Мы поможем в написании ваших работ!
ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
|
Бап. Жеке кәсiпкерлiктi ақпараттық қамтамасыз ету
23-бап. Жеке кәсiпкерлiктi ақпараттық қамтамасыз ету
Барлық деңгейдегi мемлекеттiк органдар таратуға шек қойылмаған, оның iшiнде осы Заңның 5-бабында көзделген ақпарат пен материалдарды тегiн негiзде тарату үшiн интернет-ресурстар құруға және олардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге және олардың жарнамасын, сондай-ақ осы ақпаратты жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты жаңартып отыруды қамтамасыз етуге мiндеттi. Ескерту. 23-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.10 № 178-IV, 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
5-тарау. ЖЕКЕ КӘСIПКЕРЛIК СУБЪЕКТIЛЕРIНІҢ БIРЛЕСТIКТЕРIН ҚҰРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ НОРМАТИВТIК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТIЛЕРГЕ САРАПТАМА ЖАСАУҒА ҚАТЫСУЫ
24-бап. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерi
1. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргізу үшін аккредиттелуге үміткер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері: республикалық деңгейде – жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің одағы (қауымдастығы), республикалық салааралық, салалық қауымдастықтар (одақтар), сондай-ақ шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерлік субъектiлерiнiң республикалық бiрлестiктерi; облыстық деңгейде – жеке кәсіпкерлік субъектілерінің республикалық бірлестіктерінің филиалдары, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің облыстық бірлестіктері, шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің облыстық бірлестіктері; қалалық, аудандық деңгейлерде – жеке кәсіпкерлік субъектілерінің республикалық бірлестіктерінің филиалдары, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің облыстық, қалалық, аудандық бірлестіктері, шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің облыстық, қалалық, аудандық бірлестіктері түрінде кәсіпкерлер бірлестіктерін құрады. 2. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн қаржыландыру жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң ерiктi мүшелiк жарналары және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қамтамасыз етiледi. Ескерту. 24-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 04.07.2013 № 130-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
|