртібі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалатын тексеру нысанында;
2) ұйымдастыру және жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалатын алдын алу-профилактикалық сипаттағы бақылаудың өзге де нысандарында жүзеге асырылады.
3. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
Ескерту. 33-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), өзгерістер енгізілді - 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 N 152-V (01.12.2013 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

 

РҚАО-ның ескертпесі!
34-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.191.44.145 (0.008 с.)