Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Медбике жұмысын ұйымдастыру.

Поиск

Мейірбикелік үрдістің негізгі бес кезеңі бар:

I кезең - мейірбикелік тексеріс немесе пациенттің қажеттілігін анықтау үшін және мейірбикелік күтімге керекті ресурстар жағдайларын бағалау.

II кезең - пациенттің мәселелерін анықтау. Бұл кезеңді пациент жағдайын мейірбикелік диагностикалау деп атауға болады.

III кезең - пациентке қажетті көмектерді жоспарлау.

IV кезең – жоспарды жүзеге асыру

V кезең – мейірбикелік күтімінің қорытынды бағасын шығару.

Мейірбикелік үрдістің құжаттары пациенттің жағдайын бақылау картасында жүргізіледі.

Мейірбикелік технологияның жаңа жетістігі денсаулық сақтау практикасына кәсіби іс әрекетінің стандарттарын қолдану арқылы мейірбикелік қызметті енгізу болып табылады.

Стандарт - бұл бірыңғай және міндетті түрде қолданылатын үлгі, норма. Стандартты күту жоспары – пациенттің белгілі бір мәселелері бойынша сапалы күтімді қамтамасыз ететін мейірбикелік қызымет көрсетуінің базалық деңгейі. Жекелік күту жоспары – мейірбикенің іс-әрекетінің толығыменжазбаша тізімін алу. Сондықтан жекелік күту жоспарын орындау үшін, мейірбике арнайы күтім стандарттарын білуі қажет.

Қазіргі кездегі мейірбике ісінің мәні - бұл мейірбикелік тәжірибенің ғылыми әдісін, яғни мейірбикелік процесті қолдану арқылы науқасқа күтім жүргізу.

Мейірбикелік үрдісті жүзеге асыру үшін мейірбике білуі қажет:

• әртүрлі аурулардың қауіп факторларын, клиникалық көріністерін, асқынуларын, алдын алуды;

• шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету шараларын;

• ішкі мүшелер аурулары кезіндегі науқастардың мәселелерін, мейірбикелік үрдістің мәнін.

Мейірбике істей білуі қажет:

• мейірбикелік үрдіс бойынша науқастардың мейірбикелік күтімін ұйымдастыруды;

• емдеу-диагностикалық және алдын алу шараларын жүргізу кезінде жауапкершілікті аткаруды;

• алғашқы медициналық көмекті көрсетуді; жүрек-өкпелік реанимацияны жүргізуді, паллиативті көмек көрсетуді;

• күтім мен өзін-өзі күту сұрақтары бойынша науқасты және туыстарын үйрету;

• кәсіптік қызмет барысында науқастармен, әріптестермен қарым-қатынаста болу.

Осы оқу құралында нақты жағдайлардағы мейірбикелік үрдістің үлгілері, мейірбикенің кейбір іс-әрекеттері ұғынылады. Оларды меңгеру -терапевтік науқастармен жұмыс істеу кезінде жауапсыздыққа және немқұрайлыққа жол бермейтін мейірбикенің кәсіпкерлілігінің кепілі.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 10; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.116.49.243 (0.01 с.)