Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Клизма қойғаннан кейін құралдарды өңдеуСодержание книги
Поиск на нашем сайте
Тазалау клизмасы Мақсаты: ішектерді нәжіс массасынан, газдардан тазалау. Көрсетпелер: • Іш қатқанда; • Уланғанда; • Операция, босану алдында; • Науқастың ас қорыту мүшелерін, зәр шығару жүйесін ренгенологиялық зерттеуге дайындау; • Тоқ ішекті эндоскопиялық зерттеуге дайындау; • Дәрілік және қоректік клизма жасар алдында; Қарсы көрсетпелері: • Тік ішектің және анус аймағының іріңді қабынуы • Ас қорыту жолдарынан қан кету; • Тік ішектің қатерлі ісіктері; • Жедел аппендицит және перитонит • Ішектерге операция жасағанда алғашқы күндері • Жедел жүрек қан-тамыр жетіспеушілігі Қажетті заттар: Бір рет қолданылатын Эсмарх кружкасы, оны ілетін штатив залалсыздандырылған вазелин майы, клеенка, дәрет ыдысы (егер процедура палатада орындалатын болса), 1,5-2л жылы су, латекс қолғаптар, медициналық халат, клеенкалы алжапқыш. Міндетті шарттар: Жіберілетін судың температурасы іш қату түріне байланысты: - атониялық іш қатуда- 12˚-20˚С; - спастикалық іш қатуда- 37˚-40˚-42˚С; - іш қатуда- 20˚-25˚С. Сифонды клизма Мақсаты: ішекті нәжіс массасынан және газдардан эффективті тазалау. Көрсетпелері: • Тазалау және босату клизмасынан нәтиже болмаған жағдайда; • Іш айдайтын дәрілер әсер етпегенде тоқ ішекті жуу үшін; • Емдік мақсатта сигма тәрізді ішек түйілуінде; • Іш қуысына операция жасағаннан (ішектерден басқа ағзаларға) кейін; • Динамикалық ішек өткізбеушілігінде; • Ішектен уды, токсинді, шырышты, іріңді, сыртқа шығару үшін; Қарсы көрсетпелері: • Тік ішектің іріңді қабынуы; • Ішектерге операция жасағанда; • Жедел аппендицит, перитонит • Тік ішектің түсуінде, геморройда • Тік ішектің қатерлі ісігі • Асқазан, ішектен қан кеткенде Қажетті заттар: ұзындығы 1,5м бір рет қолданылатын, ұшында бірнеше тесігі бар түтік, сиымдылығы 1литр шыны құйғыш.10- 12литр бөлме температурасындағы су,сиымдылығы 1литр ожау, табақ, клеенка алжапқыш, клеенка, залалсыздандырылған вазелин майы, 1рет қолданатын биялай, бетперде, іштен шыққан қалдықты құятын ыдыс (тазик); Гипертониялық клизма Мақсаты: ішектің перистальтикасын күшейту, ішек қуысына сұйықтық транссудациясын жасау. Көрсетпелер: Іштің қатуында және әртүрлі кең көлемді ісіктерде; Қарсы көрсетпелер: • Тік ішектің іріңді қабынуы, жарылуында, қан кетуде; • Жедел аппендицит; • Ішектерге операция жасағанда; • Тік ішектің түсуінде; Қажетті заттар: Жане шприці немесе резеңке груша , бір рет қолданылатын жел шығаратын түтік, залалсыздандырылған вазелин, клеенка, 37-38˚С –қа дейін су моншасында жылытылған 100мл 10%-NaCL-ерітіндісі немесе 20-30% 50мл магний сульфат ерітіндісі, бір рет қолданылатын биялай, бетперде, залалсыздандырылған салфетка, жаялық, шымылдық. Майлы клизма Мақсаты: емдік мақсатта тоқ ішектің төмеңгі бөліктерін тазалау. Көрсетпелер: тазалау клизмасы нәтиже бермегенде, іштің қатуында, іш қуысына операция жасалғаннан кейін алғашқы күндерде, босанудан кейін. Қарсы көрсетпелер: • Тік ішектің іріңді қабынуы, жарылуында, қан кетуде; • Жедел аппендицит; • Ішектерге операция жасағанда; • Тік ішектің түсуінде; Қажетті заттар: Жане шприці немесе резеңке груша, бір рет қолданылатын жел шығаратын түтік, залалсыздандырылған вазелин, клеенка, 37-38˚С –қа дейін су моншасында жылытылған 50-100мл майлы ерітінді (дәрігердің тағайындауы бойынша), бір рет қолданылатын биялай, бетперде, залалсыздандырылған салфетка, жаялық, шымылдық. Міндетті шарттар: майлы клизмадан соң науқас бірнеше сағат жатуы керек, сондықтан майлы клизманы түнде қойған дұрыс. Дәрілік клизма Мақсаты: емдік мақсатта тік ішекке дәрілік заттарды енгізу және оның сорылуын қамтамасыз ету. Көрсетпелер: ағзаның көп сұйықтық жоғалтуы, қоректік заттарды ауыз арқылы жіберуге мүмкіндік болмаған жағдайда Қарсы көрсетпелер: • Тік ішектің іріңді қабынуы, жарылуында, қан кетуде; • Қатерлі ісіктер; • Ішектерде операция жасағанда; • Тік ішектің түсуінде; Қажетті заттар: Жане шприці немесе резеңке груша, бір рет қолданылатын жел шығаратын түтік, залалсыздандырылған вазелин, клеенка, 37-38˚С –қа дейін су моншасында жылытылған 50-100мл дәрілік зат (дәрігердің тағайындауы бойынша), бір рет қолданылатын биялай, бетперде, залалсыздан- дырылған салфетка, жаялық, шымылдық. Міндетті шарттар: дәрілік клизманы тазалау клизмасынан соң жүргізу қажет. Тамшылы клизма Мақсаты: емдік мақсатта тік ішекке дәрілік заттарды енгізу және оның сорылуын қамтамасыз ету. Көрсетпелер: ағзаның көп сұйықтық жоғалтуы, қоректік заттарды ауыз арқылы жіберуге мүмкіндік болмаған жағдайда Қарсы көрсетпелер: • Тік ішектің іріңді қабынуы, жарылуында, қан кетуде; • Қатерлі ісіктер; • Ішектерге операция жасағанда; • Тік ішектің түсуінде; Қажетті заттар: тазалау клизмасына арналған жүйе, дәріні тамшылатып жіберуге арналған жүйе, штатив, залалсыздандырылған вазелин, клеенка, 37-38˚С –қа дейін су моншасында жылытылған 50-100мл дәрілік зат (дәрігердің тағайындауы бойынша), бір рет қолданылатын биялай, бетперде, залалсыздандырылған салфетка, жаялық, шымылдық, жылытқыш t-40-45˚С Міндетті шарттар: дәрілік клизманы тазалау клизмасынан соң жүргізу қажет, енгізілетін ерітінді 40-42˚С-ке дейін жылытылған болуы керек. Ұштық, жел шығаратын түтік, асқазан зонды манипуляция жасағаннан соң залалсыздандыру алдындағы өңдеудін бірінші үш кезеңінен өтеді: 1. 0,06% деохлор ерітіндісі бар бөлек ыдыста жуады. 2. 0,06% деохлор ерітіндісіне 1 сағатқа салып қояды. 3. Ағынды су астында шаяды. Залалсыздандыру алдындағы өңдеуден соң, резеңке бұйымдар автоклавқа салынады: қысым 1,1 атм, t-120°С, уақыты 45 минут. Жел шығаратын түтікті қолдану алгоритмі Мақсаты: ішектегі газдарды сыртқа шығару. Көрсетпелері: метеоризм, ішек атониясы, дәрілік клизманы қойған кезде Қарсы көрсетпелер: ішектен қан кету, тік ішектің төмен түсуі. Жабдықталуы: стерильді жел шығаратын түтікше, стерильді астауша, вазелин майы, стерильді таңу материалы, биялай, шымылдық, халат, үлкен жаялық, дәрет ыдысы, шпатель. Міндетті шарттар: жел шығару түтікшесі 1 сағатқа дейін қойылады.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 10; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.224.55.193 (0.009 с.) |